Ниет
|
Нәтиже
|
(1)
|
a reading list
|
|
a leading list
|
|
(2)
|
|
список книг
|
|
список сник
|
(3)
|
well made
|
|
well wade
|
|
(4)
|
|
молодой человек
|
|
молодой моловек
|
(5)
|
well made
|
|
mell wade
|
|
(6)
|
|
молодой человек
|
|
челодой моловек
|
Жаңылыс сөздер сөздерді буынға құрылымдық бөлу заңдылығына бағынады. Соның ішінде, сөйлеуші айтуға ниеттелген сөздің алғашқы буыны басқа сөздің алғашқы буынымен алмастырылады; ортаңғы буын ортаңғы буынмен; соңғы буын соңғы буынмен алмасады (бұдан ауытқу болу мүмкін емес). Екінші сөздің соңғы фонемасы бірінші сөздің алғашқы фонемасымен ешқашан араласпайды. Осы заңдылық буын сөйлеуді жоспарлаудың бірлігі болып табылатынын дәлелдейді.
Сонымен қатар, дауыссыздардың қатаңдауы немесе ұяңдауы, белгілі бір тілге тән (мысалы, назальдылық-мұрын жолды дыбыс) фонологиялық белгілердің пайда болуы немесе жоғалуы секілді құбылыстардың болуы мүмкін. Мысалы, сөз тіркесінде (9) қатаң дыбыс ұяңға, ұяң дыбыс қатаңға алмастырылады (10). Егер сөйлеуші ұяң дауыссыздан бастауды ұйғарған болса (13 немесе 14), бірақ қатаң дауыссыз болып шықса (14 немесе 16), мұндай жағдайда қатаңдық белгіні алдын-ала болжап қою жайында (о предвосхищении признака глухости) айтуға болады. Сонымен жаңылыс айтылатын сөздердің бірінші заңы бойынша (первый закон оговорок), берілген тілдің дыбыстық контексті үшін тек фонологиялық жағынан мүмкін тілдік қателер ғана байқалады.
|
Ниет
|
|
Нәтиже
|
(9)
|
Clear blue sky
|
(13)
|
Glear plue sky
|
(10)
|
He's a vile person
|
(14)
|
He's a file person
|
(11)
|
Красивый букет
|
(15)
|
Грасивый пукет
|
(12)
|
Веселая повесть
|
(16)
|
Феселая повесть
|
Орнын ауыстыру бір-бірінен алшақтау орналасқан сөздерге де қатысты бола береді (17,18,19).
|
Ниет
|
Нәтиже
|
(17)
|
He has a passion for outdoor tennis
|
He has a tennis for outdoor passion
|
|
Он питает пристрастие к теннису на открытом воздухе.
|
Он питает теннис к пристрастию на открытом воздухе.
|
(18)
|
Нельзя ли у вокзала трамвай остановить?
|
Нельзя ли у трамвала вокзай остановить?
|
(19)
|
My sister went to the Grand Cayon
|
The Grand Canyon went to my sister
|
Жоғарыда жалпы сипатталған тілдік қателер төмендегі түрде ұсынылуы мүмкін.
|
Ниет
|
Нәтиже
|
Қате атауы
|
%
|
(20)
|
pitch and fork
|
fitch and pork
|
exchange
|
алмастыру
|
53
|
(21)
|
fitch and fork
|
anticipation
|
алдын-ала болжау
|
27
|
(22)
|
pitch and pork
|
perseveration
|
қайталамалар
|
18
|
Сондай-ақ, жаңылыс сөздер қатарына тұтастық та (сращения) жатады. Олар алмастыруға негізделе отырып, екі жақын орналасқан сөздердің кездейсоқ бірлігі ретінде пайда болады (23-27).
|
Ниет
|
Нәтиже
|
(23)
|
port-monnaie+monteau
|
portmanteau
|
24
|
портмоне+манто
|
портмонто
|
25
|
smog+fog
|
fog
|
26
|
свежо+холодновато
|
свежоповато
|
27
|
It is separated+kept separately
|
This is kept separatedly
|
Тілдік қателердің 87% сөз таптарының бірінде қайта-қайта кездесе беретіндігі белгілі. Көмекші сөз таптарында, айталық, шылау, предлог және есімдіктерде қайталамалардың 90%-і кездеседі. Бұл жағдайда, негізінен, атаулы сөз таптары – зат есім, етістік, сын есім және үстеулер түзетулерге ұшырайды.
Жаңылыс жазылған сөздер (описки) емле қателеріне қарағанда жазу барысында туындайтын стандартты емес қателер ретінде қабылданады. Фонетикалық принципте жаңылыс жазылған сөздердің 20%-і негізделген. Бұған қарағанда графикалық бейнесіне ұқсастығына байланысты туындаған қателер аздау. Сонымен қатар, қалдырып кетулер (пропуски), алмастыру және қосып алу да кездеседі. Морфемдік деңгейдегі жаңылыс жазылған сөздер де қалдырып кету және қосып алу секілді тілдік қателер бар. Сөздің екі сегменттерін (бөлшектері) ауыстыруға негізделген қателер де айрықша көрінеді. Бұл қателер Оксфорд колледждерінің декандарының бірі Вильям Спунердің (1844-1930жж) есімінен келіп шыққан «спунеризмдер» деген атпен белгілі. Бұл кісі артында үлкен көлемде қызықты мысалдар (28-31) қалдырған. Бұларды орыс тілінің еркін аудармасында береміз, себебі тілдік ойындардың сөзбе-сөз аудармасы, негізінде, мүмкін емес.
|
Ниет
|
Нәтиже
|
(28)
|
Our dear old queen
|
Our queer old dean
|
|
Наша добрая старая королева
|
Наша странная дряблая королева
|
(29)
|
You have Missed all my history lectures
|
You have hissed all my mystery lectures
|
|
Вы пропустили мои лекция по истории
|
Вы происторили мои лекция по прописке
|
(30)
|
Drink is the curse of the working class
|
Work is the curse of the drinking class
|
|
Пьянка – проклятье рабочего класса
|
Работа – проклятье пьющего класса
|
(31)
|
You have wasted the whole term
|
You have tasted the whole worm
|
|
Вы прогуляли весь семестр
|
Вы просеменили весь прогул
|
Тілдік қателердің ішінде кейде дұрыс қолданылмаған сөздер ерекшеленін тұрады. Мұндай қателерді аллигатор және аллегория деген сөздерді шатастыратын Шериданның «Бәсекелестер» пьесасының комикалық кейіпкері Мадам Малапроптың есімінен келіп шыққан малапропизмалар деп аталады. Бірқатар зерттеушілер сөйлесім әрекетінің жасалу процесінің сөйлеуді қабылдау процесіне ұқсас бейнелілігі жайында жазып жүргендіктен, тілдік қателер аясында сөйлеуді қабылдаудағы қателер проблемасын да қарастырған орынды болып табылады.
Жаңылыс жазылған сөздермен қатар сөйлеуді қабылдауда кездесетін қателер де кездеседі: «жаңылыс есту» (ослышки). Тілдік қызметте жаңыылыс есту бір сөздің шегінде дыбысты шала естумен де (32) және сөздер аралығында дыбыстар тіркесін (33) дұрыс естімеумен де байланысты болуы мүмкін.
(32) икра > игра – тал > дал; хал >қал.
(33) – Ты кто такой? – Я писатель-прозаик. – Про каких таких заек?
Кідіріске келетін болсақ, сөйлемде 40-50%-ке дейін орын алады, әрі оның жартысынан көпшілігі грамматикалық бөліктердің (синтагмалар арасында) табиғи шегінде орын алады. Сөйлеу бөліктерінің көпшілігі 6 сөздің көлемінен аспайды. Айталық, Жаңа жеккен ат// басымен алысты.- Жаңа жеккен ат басымен// алысты. Как удивили его// слова брата – Как удивили его слова// брата. Алғашқы сөйлемде ат сөзінен кейін кідіріс жасалғанда, аттың өз басымен алысты деген мағынаны түсінеміз. Ал басымен деген сөзден кейін кідіріс жасалғанда, біреудің ат басымен алысып жатты деген мән ұғынылады.
Жалпы алғанда, тілдік қателер фонологиялық, морфологиялық, просодиялық, семантикалық, синтаксистік секілді тілдік деңгейлердің болу заңдылығының дұрыстығын растайды және сөйлесім әрекетінің жасалуында адам бұл деңгейлердің бірліктеріне сүйенеді деген фактіні дәлелдейді.
2. Сөйлеудің пайда болу теориясы
Филогенезде сөйлеудің пайда болу теориясына қатысты бірыңғай пікірлер жоқтың қасы. Тіл 50 мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болды деген болжам бар, бірақ нақты айғақ жоқ. Париждік лингвистикалық қоғам 1865 жылдың өзінде-ақ тілдің пайда болу жөніндегі кез келген гипотезаларды «пайдасыз» және «нәтижесіз» деп қарастыруға тыйым салды. Ал Лондон филологиялық қоғамының президенті 1873 жылы тіпті былай деп мәлімдеген болатын: «Мұндай сұрақтар филологиялық мәселелерге жатпайды деп есептеймін».
Ресей тілдік қызмет теориясына сүйенсек, сөйлеу еңбек процесінде, яғни затқа әсер ету процесінде пайда болған. Көбінесе, ұжымдық еңбекте жеке адамның әрекеті қызметтің жетекші мотивіне сәйкес келмеуі мүмкін. Айталық, аңшылардың бір тобы аң аулаудың орнына оны орға қарай құлату үшін өздерінен үркітіп отырулары тиіс. Мағынасы жағынан қызметке қарама-қарсы қойылған, бірақ онымен жалпы мотиві (мәні) бойынша байланысты әрекет туындады. Алайда тілдік белгілерді қолдану нәтижесінде еңбекші ұжымның мүшелерінің әрекетін үйлестіру (координировать) мүмкіндігіне ие болды және тіпті адам еңбек етуде физикалық қимыл істемей, тек тілдік әрекет жасайды. Осылайша тілдік қызмет физикалық, реальды әрекетті алмастырып, басқа адамға әсер ету функциясын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |