Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет57/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

12. Левелт моделі

Қазіргі психолингвистикада 1989 жылы Вилем Левелт ұсынған сөйлеудің туу моделі жалпы қолдау тапқан болып табылады.

Оның пікірінше, сөйлеудің туындау процесі өз ішіне ниетті (намерение), айтылуы тиіс ақпараттты іріктеуді (отбор), ақпаратты реттеуді (упорядочение), алдында айтылып кеткендермен үйлесуін (увязывание со сказанным ранее) енгізеді. Левелт бұл ментальды үрдістерді концептуализация, ал оны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйені концептуализаторлар деп атайды. Концептуализацияның нәтижесі (продукт) - сөйлеуге дейінгі хабар (доречевой сообщения – preverbal message).

Хабарды туындату үшін сөйлеуші ақпараттардың бірнеше типтерін қолдану мүмкіндігіне ие болу қажет. Біріншіден, бұл – процедуралық білім («егер онда» секілді). Екіншіден, бұл – ресми түрде айтылған білім (декларитивное знание) («не нені білдіреді» секілді). Үшіншіден, ситуациялық білім – бар болған ситуация жайында, әңгімелесулер және қоршаған орта жайында, сөйлесу болып жатқан контекст жайында. Сонымен қатар, өзара қатынас барысында өзінің және басқа сөйлеушілердің айтқан сөздеріне қадағалау жасау қажет.

Концептуализатордан кейін келесі компонент тұжырымдамашы (формулировщик) болып табылады. Тұжырымдамашы негізгі ақпарат ретінде сөйлеуге дейінгі хабарды пайдаланады, нәтижесі ретінде фонетикалық немесе артикуляторлық жоспарды көрсетеді. Басқаша айтқанда, тұжырымдамашы кейбір концептуалды құырылымды кейбір тілдік құрылымға көшіреді. Алдымен хабардың грамматикалық кодтауы, соңынан фонологиялық кодтауы жүзеге асады.

Левелт осылай дей отырып, өзі сөздің лексикалық ақпаратының фонологиялық емес бөлігі ретінде түсінетін лемма ұғымын енгізеді. Лемма құрамына сөздің фонологиялық аспектісінен басқаларының барлығы, яғни концептуалды информация және морфосинтаксистік сипатттамалар (характеристики) кіреді. Сөйлеуші грамматикалық кодтау процесі арқылы қажеттті лемммаларды алады және оларды дұрыс ретімен орналастырады. Левелттің пікіріне сүйенсек, грамматикалық кодтау сәйкес келетін лексикалық ұғымдарды таңдауды және синтаксистік қаңқаны (каркас) құруды жорамалдайды. Мұның барлығы үстірт құрылымды (поверхностной структуры) қалыптастыруды дайындайды.

Сөйлеу әрекетін жасаудың келесі кезеңінде леммалар үшін фонологиялық формаларды шығарылады және сөйлеуші пікір айтудың артикуляторлы жоспарын құрастырады. Бұлар артикуляторлар көмегімен жүзеге асады. Сөйлеудің туындау механизмінің бұл компоненті артикуляторлық буферден (аралықтан) ішкі сөйлеудің жүйелі блоктарын шығарады және оларды іске қосуға тапсырады. Артикуляцияның нәтижесі сыртқы сөйлеу болып табылады.

Левелт моделі бойынша, сөйлеуші өзінің тыңдаушысы болып табылады. Сөйлеушідегі тілді түсіну жүйесі өзінің құрамына сыртқы сөйлеуді түсінуді, сол секілді өзінің ішкі сөйлеуін (мониторинг) түсіну мүмкіндігін де қосады. Бұл жүйе қолданысқа ие болатын сөйлеуді (входящую речь) фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық аспектісінде ұсынады.

Осылайша, сөйлеудің туындау үрдісі жалпы алғанда сөйлеуші өзінің түпкі ойын белгілі бір нақты тілдің сөйлеу бірліктеріне көшіреді.

Қорыта айтқанда, сөйлеу әрекетінің жасалу процесінің көптеген теориялары және модельдері мәні жағынан жақын, бір-біріне қарама-қайшы келуден гөрі бірін-бірі толықтырады және нақтылайды.


5 тақырып. Сөйлеуді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет