Қазақ хандары қасым хан



бет6/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,8 Kb.
#97557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
14 Қазақ хандары
1 Қазақстан тас дәуірінде, Худайбергенов Б.М ХҚБ-102 ӨСӨЖ4, Худайбергенов Б.М ХҚБ-102 ӨСӨЖ4, казак тили
1597-1598 ж. қысында Абдаллах хан мен оның баласының арасындағы қайшылықты тиімді пайдаланған Тәуекел хан соғысқа дер кезінде шығып, Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін ойсырата жеңеді. 1598 жылы Абдаллах хан өлгеннен соң, хан тағына жаңадан отырған баласын бүлікші әмірлер өлтіріп, Өзбек хандығында билікке таласқан талас-тартыс өрши түсті. Иран шахы осы бір тарихи жағдайды өз пайдасына шешу үшін, шабуылын жиелетіп жіберді. 1598 жылы Тәуекел хан көп жасақ жинап, Мауараннахрға баса-көктеп кірді. Есім сұлтанды 20 мың әскерімен Самарқанда қалдырады да, өзі 70-80 мың қолмен Өзбек хандығының астанасы Бұхараны қоршауға алды. Тәуекел ханның қалың қолы Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да ала алмады. Осы қанды шайқаста Тәуекел хана жараланып, өз әскеріне Бұхарадан шегінуге бұйрық берді. Көп кешікпей ауыр жарақаттан Тәуекел хан қайтыс болды. Екі жағы да хансыз қалған Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының аға сұлтандары бас қосып, соғысты тоқтату шартына қол қойды.


Есім хан. Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі Есім (1598-1628 ж.) мұрагерлік жолымен ресми түрде хаан тағына оттырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. XVII ғ. басында Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппады. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астансы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады.
Қазақ-бұхар соғысы (1603-1624 ж.) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазақ-бұхар соғысы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тым-тырақай қашады. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісне тығылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет