Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет54/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

9. Л.С.Выготскийдің моделі

Ресей психолингвистикасында сөйлеу әрекетінің жасалу процесінің мәні ойдан сөзге қарай өтуден тұрады. Сөйлеу әрекетін жасау үрдісін (процесс порождения) бұлайша түсіну психологияда мәдени-тарихи теорияның негізін салған Л.С.Выготский ұсынған.

Л.С. Выготский пікірінше, ішкі сөйлеу – бұл «ой мен сөз арасында динамикалық қарым-қатынасты жүргізуге көмектесетін (посредующий) тілдік ойлаудың ерекше ішкі жоспары». Зерттеуші ішкі сөйлеу мынадай қасиеттерге ие деп есептейді:

- ол фонациядан, яғни дыбыстаудан айрылған;

- ол предикативті (бастауыш түсіріледі және онда тек негізінен баяндауыштар ғана қатысады);

- бұл қысқартылған сөйлеу (сөзсіз тіл).

Соңғы қасиетті қарастыра отырып, Выготский ішкі сөйлеудің семантикасының келесі ерекшеліктерін атап көрсетеді: сөзден мағына басым болады; сөз мәнінің біріктірілетіндігі (слитность) (белгілі бір жөннен агглютинация); ішкі сөйлеудің сөздік мағынамен сәйкес келмеуі.

«Әр түрлі ой, - деп жазды Выготский, - бірдеңе бірдеңеге біріктіруге тырысады және қозғалысқа ие. Бұл ойдың ағымы мен қозғалысы сөйлеуді өрістетумен (с развертыванием речи) тура және тікелей сәйкес келмейді. Ойдың бірліктері мен сөйлеудің бірліктері сәйкес келмейді». Оның байымдауынша, «ішкі сөйлеуден ауызша (внешний речи) сөйлеуге көшу күрделі динамикалық трансформация – предикативті және идиомалық сөйлеудің синтаксистік мүшеленген және жаппай барлығына түсінікті сөйлеуге айналу».

Л.С.Выготский тілдік ойлаудың үш түрлі жоспарын бөледі: ой, ішкі сөйлеу, сөз. Ол сөйлеу әрекетін жасау үрдісінің мәнін былайша анықтайды: «Тілдік ойлаудың нақтылы реальды драмасында қозағалыс қандай да бір ойды тудыратын мотивтен ойдың өзін формаға келтіруге, оны ішкі сөйлеуде қолданысқа ендіру (опосредованию), содан кейін - сыртқы сөйлеудің мағынасында және ең соңында сөйлеуде».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет