Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Дыбысталудың мағынамен байланысы



бет37/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

8. Дыбысталудың мағынамен байланысы

Лингвистикада сөздің дыбыстық және графикалық формалары сөздің мағынасымен байланысты емес деп (кейбір еліктеуіш сөздер мен кейбір иероглифтерді бұл ережеден тыс) есептеу орын алған. Ал бала сөздің дыбыстық формасы өзінің ерекше мағынасы болады деп есептейді. Бала морфеманың дыбыстық бейнесін қабылдау барысында зат жөнінде түсінік қалыптастыра отырып, өзіне арнап дыбыстаудың заттық қатынаспен образды байланысын жасап алады. Осындай образды байланыс негізінде бала өзі жасаған жинақтауларын басшылыққа ала отырып, өзіне қажетті сөздің дұрыс дыбысталуын «байқап қарастырады» (нащупывает). Сондықтан кейбір көп қолданылатын баланың сөздері (29,30) дыбыстық форманың (возможную)эмоциональдылығына реакция ретінде пайда болған. Басқаша айтқанда, балалар көбінесе белгінің екінші жағына – оның «сезімдік табиғатына» көп назар аударады.







Баланың сөзі

Мағынасы

(29)

мыха

большая мышь

(30)

лога

большая ложка

Бұл бақылаулардың дәлелдемесі үшін А.М.Шахнарович тарапынан орыс тілі материалы негізінде мынадай тәжірибе жүргізілген. Екі сөз алынды: кит және кот. Бұлар бірінші типтің қасиетіне ие – белгілі бір шындық құбылысты, белгілі бір жануарларды білдіреді. Ересектер кот - кішкентай үй жануарын, ал кит -теңіз алыбын білдіретінін біледі. Осы белгілермен жөндеуді анықтайтын бірінші типтің қасиеті (семантикалық) негізгі болып табылады. Бұл белгілер ие екінші типтің қасиеті балалармен экспериментте алынды. Бұлар кит деген не екенін білмейтін кішкентай балалар еді. Сондықтан кит сөзі тек екінші типтің қасиеттерінің, таза сыртқы, дыбыстық қасиеттерінің, жиынтығы ретінде қызмет етеді.

Жануарлардың көлемін салыстыруды (31) өтінгенде, балалардың барлығы дерлік кот үлкен деп жауап берді. Бұл сөздің дыбыстық жамылғышындағы бір нәрсе кит кішкентай, кот үлкен деп топшылатқыздырды. Бұл жерде мәселе - дауысты дыбыста. «и» дыбысы балаларда кішкене сөзімен ассоциацияланады да, «о» - үлкен сөзімен. Бұл факті баланың белгінің сыртқы, дыбыстық қасиетіне бағдар жасайтынын көрсетеді.

(31) Что больше, кит или кот?

Осылайша бала қоршаған ортада дами отырып және бейімделе отырып сөзді дыбыстық образында заттың қандай да бір тура көрінісін табуға тырысады. Бұл бейнелі байланыстар оған сөздің мағынасын қабылдауға көмектеседі. Сөздің материалды жамылғышы мен заттың сезімдік түрде қабыладанатын қасиеттерінің арасынан бала бақылайтын ұқсастықтарға зат (дыбыстық таңбамен белгіленетін) пен сөздің (таңба, белгі) байланысы негізделеді. Сондықтан бала тілінде еліктеуіш сөздердің көптеген мөлшері кездеседі. Бұл сөздер бала тілінде қоршаған орта дыбыстарының имитациясы, көрінісі ретінде өмір сүреді және заттар мен құбылыстардың атаулары қызметін атқарады (32-34).

Заттармен ассоциаланатын дыбыстар санада бейне елесі (представлений) ретінде көрініс табады және бала тарапынан заттардың өзі секілді ұғынылады. Сөз-атау балаға осы атпен аталған заттың бөлшегі болып табылады.







Баланың сөзі

Мағынасы

(32)

тик-так

сағат

(33)

би-бика

машина

(34)

ту-ту

поезд

Л.С.Выготскийдің пікірінше, балалар еліктеуіш және образды, дыбыстық-бейнелеуіш (звукоизобразительных слов) сөздерден тілімізде қабылданған сөздерге көшеді, сол кезде екі атау (35) пайда болады («ав-ав-ит»). Тілдесу процесінде бала біртіндеп сөздің функциональды қолданысын игереді.

(35) ав ав ав-ав-ит ит



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет