510
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
ҚАЗІРГІ ҚАЛАЛЫҚ СƏУЛЕТ
ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Тəуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген
қалалары мен ауылдарының,
əсіресе, Алматы жəне Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге
ұшырады. Ірі-ірі əкімшілік ғимараттары мен тұрғын үй кешендері, көптеген жаңа
ескерткіштер пайда болды.
Алматы қаласында тəуелсіздік жылдары салынған бес жұлдызды Президент
резиденциясы, «Анкара» (авторы –
Бижан Туберг, Түркия) жəне «Рахат-Палас»,
«Астана» қонақ үйлері мен т.б. құрылыстар əсемдіктерімен көз тартады. Соңғы сəулеттік
үлгілермен банк, кеңсе, сауда кешендері, үйлер мен супермаркеттер бой көтеруде. Оның
ішінде Астана, Алматы қалаларында салынған «Рамстор» ғимараттарын атап өтуге
болады.
Əсіресе, сəулет өнерінің ең үздік жетістіктерін пайдаланып, Астана қаласында алуан
түрлі ғимараттар салынуда. Президент резиденциясы
мен Министрлер Кабинетінің
əкімшілік ғимараты жəне Парламент Үйі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің
ғимараты, Қаржы министрлігінің кешені, «Самал» тұрғын үйлер ауданы, аэропорт, Есіл
өзені
аймағындағы кешен, т.б. айтып өтуге болады. Соңғы кезеңдерде бұл аймақтарда
жаңа Үкімет үйі, «Сити-маркет» сауда орталықтары, Спорт сарайы, Ұлттық мұражай,
Еуразия университетінің ғимараттары салынды. «Бəйтерек»
кешені мен Бейбітшілік
пен келісім сарайы əсемдігімен көз қызықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: