2.3. Ассоциативті эксперименттердің нәтижелерінің мәні. Ассоциативті эксперимент психолингвистикада, психологияда, социологияда, психиатрияда кең танымал және белсенді түрде қолданылады.
Ассоциативті эксперименттердің нәтижелері, ең алдымен, лингвистиканың түрлі салаларында қолданылуы мүмкін. Көбінесе, бұл эксперимент саны көп сыналушылар арасында жүргізілетіндігін әрбір сөз-стимулдарға сөз-рекациялардың жиілік таблицасын құрастыруға болады. осы арқылы әр түрлі сөздер арасындағы семантикалық жақындықты (семантическое расстояние) анықтауға болады. Сыңар сөздердің семантикалық жақындығының өлшемі жауаптардың сәйкес келу деңгейі болып есептеледі, яғни оларға берілген ассоциациялардың ұқсастығы. Түрлі авторлардың еңбегінде бұл ұқсастықтар түрлі атпен беріледі: «қиылысу коэффициенті», «ассоциация коэффициенті», «нормадан асып түсу шамасы».
Сөздер арасындағы семантикалық ара қашықтықты анықтау лингвистиканың проблемаларының бірі – синонимдерді анықтауда көмектесуі мүмкін. Егер мағынасы жағынан ұқсайтын сөздер (14) арасындағы ұқсастық деңгейін анықтау керек болса, онда түрлі адамдардан сұрау қажет және әрбір адам олардың ұқсастығын түрліше түсіндіреді. Айталық біреулер үшін жұмысіске ұқсайды, басқалар үшін еңбекке ұқсайды. Сондай-ақ сыналушыларға бұл сөздердің әрқайсына рекцияларын беруді ұсынуға болады, соңынан қанша реакциялар сәйкес келетіні қарау керек. (Бұл жағдайда бәрінен жұмыс – еңбек жақын болды, одан кейін іс-жұмыс, соңынан еңбек - іс). Осылайша ассоциативті эксперимент әдісі көмегімен саны көп сыналушылар арасында жүргізілген сұрақ бұл сөздер арасындағы семантикалық ұқсастықты көрсетті.
(14) жұмыс, еңбек, іс
Кейде мұндай мәліметтерді мәтіннің дистрибутивті-статистикалық анализінің нәтижелерімен сәйкес келеді, яғни зерттеушліре экспериментке қөңіл бөлмей сөз тіркесіне есептеу жүргізе отырып анықтайды (диструбуция). Ассоциативті эексперимент тіл иесінде тілдік сананың фрагменттері қалайша құрылғанын анықтауға көмектеседі.
Өз кезегінде Дж. Диз ассоциативті эксперимент негізінде сөздің семантикалық құрамын қайта құруға тырысты. Сөз-стимулдарға деген екінші ассоциациялардың (яғни, ассоциацияларға ассоциациялар) семантикалық ара қашықтық матрицаларын ол факторлық анализ процедурасына салды. Айқындалған факторлар мазмұндық интерпретация алды және семантикалық құраушы мағына ретінде көрінеді. Ассоциативті эксперимент лингвистикалық және психологиялық білім алудың әдісі болып табылады. Сондықтан ассоциативті эксперимент барысында сыналушыларға белгілі бір сөзге ойыңа бірінші келген сөзбен не сөз тіркесімен жауап беру ұсынылады, бұл арқылы өте қызықты нәтижелер алуға болады (15):
(15) СТУДЕНТ (625 адам) – институт 44, өмір бойы 41, студентка 39, кедей 34, сыртқы бөлім 28, көңілді 20, жас, жақсы 18, жаман 16, стипендия 14, экзамен 11, абитуриент, азаптанушы, оқытушы 10, үнемі аш жүру, вино, аштық, аш, тамаша кездер, психоз, бес жыл демалыс – жиырма минут масқара 1.
Ассоциативті эксперимент сөздің мағынасында психологиялық компонентті көрсетеді. Осылайша ассоциативті эксперимент сөздің семантикалық құрылымын құруға мүмкіндік береді. Ол лингвистикада семантикалық алаң деп аталатын психологиялық эквиваленттерді зерттеу үшін маңызды материал ретінде қызмет атқарады және тіл иесінің психикасындағы сөздердің семантикалық байланыстарын объективті түрде анықтайды, табады, ашады.
Осыған орай ассоциативті эксперименттің ең басты артықшылғы оның қарапайымдылығы, қолдануға оңайлығы, ол сыналушылардың үлкен тобымен өткізіле алады. Сыналушылар сөздерді мағынасымен «қолданыс режимінде» жұмыс істейді, мұның өзі мағынаның кейбір ұғынылмайтын компоненттерін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, эксперименттің нәтижесі бойынша орыс тілі иесінің санасында экзамен сөзінің мынадай психологиялық моменті де болады: қиын, қорқыныш,қорқынышты, ауыр (16). Лингвистикалық сөздіктерде мұндай сөздер жоқ.
(16) ЭКЗАМЕН (626 адам) – қиын 87, тапсыру 48, сессия 26, сынақ 21, билет 18, жуырда 17, математика бойынша 13, кәмелетке толу аттестатына, қорқыныш 10, қорқынышты 8, ауыр 6.
Сөзге ассоциативті реакциялардың ерекшелігі сыналушылар сөз-стимулдың фонологиялық және синтаксистік деңгейіне сезімтал болуы мүмкін.
Кейбір фонетикалық ассоциациялар *мағыналық ассоциациялар ретінде қарастырыла алатыны ескерте кеткен жөн (17). Әдетте бұл ассоциациялар экспериментаторлармен жұмыс істегісі келмейтіндермен немесе шаршаған күйдегі (мысалы, ұзаққа созылған эксперименттің соңында), сондай–ақ, ақыл-есі кем сыналушыларға беріледі.
Кейбір реакциялар (17) мағыналық ретінде де және фонетикалық ретінде де түсінілуі мүмкін. Олар көбінесе сыналушыларға шаршаған кезде немесе ақыл-есі кем сыналушыларға беріледі:
(17) мама- рама, дом – дым, гость – кость
Ассоциациялардың көпшілігі сөйлеу штампалармен, клишелермен шарттасқан. Сондай-ақ, бұл кезде ассоциациялар сыналушының туған мәдениетінің түрлі аспектілерін (18) және мәтіндік реминисценцияларын (19) бейнелейді.
(18) алаң – Қызыл
(19) мастер – Маргарита
Ассоциативті эксперимент психологтар үшін ерекше мәнге ие, себебі экспериментальды психологияның ең көне әдістерінің бірі болып табылады. Джордж Миллер бұл әдістің пайда болу тарихын көрнекті түрде түсіндіреді. Ағылшын ғалымы және Чарлз Дарвиннің немерелес інісі сэр Френсис Гальтон 1879 жылы бірінші болып ассоциативті экспериментті қолданды. Ол 75 сөзді таңдап алды, әрқайсысын жеке карточкаға жазып, бірнеше күндей оған тиіспей жүрді. Сосын карточкаларды бір-біреуден алып, оған қарады. Ол өзінің көзі сөзге келіп тоқтағаннан бастап және оқылған сөз онда екі түрлі ой тудырғанға шейін уақытты хронометрмен белгілеп отырған. Ол бұл ойларын жазып отырған, бірақ жариялаудан бас тартқан. «Олар адам ойының мәнін сондай таң қаларлық анық және сенімді түрде жалаңаштайды, егер оны жарияласақ, онда оларды сақтауға болмайды», - деп жазды Гальтон.
Қазіргі таңда мұндай әдіс Кент-Розанованың еркін асссоциациялары методикасы ретінде танымал. Мұнда тітіркендіруші ретінде 100 сөзден тұратын жинақ қолданылады. Бұл сөздерге сөйлеу реакциялары психикалық жағынан сау адамдардың үлкен санына жүргізіліп, стандартталған және стандартты емес сөйлеу реакцияларының үлес салмағы (стандарттылармен олрдың қарым-қатынасы) анықталады. Бұл берілген мәліметтер эксцентрліктің деңгейін, нақты сыналушылардың ойлауының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір адамның ассоциативті алаңы атаулардың құрамы бойынша және олардың арасындағы байланыстың күші бойынша өзгеше болып келеді. Жауаптардағы байланыстардың қандай да бір актуалдылығы кездейсоқ емес және тіпті ситуацияға да тәуелді болуы мүмкін (20). Алайда адамның білімінің деңгейі оның ментальды лексиконының құрылуына әсер ететіні сөзсіз. Айталық, орыс және эстон тілі материалдары бойынша ассоциативті эксперименттер жоғары техникалық білімі бар адамдар көбінесе парадигмалық ассоциация береді, ал гуманитарлықтар – синтагмалық.
(20) дос - Мишка
Сонымен қатар, ассоциация сипатына және адамның жасы және географиялық жағдайы және мамандығы да ықпал жасайды. А.А.Леонтьевтің берген мәліметтері бойынша, Ярослав (21) немесе Душанбенің тұрғыны (22), дирижер (23), медсестра (24) және құрылысшы (25) бірдей стимулға әр түрлі реакция берген.
(21) кисть – рябины
(22) кисть – винограда
(23) кисть – плавная, кисть – мягкая
(24) кисть – ампутация
(25) кисть – волосяная
Дегенмен, белгілі бір ұлтқа, белгілі бір мәдениетке тиістілігі берілген тілде ассоциативті алаңның «орталығын» тұтас алғанда стабильді етеді, ал байланысты – үнемі қайталанатын етеді (26, 27, 28). А.А.Залевскийдің тверлік психолингвистика материалдары бойынша ассоциациялар халықтың мәдени-тарихи дәстүрлеріне де тәуелді – орыс (29), өзбек (30), француз (31).
(26) ақын – Пушкин
(27) сан – үш
(28) дос – жолдас, дос – дұшпан, дос – адал
(29) нан – тұз
(30) нан – шай
(31) нан – вино
Бір стимулға берілген ассоциацияларды салыстырғанда, сөз-стимулға үш ең жиі реакциялар 1910 жылы орташа есеппен жалпы жауаптың 46 % құрды, ал 1954 жылы жалпы жауаптың 60 %, яғни ең жиі реакциялар жылдан-жылға жиі бола түскен. Мұның өзі, стандартты білім беру жүйесіне, теледидардың және басқа массалық коммуникация құралдарының кең таралу нәтижесінде реакцияның стереотиптілігі ұлғайды, адамдар бірдей ойлай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |