Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Эквивалентті (баламалы) өзгертулер (алмастыру) механизмі



бет65/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

7. Эквивалентті (баламалы) өзгертулер (алмастыру) механизмі

Эквивалентті өзгертулер механизмінің әрекеті, негізінен, реципиенттің сөйлеуді қабылдау процесінің өзінде сөздер немесе сөз тіркесін (күрделі белгілерді) қарапайымдау белгілер және көрнекі бейнелерге алмастыруларынан тұрады. Бұндай процестің болуының өзі санада пайда болған белгі алғашқы белгіні тікелей емес жанама немесе «өзгерген» түрде бейнелеу қажеттілігнен туған және адамның оны түсінуі «сөздер тілі», «бейнелер тілі» және «ойлар тіліне» аудару жолымен жүзеге асады. Санадағы бейнеге қабылдауда берілген сөздерден өзгеше, алайда мағынасы жағынан ілесетін түрлі сөздер сәйкес келуі мүмкін. Айталық, нұсқау түрінде берілген (76) фразаны қабылдау реципиентте оны басқа стильге аудару бойынша (77) белсенділік туғызады.

(76) «Лифт асыра тиелген» деген сигнал жанғанда кабинаны жиірек жеңілдетіп тұру қажет.

(77) Егер қызыл жарық жанғанда, біреуге лифтіден шығу керек болады.

Басқаша айтақанда, лифтіге кірген адам мұндай мәтінді оқығанда, оны өзі үшін түсінікке оңай, жеңіл формаға айналдырып алауы оның ұғымына жеңіл болады. Осы оңайтылған, жеңілдетілген түрде ол оны есте сақтай алады.

Демек, оқырман оған берілген таңбалық бейнелерді не құрылымды өзінің санасында бар бейнелермен ара қатынасын белгілейді не алмастырады (79).

(79) Версальдағы отбасымен бірге ішкен түскі астан кейін, жаңбырлы түнде Келісім алаңы және Со, Луи, Рене бульварларынан өткеннен кейін, сол жағалаудағы станцияда бос вагонға көңілі жайланып отырды.

Егер мұндай ұғымдар санамызда болмаса, онда реципиент оны ұқсас ұғымдармен ауыстырады (мысалы, Францияның емес, өзіне таныс Қазақстанның теміржолын, вагонын, бас булварь, алаңды т.с.с.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет