15. «Ата-ана» тілі
Баланың тіл игеруінде ата-аналардың рөлі айтарлықтай зор. Егер тілдік орта болмаса бала толық көлемде тілді игере алмайтыны белгілі. Бірақ ата-аналар баланың грамматикалық қателерін сирек түзететіні таңқаларлық жағдай. Бұл көбінесе жоғары әлеуметтік-экономикалық статусқа ие ата-аналарға тән. Алайда олар көп жағдайда баланың айтқаны шындыққа сай келмегенде ғана түзетеді (121-122).
(121)
|
Бала
|
Моя мама не мальчик, она (пропущен глагол-связка), девочка. (Менің мамам ұл-бала емес, ол қыз-бала).
|
|
Ата-ана
|
Дұрыс! (Првильно!)
|
(122)
|
Бала
|
Дисней бізге сейсенбіде келеді! (Дисней приедет к нам домой во вторник!)
|
|
Ата-ана
|
Жоқ,жоқ. Жұмада келеді! (Нет, нет. В пятницу!)
|
Баланың сөздерінің тек ақиқатқа сай болуына ғана көңіл бөліп, оның сөйлеуінің аграмматикалығын сирек түзетеді. Психолингвистикалық әдебиеттерде бұл проблеманы – грамматикалық қателерді түзетпеу – негативті мәліметтер проблемалары (проблема негативных данных) деген атқа ие болды (проблема негативных данных – negative evidence, absence of negative data).
Ересектердің балалармен тілдік қарым-қатынасының келесі бір ерекшелігі ересек адам балалармен өздерінің (ересектердің) арасында сөйлескеннен өзгеше әңгімелеседі. Айталық, жасын сұрағанда (123) немесе атын сұрағанда (124) ересектер кішірейткіш суффикстерді пайдаланады немесе балаға «біз» деген ортақ мәндегі сөз көмегімен сөйлеседі. Баламен сөйлескенде, шөкелеп отырып жоғары және өзінің даусын өзгертіп әңгімелеседі. Мұндай тілді «ата-ана» тілі немесе «бала күтуші» тілі (нянькиным языком – parentese talk, motherese talk) деп аталады.
(123) Бізге қанша жас? (Сколько нам годиков?)
(124) Біздің атымыз кім? (Как нас зовут?).
Балаға арналған сөйлемдердің (child direct speech) синтаксистік ерекшелігі бар. Көбінесе, ата-аналардың фразалары қысқа және қарапайым құрылымға ие. Ересек адам баламен сөйлескенде ғылыми мәндегі сөздермен (125) емес, қарапайым сөздерді (126) қолданады.
(125) Ит саябақта жүгіріп жүрді және енді организмдегі суды қалпына келтіру қажет.
(126) Ит суды ішкісі келді.
Кейде ересектер тілінде уақыт сәйкессіздігі (127) және есімдіктің орнына жалқы есімдерді қолдану кездесетін (128) фразаларды естуге болады. Екі жасқа дейін жіктеу есімдігінің бала тілінде болмауы ересектердің тілдік санасының перифериясында бекітіліп қалып қойған сияқты және оның баламен тілдесуде өзінің сөйлеуін оңайлатады.
(127) Қазір мамасы Воваға қызанақ береді.
(128) Қазір мен саған қызанақ беремін.
Лексика жөнінде айтқанда, ересектер балалрмен тілдесу барысында мағынасы қарапайым сөздерді қолданатынын ескертейік. Бұлар көру (байқаудың орнына), жеу (шайнау немесе қоректену орнына) және т.б.қолданады.
Сондай-ақ, ересектер балалармен сөйлескенде алыс қашықтықтағы зат, құбылыстар немесе дерексіз проблемалар (олар үшін) жайында (129) емес, жақын жерде орналасқан заттар жөнінде (130) айтады.
(129) Тағы банкі аралық несиенің шектік мөлшері өсіп кетті.
(130) Мына көбелек гүлге қонды.
Ересектер балалармен сөйлескенде кішірейткіш-еркелету (уменшительные-ласкательные) суффикстерінде тұратын сөздерді қолданады (131). Мұндай сөздер ағылшын тілінде де бар (132-134). Ол сөздерде эмоциональды мәнге ие болып, лингвисттер субъективті-бағалаушылар қатарына жатқызады. Бала екі жастан төрт жасына шейін өзінің ойнаған ойындарында және тілінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды жалқылайды (персонифицирует). Ол затты өзіне жақын тұтып, оған жақсы, қайырымды қатынаста болады. Ересектерде баланың даму деңгейіне сай осындай сөздерді қолдану арқылы көмектеседі.
(131) грибок, стульчик, машинка, кошечка
|
Әдеби тілдегі сөздер
|
Аудармасы
|
«Ата-аналар» тіліндегі ссөздер
|
Аудармасы
|
(132)
|
|
птица
|
|
птичка
|
(133)
|
|
лошадь
|
|
лошадка
|
(134)
|
|
котенок
|
|
котеночек
|
Ата-аналар тілінің тағы келесі бір ерекшелігі ересектер балалармен баяу сөйлеседі, үзіліс көп жасайды және өз даусының жиілігін жоғарлатады. Сондай-ақ олар көлемі үлкен сөйлемдерде күшті логикалық екпін жасайды. Мұндай интонацияда сөйлеу айтылған мәліметтің маңызыдылығын көрсету үшін және ересек адам нені маңызды деп есептейтініне баланың көңілін аудару үшін. Бұл жерде айтылған ойды бала ұғынуы осы дауысты жоғары көтеріп сөйлеудің көмегі арқылы жүзеге асады, ол сөздердің орын тәртібі арқылы түсінілмейді, өйткені бала әлі бұны игере қойған жоқ.
Зерттеушілердің байымдауынша, ер кісілер (әкелер, аталар және ер тәрбиелеушілер) әйелдерге қарағанда (ана, әже және әйел тәрбиешілер) баламен сөйлесуде балаша (в детской манере) өзін-өзі ұстамайды. Егер балаға бір тақырып ұсынылса, оны әңгімелесу барысында әкелеріне қарағанда шешелері қолдау көрсетеді. Балада коммуникативтік білімдік дағды (навыки) қалыптастыруда ата-аналардың қызметінің ерекшеліктері сараланады. Айталық, аналар - балаға максимум комфортты тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін мұқият (внимательный) және түсінетін коммуникаторлар. Оның есесіне, әкелер балаларды бейтаныс ересек адамадармен тілдесуге жақсырақ дайындайды. Осылайша ата-аналар бірін-бірі толықтырып отырады және бір мезгілде өздері байқамай, баланы тілге және сөйлеу әркетіне үйретеді Ата-аналар тілі баланың когнитивті және тілдік дамуында үлкен емес, бірақ маңызды роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |