Қазақ хандары қасым хан



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,8 Kb.
#97557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 Қазақ хандары

1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды. 1757-1760 жылдары қазақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың билігін мойындады. Бір жағынан Абылай 1740-1742 жылдары Ресейгеант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады.
1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтері, хан сайлады. Дегенмен, Ресей үкіметі өз саясатын сақтай отырып, біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп-дамуына құштар болмаса да, 1778 жылы 24 мамырда Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай өзіне берілуге тиісті ханға лайықты символды қабылдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. ІІ Екатерина оны Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотасын патша өкілдері арқылы ханның туған ауылына жеткізді.
Хан сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне шек қойды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Хан сонымен қатар қазақ елінің шаруашылық құрылымына да өзгерістер енгізуге тырысты. Қазақтардың Ертіс пен Есілдің бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытуын қолдады. 1761 жылы ІІ Екатерианға жолдаған хатында ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған.
Абылай 1781 жылы дүние салды. Ол Түркістандағы Ахмед Йасауи кесенесінде жерленді. Алғашында артында қалған көп ұрпағы (30 ұл, 40 қыз) үш жүзді уысынан шығармай билеуге тырысқанымен, оның құрған мемлекеті өзі өлгеннен кейін әлсірей бастады. Абылайдың бас мирасқоры Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруда танбандылық көрсете алмады. Қазақ мемлекетінің бірлігін Абылай сияқты қамтамасыз ете алмады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет