Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Мәтіннен тыс (затекст) – мәтін – мәтін астары (подтекст)



бет72/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
4. Мәтіннен тыс (затекст) – мәтін – мәтін астары (подтекст)

Шындық болмыстың мәтінде көрініс табуы мәтінен тыс (затекст) әлем, мәтінде суреттелген шындық болмыстың фрагментінің болуын жорамалдайды. Мәтіннен тыс әлем – мәтінде шындық оқиғаларға немесе құбылыстарға нұсқама ретінде табатыны анық. Шын мәнінде, мәтіннің мақсаты мәтіннен тыс әлемді автор қандай түрде көрсе, сол ракурста бейнелеу болып табылады. Ереже бойынша, мәтіннен тыс әлем – шын реалды оқиғалар. Көркем әдебиетте мәтіннен тыс әлем ойдан шығарылған.

Мәтін астары – мәтіннен алынатын жасырын ақпарат, мәлімет. Бұл негізінен оның бірліктерінің ассоцтаивтілігнен және мағыналарының жетілдіру қабілетінің арқасында жүзеге асады. Ғылыми әдебиеттерде ереже бойынша мәтін астарына ие емес. Себебі ғылыми мәтіннің ақпараттылығы ойды білдіруде белгілілікті, анықтылықты және аргументтердің толықтылығын талап етеді. Көркем мәтіндегі мәтін астары автордың шындық болмыстың барлық бейнелеген аспектілеріне жеке қатынасын мәтіннің толық өз ішіне енгізу принципиалды мүмкін еместігіне негізделген. Көркем мәтін көбінесе, емеурін білдіреді және басқа бағалауларға сілтеп отырады. Егер оқырман автордың мәтіндегі анық емес бүркемеленген бағалауларына сілтеме ретіндегі сигналдарды тани алмаса, онда мәтін астары байқалмауы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет