13. Синтаксисті меңгеру.
Американдық психолог Сьюзен Эрвин-Трипп өзгеше бір пікірін айтқан болатын: «Тіл иесі (носителем языка) болу үшін ережелерді үйрену керек. Яғни, бұл ережелерді білетін секілді өз-өзін ұстауды үйрену қажет». Бала ересектер тілінің ережесін білетіндей өзін өте шебер ұстайды. Алдымен ол сөйлемнің коммуникативтік күшіне ие, бірақ бір ғана сөзді сөйлемдермен сөйлей бастайды. Бір сөз (80) тек тілдік емес контексте ғана анықталатын бірнеше мағынаға ие болады.
|
Бала сөзі
|
Мағыналары
|
(80)
|
Мама!
|
Мама, бер
|
|
Міне мама
|
|
Мен тамақ ішкім келеді
|
Бұдан кейін екіқұрамды сөйлемді айту кезеңі басталады. Бала екі сөзді кездейсоқ біріктіре салмайды, оның сөйлеуінде сөздің екі функциональды класы пайда болады. Бірінші класс – бұл «негізгі тіреу сөздер» (опорные слова – pivot words) немесе операторлар, олар көп емес. Бұл - салыстырмалы түрде «жабық» жүйе. Екінші класс – «ашық» (open-class words), ол - кеңірек. Бұл кластағы сөздердің көпшілігі бірқұрамды сөйлем болып келеді. Екіқұрамды сөйлемдерді жасау үшін «негізгі» кластан сөздерін (олар сөйлемнің семантикалық негізі болып табылады) таңдалып алынады, ал мағынасы «ашық» класс сөздерінің есебінен мағынасы өзгеріп отырады. Бұл - кез келген сөздер болуы мүмкін. Бұл элементтердің орналасу тәртібі түрлі болуы мүмкін. Ата-аналар балалармен сөйлескенде мұндай сөйлемдерді қолданбайтыны анық. Бала өзінің күрделі емес, бірақ құрылымдық жүйесінің аясында жаңа сөйлемдерді құрау үшін тапшы тілдік құралдарды пайдаланады деп топшылауға болады.
Екіқұрамды сөйлемдер түрлі функцияларда пайдаланады: мекенді атау үшін (82,86,88), өтіну үшін (81,83), іс-әрекеттерді сипаттау үшін (85), болымсыздық мәнді білдіру үшін (87). Олар сондай-ақ, ситуативті мағынаға ие (89-92).
|
«Жабық» класс
|
«Ашық» класс
|
|
|
«Жабық» класс
|
«Ашық» класс
|
(81)
|
тағы
|
сүт
|
|
(85)
|
more
|
milk
|
(82)
|
Тося
|
сонда
|
|
(86)
|
Қаз
|
ту-ту
|
(83)
|
Бер
|
сағат
|
|
(87)
|
Не (жоқ)
|
сулы
|
(84)
|
Папа
|
бай-бай
|
|
(88)
|
Баба
|
кресло
|
Бала тілінде негізгі сөздер көп емес, бірақ олар қолданудың жоғары жиілігіне ие. Негізгітіреу сөздер класы баяу кеңейеді - әр айда бірнеше ғана негізгі сөздер қосылып отырады.
|
Бала сөздері
|
Мағынасы
|
(89)
|
More page
|
Тағы оқы
|
90
|
More wet
|
Шалшықта тағы жүргім келеді
|
91
|
More car
|
Тағы да машинамен жүргім келеді
|
92
|
More higt
|
Жоғарыда тағы бар
|
Келесі синтаксистің даму сатысы – түрлі қызметті атқараты дамыған синтаксистік формалар: біріктіру (93); атрибуция (94); меншіктік (95); орналасу мекені (96); Субъект-объект қатынасы (97).
(93) Мен саптыаяқ және стақан көремін.
(94) Бұл мейрамдық шляпа.
(95) Бұл Катяның шұлығы.
(96) Свитер орындықта.
(97) Катя допты лақтырады.
Сосын иерархиялық құрылымдар пайда болады. Бала бір фразаларда баяндауыш тобымен айта бастайды, одан кейін оны бастауыш-баяндауыш тобына ауыстырады (98-100).
(98) – Хочу это... Саша хочет это.
(99) Want this... Andrew *want this
(100) Строит дом. Кэтрин строит дом.
Л.В.Щерба психолингвистикадағы эксперимент жайында жазғанда, түсініксіз немесе түсінілуі қиын, сондықтан да өз мақсатына жетпейтін қандай да бір сөйленім ретіндегі теріс тілдік материал (отрицательный языковой материал) ұғымын енгізген болатын. Оның пікірінше, бала теріс тілдік материалды жасайды, алайда өзіне қажетті бір затты дұрыс сұрауды «үйренеді», себебі оның түсініксіз өтініштері орындалмайды.
Синтаксисті меңгеру интонацияны - мелодика, ритм, тепм, интенсивтілік, акцентті қатар, темр, тон жоғарылығы, паузалардан және т.б. құралатын сөйлеу элементтерінің жиынтығын меңгерумен де байланысты. Бұл элементтер сөйлеуді фонетикалық ұйысымын (организация) құрайды және түрлі мағыналарды, соның ішінде синтаксистік мәндерді білдіру тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, олар сөздерге эмоциональды, экспрессивті реңк білдіруге көмектеседі. Негізгі және қосымша информацияны білдіруге көмектесетін интонациялық құралдарды дұрыс пайдалану қабілеті де жеке тұлғаның тілдік дамуының көрсеткіші болып табылады.
Бала тіліндегі синтаксистің дамуы ересектердің тілдік қарым-қатынасына баланың да қосылуымен байланысты. Мұның өзі баланың қажеттіліктерін қанағатандыру мүмкіндігімен шарттанған. Бұл тілдің дамуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |