Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Бала сөйлеуіндегі қателіктер



бет40/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
11. Бала сөйлеуіндегі қателіктер.

Бала тілінде кең таралғаны соншалығы – дұрыс дамыған балалардың барлығында заңдылық ретінде қайталанатын қателер болады (*зажгал свет вместо зажег свет).

Бір үлгі бойынша бала үшін оңайырақ етістіктер формасын құрастыру етістіктерге қатысты өте жиі кездесетін қателер болып табылады. Мысалы, барлық орыс балалары белгілі бір жаста етістік тұлғаларын дұрыс қолданбайды (42). Бірақ мұндай формалар балалар тарапынан құрастырылмаған: ол ересектер айтатын сөздерден кейбір модельдерді (43) ажырата отырып, оларды үлгіге алады, өйткені оған (балаға) етістіктің бірнеше тұлғасына қарағанда бір стандартты формасын ғана қолданған оңай. Кейде мұндай еліктеу дәл сол уақытта айтылған етістік формасының (44) үлгісі бойынша жүзеге асады.


(42) Бала сөздері

(43) Тілдік үлгі

вставаю

ломаю

лизаю

засыпаю

жеваю

хватаю

(44) – Игорь, вставай, я тебя давно бужу.



- Нет, я еще * поспу, - отвечает трехлетный мальчик.

Қателердің болуы сөйлеушінің «стимул - реакция» моделі бойынша әрекет ететін теориясын білдірмейді.**(не подтверждает)

Бала көп уақыт бойында дұрыс сөйлей алады, соңынан кенет сөздерді бұрыс құрастыруды бастайды (бірақ кең тараған модель бойынша). Бұл құбылыс жоғарғы генерализация (сверхгенерализация) деп аталады, бұл терминнен жаңа ережелердің басқа ережеге бағынатын ескі тілдік материалда таралуы ұғынылады. Бала етістік формаларының дұрыс құрылымын меңгеруге тырыса отырып, былай деп сөйлейді: *шела вместо шла; орыс зат есімдерніңі көптік формасын меңгере отырып - *пени вместо пни; два *салазка, одна *деньга.

Орыс балаларында сондай-ақ төмендегідей басқа типтік қателер байқалады.

Өткн шақ етістіктері тек орысша айтқанда, женский родта қолдану. Тіпті және осылайшы (45,46) ұл-балалар да сөйлейді, өйткені бұл форманы аналары мен әжелерінен естиді, сонымен қатар, ашық буында (дауысты дыбысқа аяқталған) айту тұйық буындарға (дауыссыз дыбысқа аяқталған) қарағанда оңайырақ.

(45) Я попила.

(46) Я пошла.

Орыс балалары және зат есімдердің септелуінде де қателеседі (47).

(47) - Возьмем все *стулы и сделаем поезд, - предлагает один малыш другуму.

- Нет, - возражает тот, - здесь мало *стулов.

Зат есімдердің түбіріне –ом жалғауын зат есімнің родына қарамай қоса беру арқылы көмектес септігін қолдануда қателер жіберілуі мүмкін (48).

(48) *иголком, *кошком, *ложком.

Зат есімдердің родына байланысты қосымшаларда да қателер кездеседі (49-52).






Балалар сөздері

Сөздің мағынасы

(49)

* лошадиха

лошадь

(50)

*коров

бык

(51)

*людь

человек

(52)

*кош

кот

Балалар жалпыға ортақ формалардың үлгісі бойынша (54) сын есімнің салыстырмалы шырайын зат есімдерден жасайды (53, 55).




(53) Балалар сөзі

(54) Тілдік үлгі

*хорошее

смешнее

*плохее

сильнее

*высокее

веселее

*короткее

длинее

(55) – А наш сад все равно *соснее (в нем больше сосен).

Тілді игеру барысында жіберілетін қателер – табиғи құбылыс. Себебі жүйе мен нормадан басқа тағы Соссюр «лингвистикалық шаң» (лингвистический пылью) деп образды түрде атаған узус және нормадан ауытқу және қайталанбас (уникальный) жеке құбылыстар да бар.

Кең түрде кездесетін типтік қателерді міндетті түрде жөндеп отыру қажет. Егер көңіл аудармайтын болсақ, баланың сөйлеуі ұзақ уақыт бойында дұрыс болмайды. Педагогтардың байымдауынша, баланың сөздері мен фразаларын анекдот ретінде айтып отыруға болмайды, әсіресе баланың көзінше. Балалар ересектерді күлдіргенін, көңілін көтергенін мақтаныш етіп, енді әдейі дұрыс сөйлемеуді бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет