Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Сөйлеуді қабылдаудың саналығы



бет60/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
3. Сөйлеуді қабылдаудың саналығы

Реципиент (лат. recipientis – қабылдаушы, алушы) тілді қабылдаудың барлық деңгейінде тілдік құрылымдарға мағына таңуға тырысатыныны өте маңызды момент екенін атап өткен жөн. Төменде берілген жалған сөздерден құрылған (1) фразаның өзі (Л.В.Щерба ойлап тапқан) тілдік элементтер тіркесінің заңдылықтары және дүние жөнінде ең аз түсінігі негізінде мағынасы түсіндірілуі мүмкін.

(1) Глокая куздра штеко будланула бокра и кудрячит бокренка.

Орыс тілінде сөйлейтін адам үшін бұл жалған сөйлемді құраған барлық жалған сөздер орыс тіліндегі сөздердің морфологиялық және синтаксистік белгілеріне ие. Мұның өзі белгілі хабар ретінде фразаның жалпы құрылымын түсінуге көмектеседі, яғни бұл жалған сөйлемде қандай да бір субъект (куздра есімді) қандай да бір іс-әрекет жасайды (буланула және кудрячит). Бұл іс-әрекеттердің объектілерінің бірі қандай да бір мужскй родта (бокр), келесі біреуі оның төлі (бокренок) болып табылады.

Демек, бұл фразаны орыс тілінде бұлайша аударуға болады.

(2) Дикая корова сильно боднула быка и ласкает теленка.

(3) Ловкая кошка быстро поймала мышь и выманвает мышонка.

Ағылшынның атақты жазушысы Льюис Кэрролдың балаларға мүлдем арнала қоймаған «Ғажайыптар әлеміндегі Алисаның басынан кешкендері» деген кітабында да жалған сөйлемдермен эксперименттері де осы тілді қабылдаудағы сананалық принципіне негізделген (13):

(13) Варкалось. Хливкие шорьки пырялись по наве. И хрюкотались зелюки. Как мюмзики в мове.

Қазақша варианты:




(14)

Қаудан қор-қор жербіз телді және сыны қабадарға пемді.

Қуаныш көп-көп қарбыз жеді және оны балаларға берді.

Тілді қабылдаумен байланысты феномендердің бірі «сатиация» болып табылады. Сатиация – бұл сөздердің бірнеше рет қайталануы немесе ситуациядан тыс қолдану нәтижесінде мағыналарының жоғалтуы. Айталық, социализм дәуірінде жарнамалық хабарландыруда бір сөзді (15) бірнеше рет, әсіресе жанама септікте қолдану мағынасын жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін.

(15) ТРЕСКА – полезная рыба.

В ТРЕСКЕ много витаминов.

ТРЕСКУ можно готовить по разному.

ТРЕСКОЙ можно кормить детей.

Покупайте ТРЕСКУ в рыбных магазинах.
Қазақша варианты (16):

(16) АРА – пайдалы жәндік.



АРАДА ұжымдық қасиет бар.

АРАНЫ қолда бағып, бал өндіруге болады.

АРАМЕН Алтай өңірінде көп айналысады.

АРАНЫ бостан-босқа өлтірмеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет