Қазақ әдебиетінің


мінез-кұлық Сондықтан дастанда негізінен адамңың мінез мәселесі



бет15/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

мінез-кұлық Сондықтан дастанда негізінен адамңың мінез

мәселесі. -кұлық қағидалары, адамгершілік, этика, әдептілік, т. б. моральдық мәселелер әңгіме болып, ақын осылар жайында өз оқушысына ғибрат сөздер айтады.

Автор оқушысын әдепті, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, босқа көп сөйлеп, мылжың болмауға шақырады.

Ал, әдептіліктің басы — тілге сақ болу деп үйретеді:

Білімдіден қалған бір сөз тағы бар:

Әдептіге “үндемес” ат тағылар.

Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,

Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.

Сөз есепсіз — тіліңді тый, тарт, ұста,

Тыймаған тіл басына сор әр тұста.

Есепті сөз — ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді “жау”— деп ұғын тартыста.

Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,

Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.

Оқ жарасы жазылады, бірақ та

Тіл жарасы жазылмайды: түбі не?

Сөйтіп, ақын “тілді тыйып ұстау — әдептіліктің, білімділіктің белгісі деп біледі.

Ақын қашанда әбден ойланып алып, сосын ғана сөйлеу керектігін ескертеді. Өйткені жаман сөз адамның жан-дүниесін жаралайды. Оқ жарасы — жазылар, ал ащы тіл салған жара жазылмас дейді.

Ахмед Иүгінеки адамгершіліктің тағы бір көрінісі —

182

әділ болып, қашанда шындықты айту екенін нақты деректер келтіре отырып дәлелдейді. Шын сөз — бал секілді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді. Сондай-ақ ақын сыр шашпау, құпияны сақтай білу жөнінде де уағыз-ғибрат айтады.



Дастанның келесі тарауында жомарттық пен сараңдық туралы сөз қозғайды. Ақынның ойынша құрметке лайықты адамның бойындағы ең асыл қасиет — жомарттық. Жомарттық тұрған жерде алынбайтын асу жоқ жылымайтын жүрек жоқ. Ақын ұдайы жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарсы қойып көрсетеді:

Жұмсармас, иілместі жомарт иер,

Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер.

Мақтайтын бақылдарды жан шыға ма,

Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер.

Ақын жомарт жандарды зор ықыласпен, жан-жүрегімен беріле жырлайды. Дастанның авторы үшін жомарт болу—әдеттегі мінез-құлық нормасы ғана емес. Ақынның бұл тақырыпқа көбірек көңіл бөлуінің әлеуметтік сыр себептері бар.

Ахмед Иүгінеки өмір сүрген дәуірде феодалдық қоғамның негізгі қайшылықтары енді ғана шындап шиеленісіп келе жатқан кезең еді. Өзгелердің еңбегін қанау арқылы қоғамдық өнім бөлісінен қыруар мол үлес алған ат төбеліндей шонжарлар өз байлығын одан сайын арттыра түсу үшін адамгершілік нормаларын аттап өтуден де шімірікпеді. Ал, қалың бұқараның материалдық және моральдык жағдайы күн сайын күйзеліп бара жатты. Міне, осындай қиын-қыстау жағдайда феодалдық қоғамның қанаушылық табиғатын жете түсінбеген ақын бай кісілерді мейірімділікке, жомарттыққа шақыру арқылы мұқтаж жандарға өзінше көмектеспек болады.

Ахмед Иүгінеки адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт, әрі білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп үміттенеді:

Өмірде жақсы мінез —“жомарт” деген,

Жаман ат —“сараң”, тәуір сөз ермеген.

Берген қол бәрінен де құтты болар,

Сол жаман — ала біліп, түк бермеген.

Жазылмас сараң — ауру емдегенде,

Қарысар қолы тастан “бер!”— дегенде.

Көзінің сұғы тоймай тіміскілеп,

Болады малдың құлы ерлегенде.

183

Сақылық — ел ішінде бір төбе де,



Абырой атақ сонда, мәртебе де

Бол жомарт, халықты сол сүйсіндірген

Кейін де, бүгінде де, ертеде де.

Мал жиып бақыл ашкөз дірілдеген,

Күні жоқ бірін ішіп, бірін жеген.

Досына тірісінде дәм таттырмай —

Өлген соң жаулары жер дүрілдеген.

Адам бойындағы асыл қасиеттердің ең бастысы жомаргтық екенін айта келіп, ақын аш-жалаңаштарға қол ұшын беруден артық игілікті іс жоқ деген қорытындыға келеді.

Бұдан кейін ақын кейбір жандардың мінез-құлқына тән теріс қасиеттерді әңгіме етеді. Солардың бірі — сараңдық. Пейілі өте тар, мейлінше қытымыр, ешкімге ешнәрсе ауыспайтын адамдарды ақын өлтіре сынайды. Дастанның авторы: сараң жан қандай мұрат-мақсатқа жетеді деген сауал қояды. Ақын оған өзі жауап береді. Пейілі тар адам түрлі арамдық жолмен қыруар алтын-күміс жинайды. Бірақ соның бәрін өзімен бірге молаға әкете ме? Өзі өлген соң тірі кезінде жұрттан қызғанғаны қызыл итке жем болады. Сондықтан ақын өз шығармасында “алаған қолды береген” болуға шақырады:

Мінездің жақсысы, әдеттің мінсізі —

Біліп қой, жомарттық. Ол — сараңның айнасы.

Колдың бақыттысы — беруші кол.

Алған, бірақ бермеген қол — қолдың құтсызы.

Сараңдық — емдегенмен жазылмайтын ауру.

Сонымен бірге, Ахмед Иүгінеки оқушысын сол заманның әдет-ғұрпын сақтап, түрлі заңдарын орындап отыруға, қара қылды қақ жаратындай әділетті болуға, әлсіздерге күш көрсетпеуге, кемтарларға қолғабыс тигізуге, нысапты болуға шақырады.

“Ақиқат сыйы” дастанында сондай-ақ тәкаппар, паң өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойьш суреттейді.

Меңмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал, карапайымдылық — кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді:

184


Тағы бір керекті сөз — айтам дастан,

Ұғып ал құлақ салып мендей достан.

Болып ал кішіпейіл өзгерместей,

Аластат тәкаппарлық ойды бастан.

Қайда да тәкаппарға атақ тағар,

Мінез бар қойдан жуас елге жағар.

Жаратпас Алла да, ел де ұлықсыған

Адамды “Мен, мен!”—дейтін кеуде қағар.

Тәкаппар, тонын киме—“біл!”—демегім,

Халықты кеуде керіп тілдемегін.

Нышаны момындықтын. — кіші пейіл,

Бол дағы кіші пейіл, дьш демегін.

Адам өмірге жамандық емес, жақсылық жасау үшін, игілікті істерді жүзеге асыру үшін келеді деген түйін жасайды.

Қорыта айтқанда, Ахмед Иүгінеки өз заманының прогрессивті ақыны, әрі білімді азаматы ретінде адам бойындағы әдептіліқ, мейірімділік, жомарттық, қарапайымдылық секілді ізгі қасиеттерді барынша мадақтайды: ал енді надандық, қатыгездік, сараңдық, тәкаппарлық тәрізді мінез-құлықтардан сақтандырады.

Ақын мінез-құлық нормалары жөніндегі өзінің философиялық-этикалық пікірлерін окушысына ғибрат сөз ретінде ұсынады. Алайда ғұлама ақын феодал-клерикал қауымының қоғамдық-таптық мәнін түсінбеді, өзі сынап отырған қатыгездік, сараңдық, надандық секілді адам мінезіндегі жағымсыз керіністердің әлеуметтік түп-тамырын аңғармады. Қоғамдық-таптық қайшылықтарды шешудің жолын дін мен шариғат арқылы іздеп табуға әрекет жасады.

Дастанның Ахмед Иүгінеки — әрбір сөзді ажарлап та,

көркемдік құбылтып та шбер пайдалана білетін сөз зергері. ерекшеліктері Дастан негізінен дидактикалық сарындағы

мен тілі. ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады.

Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. Мәселен, автор дастанда Ыспаһсаларды — текізге, ал өзін жауын тамшысына теңейді. Ал, мұндай тамшылар теңізге құйылып, қымбат бағалы маржанға айналалады дейді. Білімді адам — таза алтынға, надан кісі —

185

құны жоқ, жалған ақшаға, білімді әйел — ер жігітке, ал білімсіз еркек — әйелге, шын сөз — балға, жалған саз — пиязға теңеледі.



Ахмед Иүгінеки өмір жөнінде толғай келіп, “бұл дүние керуен сарай, оған біреулер енді ғана келіп жатса, екінші біреулер сол сәтте мәңгілікке аттанып кетіп жатады” деген бейнелі пікір айтады. Сондай-ақ, дастанда сараңдық — ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық — алқызыл роза гүлі деген секілді де теңеулер бар.

Ақын әдеби тілдің әсерлілігін арттыра түсу үшін екі бірдей ұғымды, құбылысты, сезімді, т. б. қатар қойып, жұптап суреттейді. Дәлірек айтсақ, сөзді айшықтап қолданудың бір түрі — параллелизм яки егіздеу әдісін зор шеберлікпен пайдаланады. Мәселен, дастанда: білімді — надан, жомарт — саран, тәкаппар — момын, атлас шәйі — бөз, адал — арам, ұзын — қысқа сияқты ұғымдар бір-біріне қарсы қойып суреттеледі. Мысалы:

Бу күн кеңду сучуг бу тирмақ сеңа

Ачық болға йарын қойуп бардуғуң.

Асал қайда ерса била арысы

Ары заһри татку асалдин оза.

Аудармасы:

Өмір тәтті бүгін қолың жеткенде,

Удай ащы ертең тастап кеткенде.

Қайда балы — сонда арасы бір жүрер:

Балдан бұрын татып көрші зәрінен.

“Ақиқат сыйы” авторы белгілі құбылысты айна-қатесіз, дәл бейнелейтін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер секілді теңеулер, қанатты сөздер тауып айтуға шебер. Мәселен, ақымақтың тілі — өзіне жау болып жармасады, сараң адам — өзі жинаған байлықтың құлы, жомарттық — сараңдықтың айнасы, білім — сарқылмас товар, т. б.

“Ақиқат сыйы” дастаны метрикалық жүйе, яғни созымды және созымсыз буындардың алмасып келуіне негізделген аруз (он бір буынды болып келетін — “мутакариб”) жүйесі бойынша жазылған.

Дастандағы бәйіттердің ұйқасына назар аударсақ, алғашқы төрт тараудың монорифма а-а, в-а, с-а болып ұйқасатынын аңғарамыз. Мәселен, екінші тарауда рифма: сэнга, онга, мәнга, минга, мунга секілді болып келеді. Үшінші тарауда басқаша: кани, ани, жани, ихсани түріне ұйқасып жатады. Тертінші тараудағы ұйқас

186

көбінесе дерлік бұйрық райда айтылады: қалсу деб, қилсу деб, булсу деб, тулсу деб, алсу деб, билсу деб, т. б.



Шығарманың бесінші тарауынан бастап ақын түркі тілдес елдердің халықтық поэзиясында мейлінше кең тараған — төрттік, яғни а-а-в-а ұйқасымен жазады:

Билиглиг сөзи панд насихат адаб

Билиглигни өгди ажам йам а р а б.

Таварсызға билиги туганмас товар

Хисабсызға билиги йарылмас х и с а б

Мазмұны:


Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үлгі-өнеге.

Білімдіні азиат та, араб та мақтады.

Малы жоққа — білім таусылмайтын мал,

Қаржысы жоққа — білім таусылмайтын қаржы.

Мұндағы: “адаб”, “араб”, “хисаб” сөздері өзара ұйқасып тұр.

Дастанда тек аффикс арқылы ұйқасып тұрған өлең жолдары да аз емес. Мәселен, жоғарыда айтылған: “сәнга”, “мэнга”, “атга” деген сөздерде тек қана аффикс “га” ұйқасып тұр, “сэн”, “мэн”, “ат”— өзара ұйқаспайды.

Ахмед Иүгінеки әрбір сөзді ажарлап, құбылтьш, айшықтап пайдаланады.

Сондай-ақ ақын өз заманының өлең жазу техникасын — жыр жүйелерін, ырғақ, ұйқас, т. б. зор шеберлікпен меңгергені жырларынан көрініп тұр. Әйтсе де ол қиын ұғымдар мен күрделі ұйқас түрлеріне онша әуестенбейді. Өйткені ақынның алдына қойған басты мақсаты — оқушысына барынша түсінікті болу.

“Ақиқат сыйы” дастаны да атышулы “Құтты білік” секілді Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының тілінде жазылған әдеби ескерткіштер тобына жатады.

Рас, “Ақиқат сыйы” дастанының тілі өзінен екі жүз жылдай бұрын жазылған “Құтты білік” тілімен салыстырғанда кейбір ерекшеліктері бар. Әсіресе “Ақиқат сыйының” лексикасы мен грамматикасында архаизм элементтері басым. Әйтсе де ақын архаизмді стилистік норма ретінде емес, яғни дастанды көркемдеу үшін емес, қайта кене түркі тілінің сол кез үшін әрі түсінікті, әрі ажарлы сөздері арқылы өз ойын түркі тілдес тайпаларға айқынырақ етіп жеткізу үшін пайдаланған. Бүгінгі оқушыға архаизм болып көрінетін кейбір лексикалық

187

элементтер Ахмед Иүгінеки заманында енді ғана әдеби тілдің нормасына айналып келе жатқан сөздер екенін ұмытпағанымыз жөн. Белгілі ғалым Ә. Н. Нәжіп сөзі-мен айтқанда, “Ақиқат сыйының” тілі —“Құтты білік” тілі мен кейінгі дәуірлерде өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып тұрған өтпелі көпір секілді деуге болады.



Біз “Ақиқат сыйы” дастанының идеялық-такырыптық бағытына, композициялық құрылысына, көріктеу құралдарына, жырдың метрикалық жүйесіне біршама талдау жасадық. Содан шығатын қорытынды: “Ақиқат сыйы” дастаны өз заманының көкейтесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидакти-калық сарында жазылған, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ әдеби мұра болып табылады.

“Совет түркологиясында айтылып жүрген пікірлерге ой жүгіртсек, басқа түркі ескерткіштері сияқты “Ақиқат сыйы” да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнияуи әдебиет көздерін ашып, олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын кұнды мұра болып табылады. Оның қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи маңызы туралы да осыны айтуымыз керек1.”

АХМЕТ ЯССАУИ

Диуани хикмат”



(“Даналық кітабы”)

Ахмет Яссауи — түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған оншыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи кезінде “жахрия” (экстаз) немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық-мистикалық ағымның негізін қалады.

Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның туылған жылы белгісіз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете келе Түркістан (ол кезде Яссы

1 Кітапта: Ахмед Иүгінеки. Ақикат сыйы. Алматы, 1985, 5-бет.

188


деп аталған) қаласына келіп түрады. Сол кезде атақты Арыстан Баб және Жүсүп Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие алған. Бүхарада оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.

“Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) — түркі тілді халықтардын, XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А. К. Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауыз-екі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жннақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты.

Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы ХУ-ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық кітабы” Қазан (1887 және 1901 ж.), Стамбул (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 ж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.

Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмат берілген. Соның 109 хикматы Яссауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.

Түркия ғалымы М. Ф. Кепрюлюзаде Ахмет Яссауи хикматтарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт-бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Яссауи поэзиясын ғылыми негізде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.

Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Яссауи жырларының осы басылымын негізге алып жүр. Белгілі орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А. Қ. Боровков, Г. Ф. Благова, т. б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті.

189

Сондай-ақ Ахмет Яссауи поэзиясын зерттеу ісіне Э. Р. Рустамов, Н. М. Маллаев, В. И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.



“Даналық кітабында” негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар: “шариғат”—ислам заңдары мен әдет-ғұрпының жинағы, “тариқат”—• сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, “маьрифат”—дін жолын танып, оқып білу; “хақиқат” құдай және оған жақындау. Ахыет Яссауидің ойынша, “Шариғатсыз,” “тариқат”2 “тари-қатсыз” “маьрифат”, “маьрифатсыз” хақиқат” болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

Түркі халқы ислам діні мен мәдениетін қабыл еткен соң бұрынғы көк Тәңірісіне табынуға негізделген мәжусилік сенімінен, әдебиетінең өнерінен, жалпы алғанда, алғашқы рухани мұрасынан айрыла бастаған еді. Сонымен бірге, араб-парсы тілдері мен исламның оқу-білімі бұқара халыққа көпке дейтін жат көрініп, түсініксіз болып келді.

Міне, осындай бір тарихи бетбұрыс кезеңінде өлең құрылысы жағынан көне түркі поэзиясының табиғатына жақын етіп жазылған, әрі оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген Ахмет Яссауи жырлары жергілікті халықтың рухани өмірінде зор роль атқарды. Ақынның “Даналық кітабы” атты жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой пікірлермен танысты

Рас, әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмет Яссауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген такаппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:

Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,

Кұлдық қылып, ғазиз жанды еткін кұрбан.

Тітам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,

Халықтан естіп бұл сөздерді айттым, міне...

Ғаріп, тақыр жетімдерді әркім сүйер,

Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.

Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.

Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны...

Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,

190


Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұтар.

Әйелін, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,

Әдек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...

...Алла жадын айта алмай, өліп кетсем,

Ессіз өмірім арманда өтер достар...

...Хақиқат дариясынан ішкен кісі,

Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты...

...Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер,

Тозақта жүз мың азап тартар достар...

Әділетсіз залым патша болғаны-ай,

Ордасына өңшең қудың толғаны-ай.

Бірін-бірі жиналысып, қолпаштап,

Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай...1

Сонымен, бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтарға ортақ мұра саналатын Ахмет Яссауидің ғажайып жырларын оқып-үйренуге, зерттеуге, жариялауға біздің елімізде соңғы кезге дейін тиым салынып келгені мәлім. Тек елімізде қызу жүріп жатқан қоғамды қайта құру, жариялылық процесінің арқасында ғана Ахмет Яссауи туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік туды. Ақын жырларын зерттеу, тәржіма жасау істері шындап қолға алына бастады.

Бұған 1990 жылы қазан айыньщ 23—27 жұлдызында Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша “Яссауи әлемі” деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конгрестің материалдары толық дәлел. Ахмет Яссауи мұрасын танып-білу, оны қоғам игілігіне пайдалану қажеттігі осы халықарлық маслихатта ерекше атап көрсетілді.

Есімдері әлемге машһур Сағди, Хафиз, Жәми, Низами, Руми сияқты шайырлар кезінде солылық ағымның ұтымды сарындарын пайдалана отырып, ' гуманистік идеяға құрылған ғажайып жыр-дастандар жазғаны мәлім. Түркі тіліндегі сопылық-мистикалық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Яссауи хикметтерінің әлеуметтік астары тереңде жатқанын аңғару қиын емес. Мәселен, ақын жалған ғалымдар мен жағымпаз жандарды өлтіре сынайды:

Білгірі заман ақыр залым болды,

Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды,

Сойқанды елге ашық айта алмаудан

Ішіме менің дертті жалын толды.



1 “Социалистік Қазақстан” газеті, 28 қазан, 1990 жыл. Ахмет Яссауи өлеңдерінің қазақшасын газеттін, осы санында жарияланған

С, Битенов пен А. Түгелбаев аудармалары бойынша беріп отырмыз — Н. К.

191


Ахмет Яссауи өзінің ұзақ жылғы өмір жолын түйіндей келіп бұл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:

Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,

Ақиқатты ары таза сүйе біл.

Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен

Халық қана дүниеге ие бұл.

Сейтіп, Ахмет Яссауи тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын.

Белгілі әдебиет зерттеушісі Р. Бердібаев қазақ көркем сөз өнері мен Ахмет Яссауи поэзиясы арасындағы дәстүр жалғастығы туралы айта келіп, “түркі әдебиетінде жиі ұшырайтын “иман нұры”, “заһар көзі”, “сырдың көзі”, “тариғаттың ләззаты”, “махаббат майданы”, “маьрифат бостандығы”, “хақиқат дариясы”, “ғашықтың дерті”, “махаббат бостандығы”, “гүл шарабы”, “көңіл кәбәбі”, “Дәрислам сарайы”, “ақиреттің азығы”, махаббат жүгі”, “маьрифат бұтағы”, “үміт қүрығы”, “шариғаттың көйлегі”, “ғашық дүкені”, “мехнаттың дариясы”, “дүрдің кені”, “жан дауасы”, “шайтан жолы”, “нәпсі шайтан”... тәрізді бейнелік қатарлар бұрыннан келе жатқан тамаша дәстүр айдынына апарды”,— деп жазды.1

Ахмет Яссауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де өзінің мән-мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір-қасиеті арта түскен бұл ғажайып хиқмат-жырлар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүре беретіні даусыз.

Ахмет Яссауидің сопылық-мистикалық сарындағы ой-пікірлерін оның шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хиқмат-жырлар жазғаны мәлім. Ғұлама ақынның ел ішінде ең танымал болған дарынды шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғани еді. Ақынның туған жылы белгісіз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жұрт Хакім ата деп атаған.

Сүлеймен Бақырғани да өзінің гуманистік бағыттағы ой түйіндерін ислам діні қағидалары тұрғысынан

192

түсіндіруге әрекет жасайды. Ал, біз соңғы кезге дейін дін атаулыға сыңаржақ қарап, оның адамды ізгі қасиеттерге үндейтін ілгерішіл ролін теріске шығарып келдік. Сол себепті Сүлеймен,Бақырғани өлеңдері де күні бүгінге декін зерттелмей, жарияланбай келеді. тер көп айтатын болған. Бертін келе Бақырғани жыр-жинағы “Бақырғани кітабы” деп аталады. Бұл жинақтағы өлеңдер өзінің тақырыбы, мазмұны, құрылысы жағынан Ахмет Яссауидің “Даналық кітабына” ұқсас болып келеді.



Бақырғани өлеңдері кезінде ел арасында ауызша да мейлінше кең тараған. Әсіресе оны ел аралаған дәруіштер көп айтатын болған. Бертін хеле Бақырғани жырлары ел аузынан жиналып, 1877 жылы Қазанда жеке кітап болып басылып шығады.

Сүлеймен Бақырғанидің “Ақыр заман кітабы” және “Бибі Мариям кітабы” деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-әңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық-мистикалық ой-пікірлерді уағыздайды. Сонымен бірге, бұл дастандарда оқырманды ізгі қасиеттерге үндеу сарыны да бар.

Кезінде күллі түркі тілдес халықтарды тамсандырған Ахмет Яссауи мен Сүлеймен Бақырғанидің хикмат-жырлары қазақ әдебиеті тарихынан тиісті орнын алатыны даусыз.

Бұл да сонда.

193

Үшінші бөлім



XIII-XV

ҒАСЫҒААРДАҒЫ

ӘДЕБИЕТ

Тарихи-әлеуметтік. Бұл кезде монғол шапқыншылығына

жағдай. ұшыраған Қазақстан мен Орта Азия

мәдениеті мен экономикасы мейлінше құлдырап кеткен еді. Ұлан-ғайыр өндіргіш күштер талқандалып, қыруар мол материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті. Монғол әскері сәулетті қала-ларды, білім мен мәдениет орталықтарың жайқалған егіс алқаптарын өртеп, бейбіт елді қырып-жойып өзіне жол ашты.

Жергілікті халық бұқарасы өз жерін басқыншылардан қорғау үшін Шынғыс хан әскеріне қарсы ерлікпен күресті. Әсіресе Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоныстары жауға қатты қарсылық көрсетті. Отырар қаласының билеушісі Ғайыр хан өзінің небәрі 20 мың әскерімен алты ай бойы монғолдарға берілмей, табандылықпен шайқасты. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылған соң ғана монғолдар қаланы жаулап алды. Бұл —1220 жылғы ақпан еді.

Қатты қарсылық көрсеткені үшін Шағатай мен Үгедейдің монғол отрядтары қала мен қамалды қиратты, қаланың тірі қалған тұрғындарын тегіс қырып салды.

Ал, Шыңғыс ханың үлкен ұлы Жошы Сығанақ қаласын коршап алып, жеті күн бойы үздіксіз шабуыл жасады. Көп әскердің күшімен монғолдар қаланы алды. Басқыншылар ерлікпен күрескен қала халқын түгел қырып тастады.

Сырдария бойындағы тағы бір қамал-қала — Ашнас

194

еді. Бұл каланың халқы да монғолдарға қарсы ерлікпен күресіп, Сығанақ халқы секілді түгелдей қайғылы қазаға ұшырады. Бұдан кейін осы аймақтағы Жент, Үзкент және Баршынлыкент қалаларын да монғол әскері жаулап алып, талап-тонады, сәулетті ғимараттарды аяусыз қиратты.



Монғол шапқыншылығының зардаптары тым ауыр болды. Гүл жайнап тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, барлық жерде ауру-індеттер тарады, жаппай ашаршылық, жұт жайлап алды. Монғол әскері елді мекендерді өртеп, жайқалған егіс алқабы мен бау-бақшаларды малға таптатты, арық-каналдарды бұзды. Мұның бәрі өлкенің экономикалық жағдайын бұрынғыдан да нашарлатып жіберді. Халық босып кетті. Көптеген қалалар мен аймақтар қаңырап бос қалды.

Шыңғыс хан тірі кезінде-ақ жаулап алған елдерін ұлдарына бөліп бергені мәлім. Сол кезде кең-байтақ қыпшақ даласы да жыртысқа түскен жібектей хан балаларының үлесіне айналды. Қазақстанның территориясы монғолдың үш ұлысының құрамына енген еді. Үлкен ұлы Жошыға — Ертіс өзенінен Оралға қарай, оңтүстікте Каспий мен Сарысуға дейінгі өлкелер, Хорезмнің солтүстік аймақтары тиді. Шағатай ұлысына — Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан карады. Ал Жетісу өлкесінің солтүстік-шығыс жағы — Үгедей ұлысы деп аталды.

Негізінен қыпшақ даласын билеген Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз, дербес мемлекет етуге әрекет жасады. Бірақ 1227 жылы Жошы кенеттен қазаға ұшырауына байланысты бұл әрекеті іске аспай қалды.

Әкесі өлген соң Жошы ұлысын оның баласы Батый биледі. Ол көптеген қанды жорықтар жасап, Жошы ұлысын Алтай тауынан бастап, Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан үлкен мемлекетке айналдырды. Қарудың күшімен, өзгенің жерін зорлық-пен қаратып алу арқылы құрылған бұл мемлекет — Алтын Орда мемлекеті деп аталып кеткен. Алтын Орданың қоғамдық және мәдени өмірі XIII—XIV ғасырларда жандана бастады. Біртіндеп Алтын Орда көрші елдермен — Батыс Европамен, Мысырмен, Үндістанмен, Кіші Азиямен, Қытаймен экономикалық және мәдени қарым-қатынас жасайтын болды. Соның нәтижесінде Алтын Орданың ірі қалалары саналатын — Батый са-

195

райы, Берке сарайы, Керчь, Хорезм, Сығанақ, Үргеніш сияқты кенттерде қолөнер кәсібі, сәулетшілік пен зергерлік өнері, ғылым мен әдебиет біршама дамыды.



Алтын Орда мемлекетінің иелігіне кең-байтақ Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Европаның көп жерлері қарады. Бұл мемлекет XIII ғасырдың орта кезінен бастап, ХҮ-ғасырдың соңына дейін өмір сүріп тұрды. Астанасы — Еділ сағасындағы Сарай қаласы болды.

Алтын орда мемлекетінін, күш-қуаты мен беделі Батый, Берке, Мөңке-Темір, Туда-Мөңке, Төле-Бұқа, Тоқты, Өзбек хандар тұсында күшті болды. Бірақ феодалдық қатынастар дамыған сайын билікке талас күшейіп, өзара ішкі соғыстар жиілеп кетті. Тоқтамыс хан мен Едіге би арасындағы билікке деген талас үдей түсті. Орыс әскері 1380 жылы Куликово шайқасында монғолдарға күйрете соққы берді. Мұның бәрі Алтын Орда мемлекетін барынша әлсіретіп, XV ғасырдын бас кезінде біржолата құлауына әкеліп соқты. Сол кезде Қырым, Қазан, Ноғай, Қазақ, Өзбек хандықтары құрылды.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет