7. Градуальды шкалалау
Градуалды шкалалау эксперимент барысында сыналушыға сөздер қатарын «рет-ретімен» бір семантикалық топқа орналастыру ұсынылады. Бұл әдістеменің ерекшелігі сол – тіл иесінің сөздікте берілмеген семантикалық кеңістікте сөздерді орналастыру мүмкіндігі жайындағы ойын қолдану болып табылады.
Мысалы, «ұзындық көлемі, өлшемі» мағынасындағы 36 сөзді 103 сыналушы тарапынан ленинградтық зерттеуші В.Я.Шабестің экспериментінде төмендегіше орналастырылды:
Ранг
|
Сөз
|
Место на шкале
|
1
|
микроскопический
|
1,32
|
2
|
чуточный
|
3,34
|
3
|
крошечный
|
4,53
|
4
|
крохотный
|
4,59
|
5
|
малюсенький
|
4,95
|
6
|
махонький
|
5,61
|
7
|
карликовый
|
6,69
|
8
|
кукольный
|
8,53
|
9
|
миниатюрный
|
8,96
|
10
|
игрушечный
|
9,41
|
11
|
маленький
|
10,71
|
12
|
мелький
|
10,84
|
13
|
малый
|
12,53
|
14
|
небольшой
|
13,88
|
15
|
нормального размера
|
15,31
|
16
|
немаленький
|
16,69
|
17
|
немалый
|
17,82
|
18
|
большой
|
19,02
|
19
|
порядочных размеров
|
20,31
|
20
|
крупный
|
20,92
|
21
|
значительных размеров
|
21,78
|
22
|
солидных размеров
|
22,37
|
23
|
здоровый
|
22,84
|
24
|
громоздкий
|
23,35
|
25
|
внушительных размеров
|
23,86
|
26
|
здоровенный
|
25,45
|
27
|
огромный
|
26,82
|
28
|
громадный
|
28,39
|
29
|
гигантский
|
30,94
|
30
|
грандиозный
|
31,06
|
31
|
неохватный
|
31,18
|
32
|
исполинский
|
32,69
|
33
|
неизмеримый
|
32,73
|
34
|
колоссальный
|
33,20
|
35
|
циклопический
|
24,18
|
36
|
чудовищного размера
|
34,49
|
Осыған сәйкес, егер белгілі бір семантикалық шкалада сөздің орны белгілі болса, сөздер арасындағы семантикалық арақашықтықты белгілі бір шкалада (47-50) өлшеуге болады:
|
ара қашықтығын анықтау қажет сөздер
|
ара қашықтық
|
(47)
|
небольшой
|
немаленький
|
2,81
|
(48)
|
небольшой
|
большой
|
5,14
|
(49)
|
крохотный
|
громадный
|
23,80
|
(50)
|
микроскопический
|
чудовищного размера
|
33,17
|
Дәл осылайша кез келген семантикалық топтағы сөздерді орналастыруға болады (51):
(51) паскудный, омерзительный, пакостный, мерзостный, отвратительный, гнусный, паршивый, гадкий, нестерпимый, невыносимый, несносной, невозможный, дрянной, никудышный, скверный, дурной, худой, плохой, аховый.
Мұндай эксперименттердің нәтижелері «градуальды сөздіктер» жасауға көмектеседі және практикалық маңызы зор (әсіресе, жарнамалық мәтіндерді құрастыруда).
8. Сауалнама
Сауалнама (questionnaire) қағазға жазылған немесе компьютер мониторында берілген бірнеше сөйлемдердің жиынтығынан тұрады. Сауалнаманы алған информанттар сөйлемдерді оқып және сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мысалы, олар бұл тілде былайша сөйлеуге бола ма немесе бұл фраза нені білдіреді (а не б).
(54) Somebody shot the servant of the actress who was on the balcony. Кто-то застрелил служанку актрисы, которая стояла на балконе.
а) На балконе стояла актриса.
б) На балконе стояла служанка.
Ереже бойынша информанттар уақыт жағынан шектелмеген. Мұндай эксперименттер пилотажды да болып келеді, яғни келесі эксперименттер үшін материал таңдауға бағытталған болуы мүмкін.
Берілген экспериментте ағылшын тілді информанттар бірінші вариантты таңдайды (а) – ерте жабылған деп аталады, ал испан тілді халық - (б) – кеш жабылу.
9. Классификация (топтастыру)
Психолингвистикада түрлі классификация түзумен байланысты методика тұтасымен кең таралған. Бұл эксперименттер нәтижелері когнитивті процестерді көрсетеді: адам қалай белгілерді айқындайды, оларды белгілі бір группаларды, кластарды қалыптастыра жинақтайды. ХХ ғасырдың 60-жылдары Дж.Миллер материалды классификациялау формалары бұл материалдың ішкі семантикалық байланысына сәйкес келеді, демек, бұл байланыстың құрылымы классификациялау процедурасында білінуі мүмкін.
Сыналушыларға материалды (мысалы, бірнеше сөздер) группаларға бөлу - классификациялау ұсынылады. Сыналушы құрастыруы тиіс не группалар саны, не әрбір топтағы сөздер саны саны жағынан шектелмеуі керек. Кейбір сөздер сыналушылар тарапынан өзара бір-бірімен бірітірілуі жиі болуы түсінікті. Түрлі сөздердің бір класқа біріктірілу саны әрбір объектілер жұбының семантикалық ұқсастығын анықтау өлшемі ретінде қызмет етеді.
Мұндай өзгертулер негізінде объектілердің жүйелі топтарына біріктірілген кезде кластер-анализі деп аталатын процедурасы жүргізіледі. Ең алдымен семантикалық жағынан бір-біріне жақын сөздер біріктіріледі, сосын бұл жұптар өздеріне жақын тұрған жұптармен бірігеді. Материалды семантикалық жақындығының түрлі деңгейінде ұйымдастырушы кластерлер қатары пайда болады.
Нәтижесінде кластеризацияның өзіндік ағашы пайда болады. Сөз неғұрлым жақын болса, соғұрлым бұл сөздерді байланыстратын ағаштың бұтақтары қысқа болады.
Ресей психолингвисті В.Ф.Перенко мынадай кластерлерді айқындады: заттарды сақтайтын құрал (55), траyспортировка құралы (56), дене және оның модельдері (57). Классификация ағашының фрагменті схемада берілген.
Чемодан
Жәшік
(55)
Шкаф
Сандық
Погреб
Машина
(56)
қозғалыс
ұшақ
қайық
носилки
манекен
чучела
скелет
(57)
дене
туша
№ 8. Этнопсихолингвистика
Негізгі сөздер: лингвистикалық қатынас гипотезасы, лакундар, аударма,
мәдени шок, билингвизм.
1. Тіл және мәдениет
Мәдениеттің материалды және рухани түрлері ажыратылады. Материалдық мәдениетке техниканы, цивилизацияны жасайтын материалдық құндылықтар жатады. Ал рухани мәдениетке ғылым, өнер және әдебиет, философия, ағартушылық бағыты кіреді. Сонымен қатар, рухани мәдениетке дәстүр, әдет-ғұрып, сенім және ырым-тыйымдар, тұрмыстық мәдениет, күнделікті тілдік қарым-қатынас, адамдардың әдеттері, қарым-қатынас нормалары, ым-ишара кодтары, коммуникация ерекшеліктері де енеді. Рухани мәдениетте қоршаған ортаны қабылдау спецификасы, ғалам бейнесінің ұлттық ерекшеліктері және белгілі бір этностың өкілдерінің ойлау жүйесі бейнеленеді.
Мәдениеттің ажырамас бөлігі тіл болып табылады. Ойлаудың және мінез-құлықтың ұлттық ерекшелігі тіл таңбаларында белгіленеді және сол арқылы тілде көрініс табады. Тіл, өз кезегінде, әлемді түсінуге әсер етеді. Этнопсихолингвистикада тіл мен мәдениет арасындағы байланыс проблемасы Эдвард Сепир және Бендажамин Ли Уорфтың есімдерімен және лингвистикалық қатынас гипотезасымен байланысты.
2. Лингвистикалық қатынас гипотезасы
ХХ ғасырдың 30-жылдары Э.Сепир идеясы негізінде Б.Уорф ұсынған лингвистикалық қатынас гипотезасының мәні тіл құрылымы ойлау құрылымы мен сыртқы әлемді тану әдісін анықтауда. Э.Сепир тілдің ойлауға әсерін былай деп жазады: «адамдар тек қана заттар мен құбылыстардың объективті әлемінде және қоғамдық қызмет әлемінде ғана өмір сүрмейді, олар осы қоғамның қарым-қатынас құралы болып табылатын нақты тілдің ықпалында болады»..
Басқаша айтқанда, шындық болмысты тану сипаты, егер Сепир-Уорф гипотезасына сүйенсек, танушы субъект ойлайтын тілге тәуелді. Бұл гипотез бойынша, таным процесі объективті сипатқа ие емес. Ғалым Уорф объективті шындық болмыстың құбылыстарындағы хаосты ретке келтіру функциясын тілге жүктейді, әрі әрбір тіл үшін басқа әлем бейнесін жасау қабілетіне ие деп табады. Демек, адам танымы шектей алу қабілетіне ие: «Біз табиғатты ана тіліміз арқылы берілген бағыт бойынша танимыз, сұрыптаймыз. Біз әлемдегі белгілі бір құбылысты көзге анық көрініп тұрғандықтан ерекше айқындап қоймай, керісінше, біздің санамызда тіліміз арқылы құрастырылған бейнелер калейдоскоп секілді беріледі».
Сепир-Уорф гипотезаларында түрлі варианттар бар. Гипотезада берілген ең күшті вариант бойынша тіл адамдардың ойлауына, дүниетанымына, олардың мінез-құлқына әсер етеді. Мысалы, орыс тілінде сырттай әртүрлі іс-әрекеттерді білдіру үшін бір етістікті (1,2) қолданады. Ал навахо тайпасының индейцтері түрлі етістіктерді қолданады, өйткені оларда іс-әрекет түсінігі олар бағытталған объектілермен ажырамас баланыста. Мұндай жғдайлардың болуы зерттеушілерге бір тілден екінші тілге дұрыс аудару мүкін емес деген қорытынды жасауға мүкінді береді, себебі Б.Л.Уорфтың пікірінше, семантикалық белгілері бойынша түрлі тілде тепе-тең сөдер үлдм жоқ.
(1) взять веревку
(2) взять мяч
Сонымен қатар, лингвистикалық қатынас гипотезасының әлсіз варианты да бар. Оның жақтастарының байымдауынша, тілде айырмашылықтар шын мәнінде болады, бірақ ол айырмашылықтар сөйлеу барысында суреттеу, синонимия, түрлі нақтылаулар арқылы жойылады. Мысалы, орыс тілінде идти және ехать деген қозғалыс етістіктері ағылшын тілінд to go етістігімен берілген. Алайда, сөйлеуде қарама-қайшылықты жоятын және өзара түсінісуді жеңілдететін нақтылаулар (3,4) болуы мүмкін.
(3) to go foot (двигаться пешком)
(4) to go by bus (двигаться на автобусе)
Достарыңызбен бөлісу: |