Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Мәтіннің жасалымы (туындауы)



бет71/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
3. Мәтіннің жасалымы (туындауы).

Мәтіннің туындау моделіне қызметтің үшфазалық құрылымы қолданылады – бағдарлау, орындау, бақылау. Ескере кететін жай, мәтін сыртқы орта факторларының өте көп мөлшерін мүмкін, ықтимал ауқымда қамтиды және реципиенттің тарапынан тиісті интерпретацияның өзінің бірмағыналық еместігіне қарай күрделі таңба, белгі болып есептеледі.

Бағдарлау қарым-қатынастың проблемалық ситуациясын және коммуникацияның мақсат-мәнін түсіну бойынша интеллектуалды-ой белсенділігін болып көрініс береді. Бағдарлау фазасында продуциентте (мәтін авторы) мәтіннің түпкі ойы түрінде коммуникативті ниеті пайда болады. Бұл түпкі ойы мәтіннің туындауына мотив болып қызмет етеді, ол оның мазмұнын және кең жайылған хабарлардың жоспарланған коммуникативті-танымдық бағдарламаларының құрылымын айтып береді (баяндайды).

Автордың ситуацияға кірістірілуі оның белгілі бір қатынас негізінде оның мәнін түсінуі жормалданады. Мәтінде бұл істің реалды жай-күйінің қандай да бір структуациясы мәтін авторының көзқарасынан байқалады: шындық болмыстан өзгешелеу оқиғалар бірізділігінің көрінісі; аргументация ендіріп қою; оқиғаларға түсінік беру, сондай-ақ бүркемеленген, жасырын формада да. Барлық кез-келген мәтінде интеллектуалды және эмоционалды бағалау қатысады.

Мәтіндік қызметтің объектісі жалпы мағыналық информация емес, сөйлеушінің түпкі ойы және позициясымен біріктірілген мағыналық информация объектісі болып табылады, мәтінді туындау моделінің түпкі ойы этапында маңызды орын ситуацияны суреттеудің толық есебі қалай орын алса, солай мәтіннің оптималды семантикалық толыққандығы, оның тиелмеген есебі орын алады.

Мәтіннің жүзеге асу фазасы тілдік қарым-қатынастың түпкі ойын тілдік құралдар қатыстыру арқылы материалдандырудан тұрады. Мәтін үшін арнайы тілдік құралдар болып фраза аралық (межфразовой связаности) байланыстың құралы (формалды емес, семантикалық) және тұтастылық көрсеткіштері (көбінесе, басы мен соңының сигналдары) қызмет атқарады. Негізі, мәтінің түпкі ойы автор санасында иін тірескен түрде өмір сүрсе, ол автор тарапынан саналы түрде толық сезілмеуі мүмкін, бұл жерде де хабарлау, пікір айтуға қатысты заңдылық іске қосылады: ой мәтінде жасалады. Ал түпкі ой релизациямен сәйкес келмейді.

Мәтіннің туындау барысында бақылау фазасы мәтіннің түпкі ойын өңдеу ретінде де, сонымен қатар түпкі ойды вербализациялауының түзетуші ретінде қарастырылады. Бұл кезде мәтіннің тұтас болуы тиіс деген факт ерекше роль атқарады, себебі ойлаудың ассоциациялығы мәтінде бірегей ортақ семантикалық құрылымда тұрмайтын сырттай бір-бірімен байланысты хабарлаудың жиынтығына айналуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет