Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет39/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

10. Морфологияны меңгеру

Ресей лингвисті А.Н.Гвоздев орыс тіліндегі грамматикалық формаларды баланың меңгеруінің төмендегідей жүйелілігін көрсетті: зат есімдердің көптік жалғаулары – зат есімдердің кішірейткіш формасы – бұйрық рай категориясы – септіктер – шақтар категориясы – етістік жақтары. Бұл жерде нақты, деректі формалардан абстракты формаларға, қарапайым сөздерден күрделі сөздерге қарай өту жолы байқалады.

Тілдің морфологиялық элементтерін меңгеру де суффикстерді ерекшелеу негізінде өзінің динамикасына (36 37) ие (бұл жағдайда бала басқа сөздерден, айталық ложка, шапка, тарелкасөздерден байқайтын –ка суффиксін басқа сөздерге де жалғайды. Сондай бұның барысында және сөздің мағынасы да дамиды (биби бұл және машина, және айдау, және абайлаңыз, ал бибика – бұл тек қана машина). Тілдің морфологиялық механизмін игеру кезінен бастап баланың сөздік қорының дамуында үлкен жетістіктерге жетуі басталады. (большой скачок) Сөздік қордың баюы жеке сөздердің есебінен ғана емес, сондай-ақ сөздердің құрылымын игеру есебінен де жүзеге асады.





Бала сөзі

Мағынасы

(36)

биби

айдау, машина, абайла

(37)

бибика

машина

Даму барысында баланың ережені нормативті түйсінуі бой көрсетеді: ол айтқан сөйлемін бірқатар тілдік стандартқа сәйкес дұрыс па екенін анықтауға үйренеді. Лингвисттер «грамматикалық түйсікпен» (чуством грамматичности) деп атауы өзін-өзі түзету (самокоррекция) құбылысымен байланысты (38).

(38) В реке было много рыбов ... рыбей... много рыбы.

Ереженің тұрақтылығы мен қалыптылығы (сформировнность) экспериментальды түрде тексерілуі мүмкін, егер балаға бұл ережені таныс емес тілдік материалға қолдануды мәжбүр етсек. Мысалы, американ зерттеушісі Джин Берко мүлдем қолданыста жоқ сөздермен (квазислова - pseudowords) атаған фантастикалық жануарлардың суреттерін көрсеткен. Баланы жалған жануарларды (псевдоживотное) жалған сөздермен (псевдослова) атай отырып, оның суретімен таныстырады (39). Сосын осындай аңдардың суретін көрсете отырып, «Ал мынау не?» деп тағы сұрайды. Егер бала дұрыс жауап берсе (40 және 41), демек, бұл - көптік жалғау формасындағы бірнеше дайын сөздерді жаттап алғандық емес, көптік жалғауды қолдануды үйренген деген сөз.

(39) «Мынау аң вук деп аталады (wug) ».

(40) Бұлар вуктер (These are wugs).

(41) Бұлар үш үлкен вуктер (These are three wugs).

Тілді игеру – тілдік бірліктерді меңгеру ғана емес, сондай-ақ оларды жасау және қолдану ережелерінде меңгеру. Ал ережелерді тану үшін әрқашан бұл ережелерге анализ жасау, жүйелеу және жалпылау бойынша ой әрекетін орындау қажет. С.Н.Цитлин бейнелеп айтқандай, бала қандай да бір дәрежеде лингвистке ұқсайды. Бұл қызметтің интуитивті, санасыз сипаты баланың жеке тұлғасының қалыптасуы үшін құндылығын төмендетпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет