Нейролингвистика– тілтанудың нейрологиямен байланысынан туған сала. Нейролингвистикада мыйдың бір бөліктерінің зақымдалуынан тіл деңгейлеріндегі – фонологияда, семантикада, грамматикадағы – сөйлеу ауытқулары қарастырылады. Көру, есту анализаторлары арқылы бейнелеу жөнінде де пайымдаулар жасайды.
Психолингвистика (грекше: жан + тіл) – сөйлеу механизмдерін психикалық үдерістермен байланысты зерттейтін, олардың тіл жүйесіне өатысын қарастыратын кешенді ғылым. Психолингвистика қолданбалы сипатқа ие: балалар мен ересектерге тіл үйретуде, жалпы коммуникациялық түрлі құралдардың прагматикалық ықпалын зерттеуде, сот, ғарыш психологиясында, машиналық аудармада, ақпараттануда, жүйке жүйесін емдеуде (нейролингвистика) қолданылады. Психолингвистика көп жағдайда сөйлеу қарекеті теориясына, когнитивтік тілтануға, психологияға, коммуникация теориясына т.б. сүйенеді.