Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет55/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
10. А.Р.Лурия моделі

Л.С.Выготский сөйлеу әрекетін жасаудың пішінделген моделін ұсынған жоқ, ол тек жалпы психологиялық принциптерді ұсынды. Оның идеясын басқа совет психологы Александр Романович Лурия ары қарай дамытты. Ол нейропсихологиямен, әсіресе мидың белгілі шеңберінің зақымдануындағы жоғарғы психофизиологиялық механизмдердің қызметінің проблемасымен айналысқан. Ғалым сөйлеудің динамикалық схемасы жайында ілімді жетілдірді. Оның ойынша, бұл динамикалық схема сөйлеудің түпкі ойының кезеңінің бөлігі болып табылады.

Лурияның моделінде сөйлеудің қалыптасуының орталық проблемасы ойдың мағынаға көшу проблемасы болып табылады. Сөйлеудің қалыптасуы бірқатар кезеңдерді басынан өткереді деп есептеледі:

1. Бірінші кезең «семантикалық жазба (записи)» немесе бастапқы (исходной) схема.

Семантикалық жазба «кейінірек бір ізді бір-бірімен байланысқан сөздер жүйесіне айналуы тиіс тығыздалған (свернутого) сөйлеудің сипатына» ие болады. Сөйлеудің бастапқы схемасы немесе семантикалық жазбасы қатал тәртіппен екі бөлімнен тұрады – бастапқы схеманы, яғни алдағы сөйлеуде потенциалды түрде көрінуі тиіс байланыстар жүйесін құрастыратын тема және рема.

Сөйлеу әрекетін жасау процесінің басында схема тығыздалған және бөлшектелмейді, тек кейінірек ол кеңейтіледі (бірліктердің бір ізді жиынтығы болып қалыптасады).

2. Ішкі сөйлеу.

Сөйлеудің қалыптасуның бұл этапында ішкі ойдың (внутреннего смысла) «тілдік мағыналардың кеңейтілген (развернутых) синтаксистік ұйысымдағы жүйеге» көшуі жүреді. «семантикалық жазбаның» симультанды схемасы болашақ кеңейтілген синтаксистік сөздік пікірдің ұйымдасқан құрылымына қайта кодталады.

3. Кеңейтілген сөйлеудің (сөздік пікір) қалыптасуы (формирование развернутого речевого высказывания).

Лурияның пікірінше, кеңейтілген сөздік пікір, бір жағынан, тілдесі және ақпарат беру үрдісіне енгізілген, екінші жағынан, оның құрамына бір ғана сөйлем емес, бір-бірімен байланысқан сөйлемдердің тұтас тізбегі кіреді. Лурияның кеңейтілген сөздік пікірдің құрамына кіретін фраза немесе сөйлемді контекстен (практикалық және тілдік) тыс зерттеуге болмайды деген пікірі ресей психолингвистикасы үшін маңызды екенін атап өткен жөн.

Сондай–ақ, кеңейтілген сөздік пікірдің құрамына енетін сөйлем референттік мағынадан басқа, тағы тілдік қарым-қатынаста қалыптасатын әлеуметтік-контекстік мәнге ие. Сондықтан да «сөйлеу әрекетінің қалыптасу процесіне тек қана лингвистикалық анализ жасау жеткіліксіз және тілдесу ситуациясын, сөйлеушінің мотивін, ақпарат мазмұнын, оған тыңдаушының қатынасын және т.б. есепке алатын психологиялық (мүмкін, социальды-психологиялық) анализ да қолданысқа енуі керек».

Бұл санап шығарылған атап өтілген ерекшеліктердің барлығы ғалым Лурияға сөйлеуді кез-келген басқа психологиялық қызмет формасы секілді психологиялық құрылымға ие тілдік қызметтің айрықша түрі ретінде қарастыруға негіз берді.

Өз кезегінде, кеңейтілген сөйлеудің туындауы өз құрамына тек осы пікір айтудың бір ізділігін анықтайтын бастапқы схеманы (исходной схемы) ғана емес, сондай-ақ «сөйлеудің сыртқа шығатын компонентттерінің көрінісін үнемі бақылауды да, ал күрделірек жағдайларда қажетті сөйлеу компоненттерін саналы түрде таңдауды да» енгізеді.

Осылайша, Л.Р.Лурияның пікірінше, сөйлеудің туындау процесі «дайын ойдың сондай дайын тұжырымдамалар жүйесіне және кейінірек кеңейтілген пікірге айналуының нақтылы көрінісі емес. Пікір айту – бұл өзінің мотиві (уәжі), бастапқы мақсаты немесе түпкі ойы және бақылауы бар қызметтің белгілі бір түрі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет