Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет31/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

Please machine give milk

Өтінемін, машина, бер сүт.

1964 жылы американдық зерттеуші Лилли (Lilly) дельфиндерді ауа жұту арқылы адам тілінің дыбыстық имитациясы болып келетін дыбыстар шығаруды үйретуге тырысқан. Жас еркек дельфин Эльвар «скуирт» (ағыл. squirt – су тарамдары (струйка) сөзін еске түсіретін дыбысты айтуға үйренген.

1979 жылы Гавай университетіндегі Луис херман екі дельфинге арналған арнайы бағдарлама дайындаған. Феникс есімді дельфинді дыбыстық тілді түсінуге, Акекамаи есімді дельфинді жест тілін ұғына білуге үйреткен. Оларды объектілер, іс-әркеттер және тіпті түстердің атауларын білдіретін 30 сөздерді түсінуге үйреткен. Дельфиндер жеке заттарды әкелуді үйренген, сонымен қатар, олармен (заттармен) бірқатар әрекеттер жасауды үйренді. Бұның өзі дельфиндер табиғи тілдегі (естественного языка) сөздер тәртібін меңгере алады деп айтуға мүмкіндік берді (7-8).





Жануарларға арналған фраза

Дұрыс фраза

(7)

Pipe hoop fetch

Take the hoop to the pipe

аударма

Труба дөңгелек әкелу (труба обруч принести)

Трубаға дөңгелекті әкел (принеси обруч к трубу)

(8)

Hoop pipe fetch

Take the pipe to the hoop

аударма

Дөңгелек труба әкелу (обруч труба принеси)

Обручке трубаны әкел (принеси трубу к обручу)

1966 жылы американдық приматологтар Ален және Беатрис Гарднер (Alen and Beatrice Gardner) шимпанзенің баласына модифициалық американдық керең-мылқау тілін үйретуге тырысты. Төрт жылдан кейін Вашо (шимпанзенің есімі) 130 жесттерді қолдана білді және екі-үш сөзді сөйлемдерді жасады (9-10). Егер үш жаста балалар мыңдаған сөздерді білетін және күрделі фразаларды құрай отырып, күрделі синтаксисті меңгере алатын болса (11), ал Вашо екі жасар баланың деңгейінде қалды.







Жануардың фразасы

Сөзбе-сөз аудармасы

Эксперимент контекстіндегі мәні

(9)

Go sweet

Тәтті барайық (идем сладкое)

Құлпынайға барайық (пойдем за клубникой)

(10)

Open food drink

Ашу тамақ ішу (открыть еда пить)

Ашыңыз (мұздатқышта бар) тамақ (және беріңіз) суды (откройте (холодилник, где есть) еда (и дайте) пить)

(11)

I don't know his name

Мен оның атын білмеймін

Мен оның атын білмеймін

Сонымен қатар, бұл маймылдың баласын адам мәдениетінің негізіне және құралдарды (қасық, шанышқы, пышақ т.б.) қолдана білуді үйретуге тырысты, тіпті керең-мылқаулардың тілін меңгерген маймылдар қоғамын құру идесын жүзеге асырмақшы болып тырысты. Алайда бұл ісі табысты болмады.

Франсин Пэттерсонның үйретуі бойынша, Коко есімді горилла американдық керең-мылқаулар тілінің 375 жестін қолдана білген және метафоралар қатарын құрай да білуімен белгілі болған (12-14), дрессировщиктің айтуына қарағанда, маймыл әзілдей де, тіпті алдай да білген, алайда бұл үшін жеткілікті дәлелдемелер келтірілмеген.





Жануар метафорасы

Сөзбе-сөз аудармасы

Мағынасы

(12)

Eye-hat

көз-қалпақ

маска

(13)

White-tiger

ақ-жолбарыс

зебра

(14)

Finger-necklace

саусақ-білезік

жүзік

Американдық зерттеуші Герберт Террас та шимпанзені модифициалық керең-мылқау тіліне үйреткен. Маймыл екі-үш-төрт сөзді сөйлемдерді құрай білген (15-19). Алайда Ним (шимпанзе) ұзақ сөйлемдерді құрастыру барысында, негізінен, ұстаздың жесттерін қайталай отырып, сөздерді қажетті сөйлемді құрастырғанға шейін кездейсоқ түрде қоса берген екен. Зерттеуші бұдан мынадай қорытынды жасайды: шимпанзе тілдің элементарлы аспектілерін және жеке сөздерді меңгеруге қабілеті бар. Бұндай қорытынды Хомскийдің жануарлар сөйлеуді үйрене алмайды деген пікірін жоққа шығарды (Наом Хомскийдің есіміне пародия ретінде бұл маймылдың атын Ним Химский деп атаған).







Жануардың фразасы

Сөзбе-сөз аудармасы

(15)

More drink

Тағы ішу (еще пить)

(16)

Tickle Nim

Нимнің көңілін аула (развлеки Нима)

(17)

Banana Him eat

Банан Ним жеу (банан Ним есть)

(18)

Eat drink eat drink

Жеу ішу жеу ішу (есть пить есть пить)

(19)

Banana me eat banana

Банан маған жеу банан (банан мне есть банан)

Хомскийдің пікірінше, жануарлар ерекше тілдік қабілеттің болмауына орай сөйлей алмайды. Белгілі француз психологы Жан Пиаженің және бірқатар ғалымдардың тұжырымдауынша, адам тілі секілді күрделі құбылысты меңгеруге қажетті жалпы интелект жануарларда жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет