Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет62/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
snapshot

60,4

(22)

SNAPSHOT

64,8

(23)

SnapSHOT

74,9

Сонымен қатар, сөзді қабылдау оның тікелей диструбуциясы және көпмағыналылығымен де анықталады.




(24)

Питон поймал мышь.

Питон тышқан ұстады.

(25)

Джон поймал мышь.

Дәулет тышқан ұстады.

(26)

Джон поймал мяч.

Дәулет доп ұстады.

Бұл сөйлемдердегі «ұстады» сөзі реципиент тарапынан әр түрлі мағынада қабылданады. (24) сөйлемде ол «жеді» сөзіне синоним, бірақ (25) сөйлемге сәйкес емес. (26) сөйлемге «қағып алды» деген мағынада қолдануға болады.

Көпмағыналы сөзді ұғыну барысында олардың бірнеше мағынасы сөз өзінің белгілі контекстік мәніне ие болғанға шейін бір-бірімен бәсекелеседі. Осыған байланысты контексті ауызша және жазбаша тілде мағыналық тұрғыдан аяқтаушы және оның құрамына енентін жеке бөлек фрагменттер – сөздердің мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік беруші ретінде қарастырамыз.

Екі мағыналы фразаларды қабылдау заңдылығын және бұндағы контекстің рөлін түсіну үшін өте көп эксперименттер жүргізілген болатын. Солардың бірінде сыналушыларға екі мағынаға ие болған «жучки» (қоңыздар) деген сөз (жәндік және құпия түрде тыңдауға арналған қондырғы) бар мәтінді компьютер мониторында көрсетілді. Мәтінде ол тек бір ғана мағынада, яғни жәндік мәнінде берілді (27).




(27)

В народе говорили, что правительственные здания нашпигованы проблемами. Человек не удивился, когда обнаружил несколько паучков, тараканчиков и разных жучков в углу своего кабинета.

Жұрттың айтуына қарағанда,

мемлекеттік ғимараттар проблемалармен толтырылған. Өзіңнің кабинетіңнің бұрыштарынан бірнеше өрмеші, таракандар және әр түрлі қоңыздар көргенде таң қалмайсың.

Сыналушы топың біреуіне мониторға (жоғарғы жағына) контекстік жағынан сәйкес келетін сөз (құмырсқалар) көрсетілді. Келесі топқа көпмағыналы сөздің контекстік жағынан сәйкес келмейтін (шпион және тігінші) мәтін ұсынылды (28). Сыналушыларға берілген сөздің мағынасын түсінген кезде пернелер тақтасында тиісті пернені басуы қажет. Басқа сыналушыларға да бұл сөздер мониторда берілген болатын, бірақ бұл сөздері бар екі сөйлем көрсетілгенннен кейін ұсынылған болатын. Нәтижесінде көпмағыналы сөз қабылдау кезінде екі мағынасы бар сөз ретінде ұғынылады (сөзді қабылдау жылдамдығындағы айырмашылық 715-708=7 мсек, көп емес) және бұдан мән-мағына айқындалушы контексті қабылдағаннан кейін ғана қажетті мән-мағынасына ие болады (айырмашылық 894-795=99 мсек, айтарлықтай айырмашылық).







Сөз типі

Білдірілетін уақыты, мсек

Тез арада

Кешіктірілген

(28)

Контекст жағынан сәйкес

муравей/құмырсқа

708

795

Контексті жағынан сәйкес емес

шпион/ тыңшы

715

894

Контексті жағынан сәйкес емес

швея/тігінші

746

848

Сөздердің басқа сөздермен сол семантикалық кеңістікте ара қатынасын белгіленуі сөзді қабылдаудың тағы бір ерекшілігі болып табылады.




(29)

Канарейка может петь.

Шымшық сайрай алады.

(30)

Канарейка может летать.

Шымшық ұша алады.

(31)

У канарейки есть кожа.

Шымшықта тері бар.

Шымшықтың ең белгілі қасиеті оның сайрай алу қабілеті болып табылады (29). Шымшыққа тән ұша алу қабілеті оның құстар класына жататындығымен анықталады (30). Ал терісінің болуы оның тірі жануарлар қатарына жататындығымен байланысты (31). Басқаша айтқанда, сайрау мен тері арасындағы семантикалық арақашықтық қарағанда, сайрау мен ұшу арасындағы семантикалық арақашықтық аз. Бұған қарағанда (31) фразаны қабылдау қиын болады. Шымшық сөзінің сөйлеу иесінің тілдік санасында жануарлар класынан гөрі құстар класына жақын.

Егер тахитоскопта берілген сөздер өзара бір-біріне ассоциативті түрде жақын болса мағынасы жете түсінілуі тезірек болады да (32,33), егер алыс болса баяуырақ жүзеге асады (34,35).


(32)

хлеб

масло

Ассоциатвті жақын

нан

май

(33)

медсестра

врач

медбике

дәрігер

(34)

медсестра

масло

Ассоциатвті жақын емес

медбике

май

(35)

хлеб

врач

нан

дәрігер

Бұның өзі адамның тілдік санасында сөздердің ассоциативті байланысының психолингвистикалық шындығын растайды.

Психолингвистиканың қарқынды түрде зерттелуші проблемаларының қатарына ментальды лексикикон (mental lexicon) деп аталатын мәселе жатады. Менталды лексикон адамның сөздер, олардың мағыналары және өзара байланысы жайында білімдерінің жиынтығын құрайды. Ол сөздердің фонологиялық, орфографиялық және семантикалық сипаттамасын бейнелейтін ережелер бойынша құрылған. Менталды лексиконда сөзді іздеу тек сөздің ішкі сипаттамаларына ғана емес, сонымен қатар сыртқы, айталық сөздің қолдану жиілігі және контекстің әсеріне де байланысты деп жорамалданады. Менталды лексиконда сөздік тарауына лексикалық қол жеткізушілік (доступ) қалай жүзеге асады және сөзді тану қалай өрбиді деген секілді сұрақтарға психолингвистер жауап табуға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет