511
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
«Бəйтерек»
Астана қаласындағы сəулет өнерінің бірегей туындысы
– «Бəйтерек» кешені. «Бəйтерек»
кешенін жобалаушы
архитекторлар тобы – А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен
Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы – М.Вахштейн,
интерьер дизайншысы – А.Оспанов; ал құрылысын
«Имсталькон» ААҚ құрылыс компаниясы салған.
«Астана – Бəйтерек» құрылысы Елбасы Н.Назарбаевтың
нобайы негізінде өмірге келді. Құрылыс Есіл өзенінің
сол жағалауында орналасқан.
Металдан, əйнектен
жəне темір бетоннан жымдаса өріліп, бой көтерген
зəулім «Бəйтеректің» биіктігі – 97 метр, диаметрі – 27
метр. Ұшар басында алтын шар (ол 76,9
метр биіктікте
орналасқан) ілініп тұрған биік ағаш түрінде пайда болған
жаңа алып құрылыс «Бəйтеректің» сəулетті сипаты жа-
ңа астананың ажарын аша түсті.
Арнайы шынылармен
əйнектелген «Бəйтерек» күмбезінің салмағы – 70
тонна, ал алтын шардың үстіңгі ауданы – 1553 метр.
Осынау ғаламат шардың залынан Астана қаласының
көрінісін тамашалауға болады. «Бəйтерек» кешенінде
келушілердің демалып, төңірегін көруіне мүмкіндік
беретін дəмханасы да бар.
Астананың символына айналған «Бəйтерек» –
елорданың халық ең көп баратын жері.
Достарыңызбен бөлісу: