Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Сөйлеудің шындыққа қатынасы



бет64/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
6. Сөйлеудің шындыққа қатынасы

Адам сөйлеуді қабылдау отырып, айтылғандарды шындықпен және өзінің ол жөнінде біліммен ара қатынасын белгілейді.

Айталық, төмендегідей синтаксистік көпмағыналы фразаны (53) кездестіргенде, реципиент шындық әлемнінің физикалық заңдары бойынша бар білім есебінен оны дұрыс түсінеді.





Мысал

Мүмкін варианттар

(53)

Қарындаш үстелге түсіп қалды және ол сынып қалды.

Қарындаш үстелді сындырды?

Қарындаш үстелге түскендіктен сынып қалды.

Реципиент әрқашан ойлау операцияларының көмегімен тек жалғыз дұрыс вариантқа қарай ұмтылып отырып өзінің дұрыс емес түсінігін қайта құрады. Мысалы, (54) фраза (56) фразадай емес, қайта (55) фраза секілді түсіндірілуі мүмкін және кейде (57) фразадай түсінік берілсе, бұл жағдай екіталай.




(54)

Мальчик преслудет собаку в автомобиле.

Бала машинада отырып иттің ізіне түсті.

(55)

Мальчик в автомобиле.

Бала машинада отыр.

(56)

Собака в автомобиле.

Ит машинада отыр.

(57)

Карикатура, на которой собака едет в автомобиле и мальчик бежит за ней.

Карикатурада машинада отырған ит және оның ратынан жүгіріп бара жатқан бала бейнеленген.

Тіл иелері машинаны баламен байланыстыратыны белгілі. Карикатурада, әрине, иттер машина айдай алады, балар аузына ойыншық машинаны тістеген иттің соңынан жүгіруі мүмкін. Дегенмен, (54) фраза ақылға қонымдырақ. Тіл иесі сөйлеуді қабылдауда және интерпретациялауда оның шындықпен жанасатын, болуы ықтималдау түсіндірмесін таңдайды. Сонымен қатар, реципиент тілді қабылдауда фразаларды таза формальды анализ негізінде түсіндіруге қарағанда, текстен тыс ситуацияны толық бейнелеп сипаттап бере алады. Ескерте кететеін жайт, реципиент тілді қабылдауда контекстен бұрын затекст, яғни, шындыққа сүйенеді. Айталық, Джейн жөніндегі мәтінді (58) оқи отырып, сыналушылар сөйлеудің формальды анализ жолымен ала алмайтын сұрақтарға жауап бере алады.




(58)

Джейн услышала мелодию, которую издавал грузовичок с мороженым. Она побежала доставать свою свинью-копилку и начала трясти ее. Наконец деньги вывалились.

Джейн балмұздақты машинадан шығып жатқан мелодияны естіді. Ол өзінің шошқа-жинақ сандықшасын алып шайқай бастады. Ақшалар жерге түсті.

Олар мына төмендегі сұрақтарға (59-62) жауап бере алады.




(59)

Сколько лет Джейн?

Джейннің жасы қаншада?

(60)

Почему она стала доставать деньги?

Неліктен Джейн ақша ала бастады?

(61)

Деньги были в форме монет или банкнот?

Ақшалар тиын не банкнот формасында ма?

(62)

Какой величиной была копилка?

Жинақ сандықшасының көлемі қандай?

Бұл жөнінде информация мәтінде жоқ, бірақ тілді материалды қабылдау процесінде оқырманның санасында ақпарат алынады.

Егер оқырман мынадай мәліметтерді білетін болса (63-65), қатты таң қалар еді:


(63)

Джейн было 87 лет.

Джейннің жасы 87-де.

(64)

Ее копилька была величиной в автомобиль.

Оның жинақ сандықшасының көлемі автомобильдей.

(65)

Джейн вытрясла пригорошню тысячедолларовых банкнот для того, чтобы купить грузовичок.

Джейн жүк машинасын сатып алу үшін мың долларлық банкноттарын шайқап түсірді.

Алайда күнделікті тәжірибеміз бұның басқаша болуы қажет екенін бізге еске түсіреді (66-68):




(66)

Джейн было 8-12 лет.

Джейн 8-12 жаста.

(67)

Копилка представляла собой небольшую коробочку.

Жинақ сандықшаның көлемі кішкене қораптың көлеміндей ғана.

(68)

Джейн достала несколько монет.

Джейн бірнеше тиынды шайқап түсіріп алды.

Сөйлеуді қабылдауда арасында «саңылаулары бар» фразалар ерекше проблема туындатады.

(69) Маржан Белботаеваның мазасы кетті, сондықтан үйіне қайтып кетті.

(70) Маржан Белботаеваның мазасы кетті. Ол үйіне қайтып кетті.

Компоненттері «сондықтан» шылауымен байланысқан (69) сөйлемге қарағанда, (70) фразасындағы компоненттері арасында реципиенттің өз білімінен толықтырылуы тиіс үзіліс бар. Негізінен, мазасы кеткен адам өзінің қызметтік мәіндеттерін толық орындай алмайды, сондықтан үйіне немесе дәрігерге баруы тиіс екені біліуімз қажет. Ал (71) және (72) фразалар арасындағы байланыс кісі өлтіріудің мүкін амалдары жайындағы білім негізінде қалпына келтіріледі.

(72) Кеше Джонды өлітріп кетіпті.

(73) Қасынан пышақ тауып алынды.

Ал (74) және (75) фразалар арасындағы байланысты қалпына келтіру үлкен белсенділікті талап етеді. Себебі «бұл» есімдігінің астарында не жатқаны анық емес.

(74) Мен екі шақырым жер жүгірдім.

(75) Бұл керемет болды.

Демек, тілді қабылдау тек тілдік белгілерді тану және оларға мән-мағына беру ғана емес, реципиенттің шындық жайындағы түсінігімен морфологиялық және синтагмалық қатынаста құрылған тілдік белгілері арасындағы ара қатынасын белгілеу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет