Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет73/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
5. Мәтінді қабылдау

Мәтінді қабылдауға пікір айту, сөйлеуді қабылдаудағы заңдылықтар да тән. Мәтінді қабылдау барысында ықтимал болжау механизмі әрекет етеді, авторда пресуппозиция болады, оқырман мәтінді апперцепция негізінде түсінеді және т.с.с.

Дегенмен, сөйлемді, айтылған бір фразаны қабылдаудан гөрі мәтінді қабылдау әлдеқайда қиындырақ. Мәтінді қабылдау кезінде адам санасында бірінен соң бірі ауыстырылып жатқан кесінділер мағыналық тұрғыдан аяқталған қатынаста құрастырылады. Соңынан мәтіннің элементтерін салыстыру жүзеге асады. Бұдан кейін мәтін мазмұнының құрылымын тұтас түрде сезіну процесінде оны алғашқы арақатынаста қайта құру мүмкін (айталық, детективті оқу барысында оқырман суреттелген оқиғалардағы кейіпкерлердің рөлі жөніндегі алғашқы пікірін қайта қарауы мүмкін). Болуы мүмкін мәтін астарын тану үдерісінде айтарлықтай деңгейде қалыптасқан мәтіннің кейбір жалпы мәнін (концептісін) түсіну паралельді түрде жүзеге асады. Оқырманда пайда болатын мәтін проекциясы (ресейдің белгілі психологы А.Рубакинанің термині) реципиенттің мағыналық алаңына (смысловое поле) мәтін мазмұнын енгізу нәтижесі болып табылады.

Көркем мәтіннің мағынасын қабылдауға қатысты 1892 жылы Эмил Геннекен тарапынан айтылған гипотеза әділ болып табылады. Ол былай еді: «Көркем әдебиетті сүйіп оқитындар суреткердің рухани жан дүниесінің құрылымына ұқсас рухани жан дүние құрылымына ие, егер бұл анализдің арқасында белгілі болып отырса, демек көркем әдеиет сүйер қауымға суреткердің рухани жан дүниесінің құрамына кіретін қабілеттер, жетістікрге, кемшіліктер таңу заңды болып табылады». Басқаша айтқанда, оқырман жазған шығармалары өзіне ұнайтын жазушыға өзінің психологиялық сипаты жағынан ұқсас деп жоармалдауға болады.

Бұл гипотезаны тексеру бойынша жүргізілген эксперименттер бұл мәселені екі түрлі гипотезада нақтылауға және қайта құруға мүмкіндік берді:


  • Белгілі бір әдеби жанрдың жазушылары мен оқырмандары басқа әдеби жанрдың жазушылары мен оқырмандарынан ерекшелейтін психикалық бірқатар ұқсас белгілерге ие болады.

  • Жалпы оқырман тұтасымен жазушыдан айрытын психикалық ерекшеліктері болады. Геннекеннің терминін қолдана отырып, «шығармашылық қабілет» «қабылдаушы қабілеттен» сапалық өзгешеліктерге ие деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет