Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Әріптер мен сөздерді қабылдау



бет61/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

4. Әріптер мен сөздерді қабылдау

Сөйлеуді қабылдау тілдің таңбалық формасында жатқан мағынаға енуді білдіреді.

Жазу тілін физиологиялық тұрғыдан қабылдау бір фрагменттен екінші фрагментке көздің секірмелі қимылымен жүзеге асады және бұл кезеңде көз қимылы тоқтаған кезінде мағына ұғынылады. Тіпті қатесі бар, бірақ реципиентке таныс сөзді еске түсіретін болса, ол сөздер таныс сөздер ретінде қабылданады. Мұндай заңдылық ХІХ ғасырдың соңында-ақ эксперимент барысында анықталған болатын. Бұл кезеңде зерттеушіле сыналушының сөзді тану үшін қажет уақытты тексере алатын, өте қысқа уақыт аралығында қақпағы автоматты түрде ашылатын бір жәшік формасындағы тахитаскоп қолданды.





Тахитоскопте берілгендер

Сыналушылардың қабылдағандары

(17)

foyever, күнпағыс

forever, күнбағыс

(18)

Sharesbeth Macpeare, журанл Қазасқтан

Sharespeare Macbeth, журнал Қазақстан

Тек бірқатар жағдайда ғана (22 %-да 15 мысал үшін немесе 14%-да 16 мысал үшін) сыналушылаар сөздің өрескел бұрмаланғанын анықтай алды.

Төменде берілген (19) және (20) әріптер тіркесімен жүргізілген көптеген эксперименттерде сыналушылардың сөзді құрайтын әріптердің ішінде 2-3 тіркесін жеке әріптерге қарағанда жылдам қабылдайтынын көрсетті. Мысалы:

(19) ie, re, th, st, er, te, of

(20)ent, ing, dis, ant, ion, ate, pro

Қазақша вариантында:

(21) өрт, ант, лт, зм, үлк, шік, зғы (төрт, қант, ұлт, қызмет, үлкен, үйшік, сыбызғы).

Ұқсас бірқатар әріптер тіркесі, әсіресе ұзақ сөздерде (18) таныс болмауына қарамастан сыналуышлар бұрыннан белгілі сөздер секілді қабылданып және жылдам түсініледі.

Мұндай эксперименттер таныс сөздер әріптеп емес тұтас элемент ретінде танылады деген болжамды растайды. Сыналушыларға 10 миллисекундта (1/100 секунд) берілген сөздерде әріптерді тани білу қабілеті әріптердің санының қанша болуына емес, сөздің мәніне жүйеліліктің мағыналық қатынасында әріптердің бірізділігінің қаншалықты жақындығына тәуелді. Егер сыналушыларға 10 миллисекудта бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше әріптерді анықтау ұсынылса, онда ол 3 немесе 4 әріпті ғана тани алады, егер бұл әріптер сөзді құраса, бұл кезде 2 сөзге дейін анықтай алады ( әрқайсысы 3-4 әріптен); егер де бұл сөздер синтаксистік жағынан байланысты болса, ол 4 сөзге дейін ұғына алуы мүмкін. 10 миллисекунд – бұл 1 секірмелі қимылды ала алатын ең қысқа мерзім болғандықтан, біз оқу барысында ерекше кадрларға сүйенеміз. Қабылдаудың мұндай ерекшеліктері адамның бірқатар жалпы бейнелерге (гештальт) сүйене алу қабілетінің көрінісі болып табылады.




(22)

Көздің секірмелі қимылдарының саны

Кеткен уақыт, мсек




2

25




5

35




10

45

Егер сөздің мағынасы оның графикалық формасымен бәсекелесетін болса, оқу барысында қиындық туындайды.

Струп эффекті интерференцияның (түрлі факторлардың өзара әсерлесуі) көрнекілікті (суретті) құбылысының ең көрнекті мысалдарының бірі болып табылады. Струп эффектісінің мәні мынада: мән-мағынасыз символдармен жазылған шрифтінің түсін айтуға қарағанда, бөтен басқа түсті білдіретін сөз жазылған шрифтінің түсін атау үшін көп уақыт қажет.

Бұл эксперименттің классикалық вариантында сыналушыларға карточкалар таратылады және келесі тапсырма беріледі: түрлі түспен жазылған сөзді оқу; бөтен түспен жазылған түстің атауын оқу; сонымен қатар карточкада бейнеленген квадраттың түсін атау. Бұл жағдайда әрбір карточкамен жүргізілген жұмысқа кеткен жалпы уақыт ескеріледі. Егер қарапайым сөздер түрлі-түсті фламастармен жазылса, олардың қандай түспен бейнеленген деген сұраққа жауап беруде сыналушылар қиналған жоқ. Бірақ егер «қара» сөзі қызыл түспен немесе «жасыл» сөзі көкпен жазылса, онда олар сөзді баяу және көп қателермен қабылдайды. Сөзді қабылдаудағы кідіріс реципиенттің санасында біреуі мағынамен, екіншісі графикамен байланысты бірден екі «логоген» активтендіріледі. Сонымен қатар, бұл адамның әрқашан саналы қабылдауға ұмтылуын дәлелдейді.

Әр түрлі көлемді әріптермен жазылған сөздер де қабылдау үшін қиындау болып табылады (23).





Сөз

Түсінуге кеткен уақыт, мсек

(21)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет