1627 жылы ең соңғы, жетінші шайқаста Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхар ханы Иманкули жеңілісті мойындады.
Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таласатын қақысы болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, бедел артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.