Қазақ тіл білімі кафедрасы бекітемін филология факультетінің деканы



бет15/55
Дата07.02.2022
өлшемі274,35 Kb.
#83304
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
Қазақ этнолнг.магистратура

Дәрістің мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық бағыттың пайда болу ерекшеліктерін саралау
Негізгі ұғымдар: этнолингвистика, этнолингвистика ғылымы, «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі»


Қаралатын мәселелер:
1. Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық бағыттың пайда болу
2.Ә.Т.Қайдаров бастаған этнолингвистикалық мектеп


«Лингвистикалық, энциклопедиялық сөздікте»
этнолингвистиканың кең, түрдегі ұғымына осылайша анықтама
берілген: «Этнолингвистика қандай тәсіл арқылы берілгеніне қарамай
(сөз, пән, салт т.б.) мәдениеттің халықтық психологияның және
мифологияның «мазмұнын» лингвистикалық әдістер көмегімен
зерттейтін кешенді пән.
Ол қазақ тіл біліміндегі жаңадан қалыптасып дамып келе жатқан
этнолингвистика саласының да ерекшелігі мен өзегін құрайды.
Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистикалық даму барсына шолу
жасап, жеке сала ретіндегі негіздерін анықтауға арналған
еңбегінде профессор М.М.Копыленко қазақ тіл біліміндегі академик
Ә.Т.Қайдаров бастаған этнолингвистикалық мектепті қазіргі
этнолингвистикадағы жаңа бағыт деп бағалап, оның негізгі ерекшелігін
былай деп көрсетеді: «Это направление изучает этнос в зеркале языка. В
нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представляется главным и
непосредственным предметом анализе; этнология, история,
культурология и прочие нелингвистические дисциплины привлекаются
каквспомогательные».
Демек, негізгі салмақ лингвистикаға жүктеледі. Оның себебі мен
мәнін нақты түсіну үшін академик Ә.Т.Қайдаровтың төмендегі пікірін
келтірейік: «Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның
белгі\бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына
жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде
жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана.
Оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана. сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару- 
жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі,той-домалаққабайланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тілфактілеріретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер менмақал-мәтел, арқылы ғана бізге жетуі мүмкін». Осы тұжырымбіздіңжұмысымыздың да кағидасының негізін құрап, бағытын белгілейді.
Көненің көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған
бұл дүниенің сыры мол. Оның тереңіне үңіліп, тарихымен тұтас қарап
сырын ашу - этнолингвистиканың үлесі. Осы орайда қазақ этнолингвистикасы бойынша академик Ә.Қайдардың көп жылдар бойы дайындап жүрген «Қазақтар ана тіліәлемінде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ілімінің негізін салушы академик Ә.Т..Қайдаров. Этнолингвистикада халықтың, этногенезін, тұрмыс салты мен әдеп-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи- мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңасаласы.Ол саланың ерекшелігі, зерттеу пәні т.б. қырлары туралы
академик Ә.Қайдаровтың және профессор Е.Жанпейісов пен
М.Копыленко еңбектерінде жан-жақты айтылған.
Осы орайда академик
Ә. Т. Қайдаровтың ұзақ жылдар бойы орасан бай материал жинап,
сұрыптап оларды макрожүйелер («Адам», «қоғам», «табиғат») мен
микрожүйелерге бөліп, табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтап, өзара
байланысты салаға бөліп, үлкен идеографиялық классификация
негізінде жасап жатқан қазақ тілінің этнолингвистикалық сөздігінің
болашағы зор, маңызы ерекше.
Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде Е.Жанпейісовтың
еңбектері өзінің теориялық деңгейімен, бай этнографиялық
материалымен кең ауқымды салыстырмалы, этимологиялық
талдаулармен ерекшеленеді. Солардың арасында М.Әуезовтың
щығармаларының материалы негізінде қазақтың этномәдени
лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған соңғы шыққан
монографиясының орны бөлек.. Осы еңбекте материалдық рухани мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және
қатынастарға лексикадан тұратын бай материалды талдау үстінде басқа түркі тілдерінің деректері де кеңінен пайдаланылған.
Кітаптың соңында М.Әуезов шығармаларындағы этнолексемалардың тізімі берілген.Қазақ тіл білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып
өріс алып келе жатқан этнолингвистика саласының дамуында жақында
жарық көрген профессор М.М.Копыленконың осы мәселенің жалпы
теориялық негіздерін түсіндіруге арналған "Основы этнолингвистики"
(Алматы, 1995) атты монографиясы елеулі жаңалық болды. Бұл жұмыс --
тікелей этнолингвистика негіздерін анықтауға арналған жалпы тіл
біліміндегі тұңғыш зерттеу. Басқасын былай қойғанда, автордың
тақырыпқа әртүрлі дәрежеде қатысы бар 1300-ден аса үлкенді-кішілі
қыруар ғылыми зерттеулерді көрсетуінің өзі үлкен еңбек. Және
оларды жай көрсетіп қана қоймай, тақырыптық табиғатын ескере
отырып таныстырып, әрқайсысы жөнінде өзінің көзқарасын, ой-пікірін
білдіріп отырады.
Кітап арқылы зерттелу тарихына қысқаша шолудан басталып, әр қарай 
славян және өзге де түрлі үндіеуропа тілдері бойынша әр кезде
жарияланған, сондай-ақ жалпы түркітанушы еңбектерде
этнолингвистикаға байланысты кездесетін теориялық тұжырымдар мен
түрлі байқаулар негізінен толық қамтылған. Атап айтқанда,
М.Қашқари еңбегіндегі этнолингвистикалық материалды талдаудан
бастап, бергі дәуірдегі В.Гумбольдт, Э.Сепир, А.А.Потебня, қазіргі
замандағы Н.И.Толстой, В.В.Иванов. В.Н.Топоров т.б. ғалымдардың
бұл саладағы ізденістеріне дейін кеңінен тоқталады. Осындай ізденістер
нәтижесінде "этнолингвистика" терминінің Б.М.Уорфқа тиесілі екенін
анықтайды. Соның бәрін қорыта келіп, этнолингвистика саласының
отырған негізгі қағидасымен үндеседі. [9; 17].
Жалпы бұл салада әртүрлі тақырып қорғалып жатқан көптеген докторлық (Е.Жанпейісов, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева) және кандидаттық
(С. Сәтенова, А.Жылқыбаева, А.Мұқатаева, К.Аронов, Р.Шойбеков) диссертациялар «Қазақ» этнолингвистикалық мектебінің негізі қаланып, бағыт-бағдарын, өзіндік зерттеу тәсілін қалыптастыра бастағанын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет