ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, Статистика – ғылымның бiр тармағы, практикалық қызмет саласы, бiлiм бағыты, таным құралы. Статистика дегенде мәлiметтердi жинақтау процесiнде, оларды қайта өңдеп, бейтарап әрi анық талдау ережелерiн де түсiнемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, статистика – әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi. Ол арнайы ұйымдастырылған бiлiм тармағы да, белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыруға қажеттi пәрмендi құрал да, кәсiпкерлiк қызмет саласы да болып табылады. Статистика пайда болған кезiнен бастап-ақ мемлекеттi басқарудың маңызды құралы ретiнде қалыптасып онымен бiр мезгiлде көптеген оқиғалар мен фактiлердi мөлшерлiк тұрғыдан тiркеу және белгiлi бiр деңгейде ретке келтiру нәтижесiнде ғылыми тұрғыдан өте қызықты материалдар да жинақталды.
«Статистика» мамандығы, меніңше – аса мұқияттылықты әрі жоғарғы біліктілікті қажет ететін сала. Ізденіссіз істің нәтижелі болуы мүмкін емес. Сондықтан да, біз өзімізге жүктелген жауапкершіліктің өте маңызды екендігін пайымдай отырып, жаңа жүйелермен жұмыс жасауға тырысуымыз қажет. Жалпы алғанда, біздің мамандық – тұтас бір қоғамның ғасырлар бойғы тарихын санамалап, санмен қалдыру. Осы істе барлық студенттер қомақты үлестері бар деп нақты айта аламын. Біз біліктілігімен көзге түсіп, сан саланың деректері мен дәйектерін жатқа айта алатын маманға айналуларымыз керек.
Оқу-танысу тәжірибесі барысында мамандығым бойынша ақпараттарды жинақтау, жеке жұмыс жасау өзіме өте ұнады. Қойылған мақсаттар мен міндеттер жүзеге асты.
Достарыңызбен бөлісу: |