3. Сөйлесім әрекеттің жасалуының модельдері
Модель – бұл объектіні маңызды белгілері бойынша құрастыру. Психолингвистикада сөйлесім әрекетінің жасалуының бірнеше модельдері бар.
Алғашқыда сөйлесім әрекеті жасалуының модельдері өзінің мәні жағынан ізінше өңдеу (последовательной обработки) модельдері болды. Олар адам алдағы өткен деңгейде жұмысты аяқтағаннан кейін әрбір кезекті деңгейге өтіп отырады деп жорамалдайды. Тек кейінірек тілдік ақпаратты паралельді өңдеу моделі пайда болды. Олар сөйлеуді көптеген деңгейлерде бір мезгілде өңдеу мүмкіндігін мойындауға негізделді.
Ең алдымен, хабарлау жайында, сосын грамматикалық жағынан дұрыс сөйлем жайында, кейінірек пікір айту жайында айтылады. Жол-жөнекей ескерте кетейік, ресейлік психолингвистикада мәні жағынан лингвистикалық болып табылатын «сөйлем» термині іс жүзінде қолданылмайды. Сондай-ақ тағы ескерте кететін жай, соңғы уақыттарда сөйлеушіні (автор), тыңдаушыны (адресат), сондай-ақ біріншінің екіншіге тілдік құралдар арқылы әсер ету ниетін болжайтын дискурс пікір айту ретінде жиі айтылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |