Қазақ әдебиетінің



бет13/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Ақынның өмірі. Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы

мәлімет мүлдем аз сақталған. “Құтты

білік” дастанының авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ бұл алғы сөздерді Жүсіптің өзі емес, кейінірек дастанды көшірушілердің бірі жазған болса керек.

Жүсіп Баласағұн өз өмірі мен ақындық кызметі жайындағы кейбір деректерді “Құтты білік” дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы өзі жазған мәліметтерге қарағанда, Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағүн шаһарында туылған. Академик В. В. Бартольдтың пайымдауынша, Баласағұн қаласы Жетісу өнірінде, Шу өзенінің бойындағы Тоқмақ қаласына жақын жерде болған.

Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да зор роль атқарғаны мәлім. Ақынның “Құтты білік” дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйіт емес. Бұл дастанға қара-сөзбен жазылған кіріспеде ақын: “Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туылған..., осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың өміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім” дейді.

Ақын Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда (6495 және 6623 бәйіттер) екі рет ескертеді. Бұл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітіргенін автор шығарманың текстерінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажиб бұл еңбегін жасы егде тартып қалған шағында жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: “Елуге де кеп қалдық... Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық” (364—365 бәйіт-тер) дейді.

Сөйтіп, осы шығарманы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015—1016 жылдары туылған деп шамалаймыз. Ал, 1070 жылы ол “Құтты білікті” жазып болып, сол жылы оны “хандардың ханына” тарту өткенін жоғарыда айттық. Бұл тартуға риза болған Бограхан ақынға: ұлы хас хажиб “бас кеңесшіміз” немесе “ұлы уәзір”

156


(патша сарайындағы қызметкерлердін. басшысы) деген жоғары атақ береді.

Ақын “Құтты білікте” қандай адам “ұлы хас хажиб” болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады. Ұлы Хас Хажиб — әмірші-патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ ұлы уәзір — қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан өмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Богра ханға жеткізіп отыруы тиіс. Бұған қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын “Құтты білікте” өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.

Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғаны туралы айта келіп, былай дейді:

Әрәбчә тажікчә китабләр укуш,

Бізніқг тілімізгә бу иумғи оқуш.

Мазмүны:


Арабша, тәжікше кітаптар көп,

Ал, бұл —біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

“Біздің тіліміз” деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім.Сондай-ақ бұл дастанға қарасөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: “Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан халықтарында түркі сөздерімен, бограхан тілінде жазылған бұдан артық” кітап жок. Табғаш Қара Богра хан әулеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен тараған жазба-әдеби тіл кезінде “бограхан тілі” деп те айтылған.

Сонымен, “Құтты білік” дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі түркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С. Е. Малов “Құтты білік” кене үйғыр тілінде жазылған десе, А. М. Щербак қарлүқ тілінде, Г. Ф. Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма

157

қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.



Ал біздің ойымызша, қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амурдарияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортак әдеби тілде жазғаны даусыз. Оның үстіне, есімі күллі әлемге мәшһур шығыстанушы-ғалым В. В. Бартольдтың: “Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес” деген әділ пікірін ұмытпау керек.

Жүсіп Шамамен X ғасырдың орта кезінде Жетісу Баласағұның мен Шығыс Түркістан территориясында

қоғамдық- қалыптасқан Қарахан мемлекеті бірте- бірте элеуметтік ұлғайып, XI ғасырдың екінші жартысында көзқарасы. қуатты мемлекетке айналғанын жоғарыда айттық. Ал, кейінірек ол Сырдария мен Амудария аралығындағы Мауаран-нахрды жаулап алған соң, бұл ел дербес екі мемлекетке — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлініп кетті. Жетісу өңірі мен Шығыс Түркістан — шығыс қағанат -құрамына еніп, оның саяси орталығы Баласағүн шаһары маңындағы Қара-Орда, Күз-Орда қалалары, кейінірек Қашқар шаһары болды. Ал, батыс қағанатқа — Мауараннахр кіріп, астанасы Үзкент, кейінірек Самар-қан болды. Әйтсе де Қарахан мемлекеті бір орталыққа бағынбайтын, қоғамдық-саяси жағынан да, халқының этникалық құрамы тұрғысынан да, өндіргіш күштер мен мәдениетінің даму дәрежесі бойынша да әркелкі сатыдағы тайпалардан кұралған сан қилы уәлаяттар мен өлкелердің федерациясы еді. Осы ұзақ уәлаяттар мен өлкелердің әкімдері билік үшін кырық пышақ бо-лып соғысып, елдің іштей ыдырап кету қаупін туғызды.

Сөйтіп, бұл елде XI ғасырдың орта кезінде қоғамдық дамудыц әртүрлі дәрежесіндегі өлкелер мен уәлаяттар арасындағы қым-қиғаш соғыс, аласапыран арпалыс тынымсыз жүріпжатты. Енді осындай қиын жағдайда мемлекетті қалай басқару керек, оның ішкі және сыртқы тәртібін сақтап отыру үшін қандай заң-ережелер қажет, елді басқаратын патша мен сарай қызметкерлері, оларға бағынышты диқандар, малшылар, т. б. қоғам мүшелері арасындағы өзара қарьш-қатынас қандай

158

болу керек деген сұрақтар туа бастады. Өмірдің өзі; алға қойған бұл сауалдарға жауап ретінде нақ осы кезде “Құтты білік” дастаны жазылды.



Бұл дастан — мемлекетті басқару әдістерің адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасьш қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды. Дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың түрлі кәсіп иелерініи. мінез-құлық нормалары қандай болу керек олардың әр-қайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс екені баяндалады.

Сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет, т. б. мәселелерді ғұлама-ақын өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жырлайды. Сәйтіп, Жүсіп Баласағұн бір жағынан — өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші жағынан —өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, үстем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. “Құтты білік” дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары “Адабул-мүлік” (“Әкімдердің әдептілігі”) деп ал Мешін жұрты “Айнқұл-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), Шығыс елдерінің әкімдері “Зийнатул-умаро” (“Әмірлердің сән-салтанаты”),- парсылар “Шаһномаи туркий” (“Түркілердің шаһнамасы”), турандықтар “Құтадғу біліг” (“Құтты білім”) деп атайды.

Бұл атаулардың қай-қайсысы болса да Жүсіп Баласағұн дастанының мемлекетті басқару істеріне, адамгершілік-мораль мәселелеріне арналғанын аңғартады.

Құтты Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты



біліктің” білік” дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып

зерттелуі. жеткен үш: нүсқасы бар:

Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. -Ал, дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен кешірген адамның есімі — Хасан Қара Сейіл.

159

Дастанның осы Вена (Герат) нұсқасының тағдыры қызық. Бұл қолжазба әлде кімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізіледі. Ал, 1474 жылы “Құтты білік” қолжазбасын біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді.Арадан үш жүз жылдай уақыт етеді. 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пуршаль Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген кезінде біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы Корольдік кітапханаға сыйға тартады.



Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін колжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясынын. Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба ССРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.

Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. 3. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. “Құтты білік” дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбек ССР Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.

Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды қазіргі өзбек әрпі негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттама-сымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды.

Әрине, жоғарыда аталған үш қолжазбаның әр-қайсысының өзіндік ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ғалымдар үш нұсқаны да өзара салыстыра зерттеп, “Құтты біліктің” ғылымға негізделген толық текстін жасап шығу үшін көп еңбек сіңірді.

“Құтты білік” дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасез бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы “Азия журналында” бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.

Бұл істі кейінірек венгер ғалымы Герман Вамбери колға алды. Ол дастанньщ бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс. тіліне аударды, оған түсінік беретіндей

160

сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы “Құтты білікті” жеке кітап етіп шығарды.



Әйтсе де мұның бәрі әлі алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы ғана еді. “Құтты білікті” кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келелі істер тындырған адам академик

В. В. Радлов болды. В. В. Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы (1890— 1910) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда осы кезде “Құтты біліктің” бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты В. В. Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатьш койды. Өйткені алдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажет еді.

“Құтты білік” дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е. Э. Бертельс, А. Валитова, К.Каримов, С. Муталлибов сияқты совет ғалымдары мол үлес осты.

Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев “Құтты білік” дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері” (Дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде “Құт-ты білік” дастанының тұпнұсқаға мейлінше жақын позтикалық аудармасын жасап шықты.1



Дастанның “Құтты білік” дастанының басты идеясы

құрлысы төрт принципке негізделіп жазылған:

мен сюжеті. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейне-сі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттын, қоғамдык ролі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.

Тертіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.



1 Жүсіп Баласағун. “Құтты білік” (Кене туркі тілінен аударған Асқар Егеубаев). “Жазушы” баспасы, 1986. Дастанның поэтикалық

аудармасын осы кітап бойынша беріп отырмыз — Н. К. 6-93

161

Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлен) тұрады. Бұл —13. 000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.



“Құтты білік” дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманын. әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.

Күнтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жиһанға есімі мәшһур болады. Құдіретті де, әділ патшаның атақ-даңқын есітіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп алыс жолға аттанады. Ұзақ сапарда кәп қиыншылықтарға ұшырап ақыры Күнтудыны іздеп табады. Патша алдымен Аптол-дыны жан-жақты, әбден сынап көреді. Ақыры оны патша өзіне уәзір етіп алады. Патша енді мемлекеттің барлық істерін уәзіріне сеніп тапсырады. Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта түседі.

Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды күндердің күнінде жарық дүниемен мәңгілікке қоштасады. Уәзір ажал төсегінде жатып, Күнтуды патшаға және жастай қалып бара жатқан баласы Ұғдүлмішке өсиет-уағыз айтады. Арада талай жылдар өтеді. Үғдүлмүш ер жетіп, Қүнтуды патшаның қарамағьша қызметке кіреді. Ол жас та болса, аз уақыттың ішінде-ақ өзінің іскерлігімен, білгірлігімен, адамгершілігімен көзге түседі. Бірте-бірте ол әкесінің орнын басып, патшаның ең жақын, сенімді адамы болады. Патша енді мемлекет істерін соған тапсырады. Ұғдүлміш ел басқару ісін әкесінен де жақсы жүргізеді. Ел-жүрттың бақ-дәулеті еселеп артып, ол басқарған мемлекет жайқалған гүлстанға айналады.

Бір күні патша онымен әңгімелесіп отырып, ¥ғдүлмішке көмекші болуға жарайтындай білгір, іскер адам керектігін айтады. Сонда Үғдүлміш іске әбден лайықты бір туысқаны бар екенін ескертеді. Ол адамнын аты Одгүрміш екен.

Патша Үғдүлмішке калайда сол.кісіні тауып, маған ертіп әкел деп етініш жасайды. Ұғдүлміш көп іздеп, ақыры Одгүрмішті табады. Бірақ ол бүл өмірдін. бар қызығынан безіп, тәркі дүние жолына

162


түскен дәруіш болып, тау кезіп кеткен екен. Дана-дәруіш бес күндік пәни өмірдік күйбең-тіршілігіне қайтып оралғысы келмейтінін айтып, патша сарайындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, дүние-мүліктен бас тартады.

Патша Ұғдүлмішті үш рет жұмсап, Одгүрмішті сарайға қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші мәрте шақыртқанда дана-дәруішті қызметке емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем айтады. Сонда ғана Одгүрміш патшаға келеді. Екеуі ұзақ сұқбат кұрады. Бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап береді. Содан кейін Одгүрміш қайтадан дәруіш дорбасын асынып, тауға қарай кете барады.

Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Ұғдүлмішті ауыр ойға салады. Адам жасы келіп, қолына таяқ ұстағанда бұл өмірдің, күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүниелік дәруіш болып кету керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын өле-өлгенше істей бергені жен бе? Ұғдүлміш осы сауалға жауап таппай дел-сал болады. Ақыры ол таудың бір үңгірін мекен еткен дәруіш — Одгүрмішке барады. Дәруіш оған: бұл өмірде адамдар үшін еңбек ету сауап іс, сондықтан өз міндетіңді бұрынғыша адал атқара бер деп кеңес береді. Ұғдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз қызметіне қайтып оралады.

Жылдар жылжып өте береді. Бір күні Одгүрміш ауыр науқасқа шалдығып, Ұғдүлмішті шақыртады. Ол келеді. Дәруіштің жазылмас кеселге ұшырағанына Үғдүлміш қатты қайғырып, өзегі өртене күйіп-піседі. Ақыры Одгүрміш дүниеден өтеді. Ал, Үғдүлміш өз ісін одан әрі жалғастыра береді. Дастанның хикаясы осы-мен бітеді.

Әрине, “Құтты білік” дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаһармандарының басыйан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауапта-рында жатыр.

Шығарманың негізгі тематикалық бағыт-бағдарын автор дастанның басты қаһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады. Мәселен, ел-жұртты басқарып отырған патшаның

163

есімі Күнтуды болып, мұның өзі аллегориялық тұрғыдан әділдікті, шындықты бейнелеп көрсетуі тегін емес. Сондай-ақ патшаның уәзі-рі Айтолды да бақ-дәулеттің символы ретінде көрінеді. Шығармада аспандағы айдың дөңгелешп, толуы — елдің бақ-дәулетінің кемеліне келгенін аңғартады. Ұғдүлміш—ақыл-парасаттың бейнесі ретінде алынғаны бесенеден белгілі болып тұр. Ал, Одгүрміш адам бойындағы қандай қасиетті бейнелеп көрсетеді? Мұны бірден түсіну қиын. Әйткені оны басқа қаһармандар секілді автордың таныстыру сөзімен емес, тек шығарма текстін оқып барып қана түсінуге болады. Одгүрміш бейнесі — әрбір адам қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы аңғартады.



Сонымен, “Қүтты білік” дастанының сюжеттік белімі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Айталық, дастанның 14—20 тараулары Күнтуды мен Айтолдының өзара әңгімесі болып келеді. Ал, Айтолды мен Одгүрміш арасындағы сұқбат шығарманың 21—22 тарауларында баяндалады. Күнтуды мен Ұғділміштін, диалогіне автор дастаннын, 24—38 және 72 тарауларын арнаған. Бұдан кейін Үғдүлміш пен Одгүрміш (40—44, 46—67 тараулар), Күнтуды мен Одгүрміш әңгімелері (70—71 тараулар), Айтолдының Қүнтудыға жазған хаты (23 тарау), Күнтудының Одгүрмішке жолдаған екі хаты (39, 45 тараулар), Одгүрміштің Күнтудыға арнаған сәлем хаты (44 тарау) болып келеді.

Қорыта айтқанда, “Құтты білік” дастанын композициялық қүрылысы тұрғысынан қарасақ, шығарманың әрбір тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық, т. б. мәселелерге арналған. Соның өзінде автор шығарма желісін үзіп алмай, дастанның бір тарауын екіншісімен сюжет арқылы шеберлікпен жалғастырып отырады.



Ел басқарған Құтты білік” дегенде айтылатын “білік”

әкімдер формасының екі түрлі мән-мағынасы бар. Бірі—

бейнесі. “білім”, екіншісі—“билік ету”, “басқару”. Ал, құ-тадғу” сөзінің негізі “құт” сөзінен яғни “бақыт” екені мәлім. Сонымен бірге, “құтадғу” сөзі “мәртебелі” деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В. В. Бартольд кезінде кітаптың атын орыс тіліне “Бақыт сыйлайтын

164


білім” (“Знание, дарующее счастье”) немесе “Патшаларды ақылға шақыратын білім” (Знание, образующее царей”) деп аудару жөнінде ұсыныс жасаған.

Ал, С. Е. Малов дастанды “Бақыт кітабы” (“Книга счастья”) яки “Бақытты етуші басқару” (“Осчастливливающее управление”) деп аудару женінде пікір айтқаны мәлім. Зерттеуші А. А. Валитова “Құтадғу білігті”— “Басқару туралы білім” (“Наука об управлений”) деп аударады.

Бұл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын деуге болады. Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі әлеуметтік топтағы адамдардың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жайында екенін аңғартады. “Құтты білік” дастанын тұңғыш рет орыс тіліне толық поэтикалық тәржіма жа-саған С. И. Иванов бұл мәселеге өзінше келіп, дастанды —“Құтты білім” (“Благодатное знание”) деп өте сәтті аударған1. Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағұн дастанының негізгі идеясын айқын білдіріп тұр.

Сонымен, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін қоғамдық әлеуметтік тұрғыдан терең түсінген ғұлама-ақынның Құтты білік” дастанында көтерген ең басты мәселелердің бірі — ел басқару мәселесі. Елді, мемлекетті қалай басқару керек? Ел басқаратын адамда қандай қасиеттер болуы шарт? Міне, автор осы сауалдарға өз заманының оқыған, көзі ашық ойшыл азаматы ретінде, әрі феодал табының мүддесін қорғайтын екілі ретінде жауап береді.

“Құтты білік” дастаны Қарахан әулеті үстемдік жүргізген орта ғасырдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелерге арналған. Жүсіп Баласағұн мемлекет пен патша, әкімдер мен қарапайым халық, патша сарайының қызметкерлері, олардың праволары мен міндеттері, феодал-клерикал топ пен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас туралы оқырманға ой салады.

Ақын ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.

Автор әңгімені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам — ақыл парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік,

1 Юсуф Баласагунский. Благодатное знание. М., 1983.

165


қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады.

Жүсіп Баласағұн ел басқарған әкімдерді сол кезде хан сарайында кең тараған жаман қылықтардан сақтандырады:

Бек халықты тек білікпен сендірер,

Барлығын да ақылына жеңдірер.

Бек дегенің білікпенен берік тұр,

Білік кетсе, бек қалады — желік құр...

Халыққа жақ, көңілі — тоқ, көзі тоқ,

Оны — терең, тілі — майда, сөзі — шоқ...

Егер бегі қиянатшыл, сұм болса,

Халқы сорлап, күн көре алмас құл да онша.

Зұлым күшпен бек ұзаққа бармайды:

Күш — зорлыққа халық шыдап қалмайцы.

Елді дана келсе ұзақ билегің,

Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегің!

Қара ішсе — малы желге ұшады,

Ішкіш бектің — тозар елі құсалы!

Алайда ел басқарған адам қанша зерек, қанша іскер болса да күллі мемлекетті, барша істі жалғыз өзі ойдағыдай басқара алмайды. Мемлекеттің күш-қуатьш нығайтып, ұлыстар мен кенттерді гүлдендіре түсу үшін әкімшілік нығайып, ел дәулеті еселеп артуы үшін патшаға істің көзін білетін адал, білімді көмекшілер керек. Ақын мұндай көмекшілердің бірі — әміршінің кеңесшісі, оның көрер көзі, есітер құлағы саналатын адамы, елдегі барлық істі қадағалап отыратын уәзірі, ал екіншісі — ләшкербасы дейді.

Жүсіп Баласағұн уәзір мен ләшкербасының міндеттері, ел басқарудағы олардың атқаратын ролі мен қоғамдағы орны туралы айта келіп, уәзір мен ләшкер-басын бір аттың басына салынған жалғыз шылбырдың екі жақ тізгініне ұқсатады. Бұлардың бірі — елді қалам-қағазбен басқарса, екіншісі — қылышпен жөнсіздерді жөнге салады:

Уазир ол, экінші сүбашлар әлем,

Бірісі қилыч тутти, бірі — қалам.

Бу эл бағын, өркі бү эккі түзер,

Бү эккі біріксә, аны кім ұзар.

Мазмұны:

Бірі — уәзір, екіншісі — лашкербасы.

Бірі — қылыш, ал екіншісі — қалам ұстаған.

166


Бұлар—ел тізгіні, ал тізгіннің екі жағы бар,

Екеуін тең ұстаса, оны ешкім үзе алмайды.

Ақын уәзір мен ләшкербасы қандай адамдар болу керектігін сипаттап береді.Сондай-ақ ақын: есік ағасы (патша сарайында болатын түрлі ресми салтанаттарды басқарушы адам), йалауач (елші), саркотиб (кеңсе қағаздарын жазатын адам), жұлдызшы (астролог-астроном), ағычы (казына ісін басқарушы), ханса (аспаз), ізічі баши (шекер-шәрбәт жасаушы), тағы басқаларға қажетті игі қасиеттерді егжей-тегжейлі сипаттап жазады. Мәселен, ақын елші болатын адамдарға өте жоғары талаптар қояды:

Елші ерекше, барлық елдің сарасы,

Артық біткен білім, ақыл-санасы.

Құдайдың ең асыл құлы — елшілер,

Ізгілерде ақылды, ұлы — елшілер!

Талай ізгі істі солар тындырар,

Ақылымен жауыздықты сындырар.

Жасқау керек қиялымен жасынды,

Тілге шешен, болу керек ақылды.

Зерек біліп, сөздің тысын, ішін де,

Түзей алса, елдің бұзық ісін де.

Мейірімді болсын көңілі, көзі тоқ,

Кұлқы жақсы, мірдей ұшқыр, сөзі — оқ.

Сұқ көзділер көзін ашып карамас,

Ондай пенде елшілікке жарамас!

Көзі тоқ ер кедейлігін білдірмес,

Сабырымен сараңдарға ілдірмес.

Кітапты оқып, сөздің мәнін түсінсе,

Өлеңді ұғып, ойды өлеңге түсірсе.

Жұлдыз танып, жори білсе түсті де,

Сөзі дәл кеп, емдесе оның үстіне.

Аңшы болса, ат кұлағында ойнаса,

Құралайды көзден атып, қоймаса.

Тілін ашса-ақ сайрап кетсе сан тілді,

Жазбаларды, білсе әріпті сан түрлі.

Елші ердің төрт құбыласы тең болсын,

Елде — кісі, сыртта бүтін ел болсын!

Міне, Жүсіп Баласағүн елші болатын адамға осындай жан-жақты әрі жоғары талаптар қояды. Әрине, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн мемлекет және оны басқару істері, әкімдер мен ел билеушілер жайында пікір айтқанда ең алдымен үстем таптың мүддесін қорғап, феодалдар әкімшілігін нығайта түсуді көздейді.

167

Ақын дастанда идеал болатындай патшаны, автордың өз қиялы-нан, халықтың қиялынан туған ел билеуші әділ әкімдерді армандайды. Солардың көркем бейнесін жасайды. Мұның өзі елдегі барша материалдық-рухани байлықты ез қолдарына жинап алған ат төбеліндей ғана үстем тап өкілдері мен қоғамдағы күллі игіліктен маһрум болған қалың еңбекші бұқараның арасындағы антогонистік, таптық қайшылықтарды ақынның жете түсінбеуінен туған кемшіліктер еді. Оның үстіне, Жүсіп Баласағұн тарнх сахнасына, әдебиет аренасына феодал табының көзі, ашық өкілі ретінде шыққанын да ұмытпағанымыз жөн.



“Құтты білік” дастанында ақын “елдің (яғни халықтың) әкімдерге” қоятын және “әкімдердің елге” қоятын талаптарын ашып айтқан. Дастанда ақын ел билеген әкімге қарата мынадай сөздер айтады: “Ей, әкім, халықтың сенде үш түрлі ақысы бар, сен сол ақысын төле, сөйтіп, өз жаныңа жәбірлік жасама. Бұл ақының бірі: ақшаның нарқын көтеру, ақша құрамындағы алтын мен күмістің үлесін арттыру әрі оның төмендеп кетпеуін қадағалап отыру. Тағы бірі: ел үшін сенімді, берік және әділ заңдар шығар, мұны ел сенен күтеді. Үшіншісі: жолдарды қарақшылардан, адам елтірушілерден тыныш етіп, сақтай біл”.

Бұл пікірлер ақын өмір сүрген дәуірде елдегі ішкі және сыртқы сауданың мейлінше еркендегенін көрсетеді. Ақынның әкімдерге қойған талаптарының екеуі (ақшаның нарқын арттыру және жолды қарақшылардан кору) халықтың емес, ірі саудагерлердіқ талап-тілегі болып шығады.

Сонымен бірге, автор “әкімдср елге” мынадай үш талап қоюға праволы деп есептейді; “Ей елдің көсемі, халықтың өзіңе қойған үш талабын орындағаныңңан кейін, өзің де халықтан төмендегі үш нәрсені талап етуге құқықты боласың: Бірі — сен қандай жарлық (заң) шығарсаң да жұрттың бәрі оны сөзсіз тез орындауы керек. Екіншісі — мемлекет салықтарын өз уақытында жомарттықпен мемлекет қазынасына тапсырып түрсын. Үшіншісі — бүкіл халық досына — дос, дұшпаныңа — дұшпан болу керек”.

Ел билеушілердің еңбекші халыққа қоятын бұл талаптарының бәрі феодалдық мемлекетті нығайта түсуге әрі қалың бұқараның үстем тапқа тәуелділігін арттыра түсуге бағытталған.

168

Жүсіп Баласағұнның қоғамдық-әлеуметтік қөзқарасын әңгіме еткенде мықтап ескеретін аса маңызды бір' жәйіт бар. Арамтамақ феодал табының әбден еріккен өкілдері еңбекші халыққа ойына келген зұлымдығын жасап, елді надандық пен қатыгездік, ұрлық пен маскүнемдік, қанағатсыздық пен әділетсіздік, опасыздық пен өтірік-өсек қара түнектей қаптап алған қилы заманда ақынның адамгершілік, әділет, қанағат, мейірімділік, оқу-білім, ақыл-парасат, т. б. жөнінде сөз қозғауының өзі прогрессивті құбылыс болды.



“Құтты білік” дастанының авторы кедейлер, аш-жалаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал-дүниесін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді:

Иетим, етсүзүг йа тол толсақиғ,

Иа кезсүз, йа елдрүм, йама ахсақиғ.

Мазмүны:


Жетімге, жесірге, үйсізге қарайлас,

Соқырға, қартқа, ақсақ-тоқсакқа көмектес.

Бұл пікірлер ақынның таптық қоғамның қанаушылық табиғатын түсінбегендігін аңғартады. Соның өзінде, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның өмірге философиялық көзқарасы Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу ибн-Сина секілді орта ғасыр ақыл-ой алыптарының ықпалымен қалыптасқанын естен шығаруға болмайды. Рас, ақын өзінің ұлы ұстаздары секілді материяның жаралуын рухани күшпен байланыстырып қарайды. Жүсіп Баласағұнның қоғамға көзқарасынан материалистік тенденция айқын сезіліп тұрса да, материяның бар екенін ақын мойындаса да, бәрібір ол сана-сезімді, рухты бірінші орынға қояды..

Алайда бұл дәуірде ислам дінін уағыздаушылар табиғатты, әлемді, еш нәрсені зерттеп білу мүмкін емес, адам өмірдегі құбылыстардың сырын білуге әрекет жасамауы керек, әйтпесе кұдайдың қаһарына ұшырайды деп ғылымның дамуына тыйым салмақ болды. Міне, осындай кезеңде Жүсіп Баласағүн: дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ, адамның ақыл-парасаты құдіретті, ол өмірдегі барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге қабілетті деген пікір айтты. Мұның өзі сол заман үшін аса батыл, прогрессивті көзқарас еді.

169


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет