Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет75/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
7. Қабылдаудың сатылығы

Реципиенттің мәтінді түсіну барысында мәтінді түсіну барысында реципиентке бірнеше фраза, сөйлемдерді бір мағыналық тұтастыққа біріктіру қажет. Бұл кезде тілдік материалды қабылдаудың сатылығы әрі келіп жатқан информацияның жүйелі, дәйекті өңдеудің, әрі мәтін мағынасының интеграциясын қарастыруды ұсынады (1,2,3,4).

(1) Қара ойнақы көздері оған қадала қарады.

(2) Қазір ерні қимылдайды да және одан ашық және жайдары жүзінде ойнақтап тұрған көңілді әзіл шығып кететіндей көрінді.

(3) Бұл суреттің авторы кім?

(4) Алтын жалатылған рамаға жабыстырылған қағаз Чингиннато Баруцци портретін Карл Брюллов салғанын дәлелдейді.

Ресей психолингвисті Н.И.Жинкиннің пікірінше: «бұл мәтінде алғашқы үш сөйлем арасында мағынасы бойынша байланыстару оңай емес терең саңылаулар (скважины) бар. Тек төртінші сөйлемде 4 сөйлемді бірге байланыстыру үшін қажет барлық нәрсе берілген. Бірақ төртінші сөйлем жеке алғанда түсініксіз болады».

Сонымен қатар, Жинкиннің байымдауынша, «мәтіндік мағына – екі көршілес сөйлемнің лексикалық мағынасының интеграциясы. Егер интеграция пайда болмаса, онда келесі көрші сөйлем алынады және бұл сөйлемдердің мағыналық байланысы пайда болғанға шейін жалғаса береді». Зерттеуші осы бойынша мынадай ескертпе айтады, минимум ең кем дегенде екі сөйлемнен кейін мағына туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет