Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет77/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
Негізгі сөздер: эксперимент, сыналушы, ассоциативті эксперимент, стимул,

реакция, ассоциативті алаң (поле), семантикалық қашықтық, коннотативті

мағына, қосымша үстеу методикасы, семантикалық дифференциал, шкалалау.

1. Психолингвистикада эксперимент рөлі

Лингвистикада эксперименттің қажеттігі жөніндегі мәселені ең алғаш рет 1938 жылы Л.В.Щерба өзінің «Тіл біліміндегі тіл құбылыстардың үш түрлі аспектісі және эксперимент жайында» деген мақаласында көтерген болатын. Ғалымның байымдауынша, тілдік жүйені, яғни сөздік және грамматиканы сәйкес мәтіндерден, яғни сәйкес тілдік материалдардан алып шығаруға болады. Оның пікірінше, өлі тілдер үшін бұдан басқа әдіс қолданудан басқасы жоқ екені анық.

«Лингвисттердің көпшілігі әдетте тірі тілдерді тура өлі тілдер секілді қарастырады, яғни тілдік материалды жинақтайды, басқаша айтқанда мәтіндерді жазып алады, соңынан өлі тілдердің принциптері бойынша жөндеулер жүргізеді,» - деп жазды. Щербаның ескертуінше, «бұл жағдайда өлі сөздіктер мен грамматика келіп шығады. Тірі тілдерді зерттеуші басқаша әрекет жасауы тиіс».

«Зерттеуші де түсінікті тілдік материалға сүйену қажет. Бірақ бұл материалдың фактілері бойынша қандай да бір дерексіз жүйе құрып алып, оны жаңа фактілерде тексеру қажет, яғни одан алынған фактілер шындық болмыс талаптарына жауап бере ме, жауап бермей ме анықтау қажет. Осылайша тіл білімінде эксперимент принципі қолданысқа енеді».

Сондай-ақ, Щерба эксперимент дұрыс та және бұрыс нәтижелерге ие болуы мүмкін деп жазған болатын. Бұрыс нәтижелері не тұжырымдалған ережелердің дұрыс құрылмағанына, не қандай да бір шектеулердің қажеттігіне, не ереженің енді жоқ болуына, яғни тек сөздіктің фактілерінің барлығына көрсетеді. Щерба дұрыс (1,2,3) және бұрыс сөйлемдерден (4) мысал келтіре отырып, тіл зерттеушісі тілдік материалдың дұрыс не бұрыстығы жайындағы сұрақтарына жауап беруді тек қана өзінің интуициясына сүйенбей, тіл иесінің назарына ұсыну қажет деп табады. Сонымен қатар, зерттеуші мұндай эксперименттер табиғатта өткізілетін, яғни бала сөйлеуді үйрену барысында не ересек адам шет тілін меңгеру кезінде, не патологияда, тіл ыдырауы (распад языка) кезінде жүзеге асады деп есептеді.

(1) Қалада ешқандай сауда болған жоқ.

(2) Ешқандай сауда қалада болған жоқ.

(3) Қалада сауда ешқандай болған жоқ.

(4) Ешқандай сауда қалада емес болған жоқ.

Зерттеуші жазушылардың қателерін де еске сала отырып, оны «ляпсустар» тілді дұрыс қабылдамау сезімімен байланысты деп қарастырады. Бұл кезде атақты психолог, философ Фрейд те жаңылыс айту және жаңылыс естулерді психоанализ парадигмасында жазғанын атап кеткен жөн.

Щерба тіл біліміндегі экспермент дегенде мыналарды жобалап түсіндіреді: 1) интероспекция, өз-өзін бақылау және 2) өзінің жеке экспериментін жасау. Ол эксперимент принципі жайында адамның тілдік қызметін түсіну барысында терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды момент ретінде жазды. Ол мұны ХХ ғасырдың 30-жылдарында кеңес тіл білімінде айтыс, талас пікірлер болып жатқан кезде жазғандықтан, ғалым индивидуализм деген айыптан қорқып, берілген әдістіңң әдістемелік дұрыстығын дәлелдеді. Щерба: «Мұндай әдіспен тек «тілдік жүйе емес, индивидуальды тілдік жүйе» зерттеледі деген кең тараған үрейді жою қажет. Себебі индивидуальды тілдік жүйе тілдік жүйенің нақты бір көрінісі болып табылады».

Ресей психолингвисті Л.В.Сахарныйдың ескертуінше, лингвистикалық анализдің дәстүрлі әдістерін қолдаушылардың тарапынан эксперментке қатысты қарсылықтары бар. Әдетте олар мына төмендегіге алып келеді:

1. Эксперимент материалдары өте қызық, бірақ экспериментатордың берген тапсырмасы бойынша сыналушылар не айта алады? Экспериментте шын мәнінде тілдік ережелер айқындалады дегенді қалай дәлелдейді?

2. Экспериментте әдейі жасанды ситуациялар ұйымдастырылады, ал бұл тілдің және сөйлеудің табиғи қызметіне тән емес.

3. Спонтанды сөйлеу барсында (философиялық ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсермен болмаған сөйлеу) кейде ешқандай эксперимент арқылы ұйымдастыру мүмкін емес нәрселер байқалады, яғни экспериментті әдістеменің мүмкіндігі шектеулі.

Л.В.Сахарный бұл сұрақтарға төмендегідей жауап беруге болады деп тапты:

1. Экспериментте тіл немесе сөйлеу зерттеле ме деген сұрақ болып отыр. Дәстүрлі лингвистикада сөйлеу арқылы тілге шығу тыйым салынғанын мойындайды. Бірақ егер тілді спонтанды мәтіндер арқылы зерттесе, неліктен оны эксперимент барысында алынған мәтіндер арқылы зерттеуге болмайды? (Лингвистикада тіл жүйе ретінде, ал сөйлеу оның жүзеге асу ретінде ұғынылатынын ескерте кеткен жөн).

2. Эксперименттегі ситуациялар жасанды болғанымен, экспериментте байқалған тілдік қызметтің принципалды ерекшеліктері экспериментальды емес ситуациялардағы тілдік қызмет үшін де тән. Типтік және типтік емес, табиғи және жасанды ситуациялар араларында айқын шекара қоюға болмайды.

3. Эксперимент психолингвистикалық зерттеудің жалғыз болуы мүмкін әдісі болып табылмайды. Психолингвистика дәстүрлі лингвистика қолданатын не материалын, не бақылау әдісін жоққа шығармайды. Психолингвистика бұл материалды қолданады, бірақ басқа көзқарас тұрғысынан, кеңдеу контексте, және материалда, және әдісте. Мұнда және тілдік, және тілдік емес контекст, және қызметтің жалпы шарты, және коммуниканттың түпкі ойы, және коммуникацияға қатысушылардың күйі есепке алынады.

Ресей психолингвистикасының тілдік ерекшелігі ретінде «информант» ұғымы емес, «сыналушы» ұғымы қолданатындығын атап өткен жөн. Информант (лат. information – түсіндіру, мазмұндау) – бұл экспериментке қатыстырылған және экспериментаторды оның барысынмен, объектімен өзара әрекеттестігінің ерешеліктері жайында ақпарат беруші субъект. Сыналушы – бұл тіл иесі бола отырып, бір мезгілде және оны (тілді) қолданудың эксперті болып табылады, және сонымен қатар экспериментаторға өзінің тілдік санасының фрагменттері жайында мәліметті жанама түрде хабарлайтын субъект. Басқаша айтқанда, психолингвистика тілдік материал бойынша тіл иесінің берген субъективті интерпретациясын кедергілер факті ретінде емес, ғылыми анализге тән факт ретінде қабылдайды.

Психолингвистиканың маңызды ерекшелігі сөздің мағынасын – оның семантикасын қарастыру болып табылады. Лингвстикада семантика анализі, ең алдымен, сөздің лексикалық мағынасын, олардың мағынасының өзгеруін, тілдік оралымдарды немесе грамматикалық формаларды зерттеумен байланысты. Ал психолингвистика объективті және субъективті семантика деп бөледі. Алғашқысы тіл мағынасының семантикалық жүйесі болып табылады, екіншісі индивидумның санасында болатын ассоциативті жүйе ретінде беріледі. Осыған байланысты семантикалық белгілер ассоциативті (субъективті) областына қатысты және абстракті-логикалық (объективті) тұрғыдан алынған лексиканың семантикалық компонентіне жататын болып жіктеледі. Психолингвистикалық ұғым «семантикалық алаң» (семантическое поле) сөздерді олардың ассоциациялармен бірге жиынтығы ретінде қарастырады.

Субъективті семантикалық алаңды және олардың ішкі байланысын экспериментальды түрде анықтауға ұмтылыстардың бірі ассоциатвті эксперимент әдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет