5. Сөйлемдерді қабылдау
Н.Хомскийдің пікірінше, көпмағыналы фразаларды түсіне алу қабілеті адамның тілдік компетенциясының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тыңдаушының (оқырманның) міндеті екі құрылымды сөйлемнің қайсысын (37 және 38) ойға алғанын анықтау болып табылады (36).
(36)
|
Посещение родственников утомительно.
|
Туысқандардың үйіне бару адамды қатты шаршатады.
|
(37)
|
Когда нас посещают родственники, это утомительно.
|
Біздің үйге туысқандар қонаққа келгенде, біз оларды күтеміз деп шаршап кетеміз.
|
(28)
|
Когда мы посщаем родственников, это утомительно.
|
Туысқандардың үйіне қыдыр бар, бұл бізді жалытырады.
|
Ұқсас жағдайда, (39) фразасы екі мағынаға ие болуы мүмкін (немесе Н.Хомскийдің пікірінше, екі етерең құрылым). Реципиенттің міндеті түсіну немесе екі мағынаның қайсысы (40 немесе 41) белгілі контексте жүзеге асырылған.
(39) Қарақшылар адам өлтіру – қорқынышты іс (Убийства бандитов были ужасны).
(40) Қарақшылар адам өлтірген кезде, бұл қорқынышты іс болды (Когда бандиты убивали, это было ужасно).
(41) Қарақшыларды өлтірген кезде, бұл қорқынышты іс болды (Когда убивали бандитов, это было ужасно).
Тұтас алғанда, көпмағыналы сөйлемдер өзінің синтаксистік құрылымына байланысты бірнеше типі болуы мүмкін.
|
Көпмағыналы сөйлемнің типтері
|
Мысал
|
Мүмкін варианттар
|
(42)
|
Бірмағыналы
|
Jack likes soccer.
|
Дәулет көкпарды жақсы көреді.
|
|
(43)
|
Глобальды көпмағыналы
|
Flying planes can be dangerous.
|
Ұшқан самолеттер қауіпті болуы мүмкін.
|
Ұшақпен ұшу қауіпті болуы мүмкін.
|
(44)
|
Жеңіл көпмағыналы
|
Студенты из Тюмени поехали в москву.
|
Тюменде тұрып жатқан студенттер Москваға келді.
|
Тюменде болған студенттер Москваға келді.
|
(45)
|
Жеңіл көпмағыналы
|
John knows Bill loves Mary.
|
Беріктің Маржанды жақсы көретінін Дәулет біле ме?
|
Беріктің Маржанды жақсы көретінін Дәулет біледі.
|
(46)
|
Қиын уақытша көпмағыналы
|
The horse raced past the barn fell.
|
Жылқы сарайдың қасынан өтіп бара жатып құлап қалды?
|
Сарайдың жанынан жүгіріп өткен жылқы ... құлап қалды?
|
Уақытша көпмағыналы сөйлемдерге (temporarily ambiguous sentences) (46) келетін болсақ, олар оқу барысында белгілі бір орындарға дейін осылайша болуы мүмкін. Көпмағыналық реципиент мүмкін мағынаның қайсысын қабылдайтынын шешкен кезде жоғалады (алынып тасталды).
Сонымен қатар, бір сөз сөйлемде бірнеше мағынаға ие болуы мүмкін (47) немесе контекстен суырып алынған жазба тілдегі фраза ауызекі тілде бар логикалық екпінің ізі болмайды (48).
|
Мысал
|
Мүмкін варианттар
|
(47)
|
Балапандар түскі асқа дайын.
|
Балапандар (тірі) тамақтануға даяр.
|
Балапандар (қуырылған) жеуге даяр.
|
(48)
|
Ол норвег қызына үйленетін болып шешті.
|
Ол үйленетін боып шешті, әйтеуір.
|
Ол тек норвег қызына үйленемін деп шешті.
|
Сөйлеуді қабылдау барысында реципиент үшін әрқашан берілген сөздің синтаксистік формасы маңызды емес екенін ескерте кеткен жөн. Ең бастысы – оның мән-мағынасында.
Тану, айыру (recognition test) эксперименті кезінде сыналушыларға алдымен, үлкен емес мәтіндер, соңынан түрлі фразалар берілді және оладан бұл фразаларды бұрын кездестіргені жайында айтуды сұрады. Егер оларға алдымен (49) фраза берілсе, онда сыналушыларға кейінірек берілген (50) фразадан айырулары қиын болды.
(49)
|
Мистер Смит заказал кофе.
|
Мистер Смит кофе әкеліп беруді тапсырды.
|
(50)
|
Кофе был заказан мистером Смитом.
|
Кофені әкеліп беру мырза Смит тарапынан тапсырылған болатын.
|
Басқа жағдайда сыналушылаарға алдымен, (51) фразаны оқып, соңынан (52) фразаны ұсынса олар оны ажырата алған. Өйткені олар түрлі сұраққа жауап берген. Бұл жағдайда активті және пассивті құрылымдар арасындағы айырмашылық маңызды болып табылады.
|
Фразалар
|
Сұрақтар
|
(51)
|
Кофе заказал мистер Смит.
|
Кофе әкеліп беруді Мистер Смит тапсырды.
|
Кто заказал кофе?
|
Кім кофе әкелуді тапсырды?
|
|
Мистер Смит заказал кофе.
|
Мистер Смит кофе әкелуді тапсырды.
|
Что заказал мистер Смит?
|
Мистер Смит не әкелуді тапсырды?
|
Бұл фразаларға жауап беретін сұрақтардағы бұл айырмашылық (кофе немесе мистер Смит) қабылдау аяқталғаннан кейін санада сақталатын форманы бейнелейді. Сондай-ақ, сыналушылар фразаларды қабылдауда онда берілген ситуацияларға көңіл бөледі және осының өзі тілдік хабарды есте сақтауға әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |