Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



бет36/40
Дата18.10.2023
өлшемі350,49 Kb.
#186308
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
аза тіл білімі тарихы алматы, 2016

Сағындықұлы Б. ХIV ғасыр жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы. Канд.диссер. 1977.

  • Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. – Алматы, 1997

  • Берікбай Сағындықұлы: биобиблиогр. көрсеткіш / ҚР білім және ғылым м-гі, әл-Фараби атын. ҚазҰУ; [құраст. Г. Төлекова]. — Алматы: Арыс, 2009.- 39,

  • Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. –Алматы, Ғылым, 1994.

  • Сағындықов Б. «Этимологические основы развития лексики казахского языка. – Алматы, 2007.

    Тапсырма:
    Б. Сағындықұлының ғылыми көзқарастары.
    Ғалымның силлабофонема теориясына талдау.
    Б. Сағындықұлының тіл дамуына қатысты өзіндік тұжырымдарына талдау.
    САПАРХАН МЫРЗАБЕКОВ
     
    Қазақ тіліндегі дыбыстардың қазақы табиғатын тап басып таныған Ахмет Байтұрсынұлы. Кейінгі зерттеу еңбектерде қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің терімсөздері толықтай қалыптасып, теориялық ұғымдары нақтыланып, дыбыстық жүйедегі жіктеліс пен үндестік заңы, буын мен екпін, жазылу мен айтылу жүйесі туралы ғылыми ой бір ізге түсе бастады. Бұл тұрғыда жазылған көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерін атап өту орынды болмақ: Қ. Жұбанов, Н.Т. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, М. Томанов, Ж. Аралбаев, Ғ. Әбуханов, Қ. Неталиева, С. Омарбеков, Н. Жүнісов, Б. Тайлақбаев, С. Мырзабеков, Ә. Жүнісбеков, М. Жүнісов, Б. Қалиев т.б.
    Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің негізгі заңдылықтары мен құрылымдық, жүйелік сипатын айқындап, осы саладағы зерттеулерге бағыт-бағдар көрсеткен еңбектер мол. Десек те, кеңес заманындағы дыбыс жүйесін зерттеуші ғалымдар орыс тіл біліміндегі салынған сүрлеумен қазақ тілін сүйрете тартып, төл тіліміздегі дыбыстардың саны мен сапасына, қолданысы мен айтылуы жүйесіне сәйкес келіңкіремейтін ережелерді тықпалағаны да жасырын емес еді. Осындай бір кезеңде «баба тілінің» өзіндік ерекшелігін, сөйлеу дәстүріндегі үндестікті сақтай сөйлеу қажеттігін ашық айтып қана қоймай, ғылыми түрде дәлелдеген ғалым профессор Сапархан Мырзабеков еді. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ҚазҰУ студенттеріне оқыта жүріп, ондағы төл заңдылықтарды көкірегіне тоқи жүріп, лебіздегі дыбыстық өзгерістердің сапалық мәніне терең мән берген ғалым алдымен оқу құралын, оқулығын жазып, кейін зерттеуді тереңдетіп докторлық диссертация дәрежесіне жеткізіп, сүбелі ғылыми еңбек жазғанын білеміз. Абай өлеңдерін оқыта отырып, талдатып, талдата отырып оқытып, сөздің терең мағынасы мен мәніне бойлауды шәкірттерінің құлағына құйған ұстаздың аудиториядағы ұланғайыр еңбегін 80-90 жылдардағы студент қауымы ешқашан ұмытпақ емес.
    Қазақ дыбыстық жүйесін зерделеуде дәстүрге сіңіп бара жатқан орыстық дейміз бе, әлде батыстық дейміз бе ізбен емес, таза қазақ сөзі мен қазақ лебізіне тән соқпақ жолды таңдаған ғалым С. Мырзабеков өзі терең білетін Абай шығармаларын фонетикалық заңдылықтарды анықтауға арқау етіп алып, «байырғы түбірлер тіл үндестігіне толық бағынады» деген тұжырым жасайды.
    Дауысты дыбыстардың саны туралы ғылыми зерттеу жүргізе келіп, С.Мырзабеков көптеген пікірлерді қорыта келіп былай деп жазады: “Қазақ тілінің байырғы құрамында тоғыз (а, е, о, ө, е, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс бар. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды“ (Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, 1997, 33-бет). Осы дәйекті тұжырымға біз де тоқтаймыз.
    Қазақ тіліндегі бір буынды сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстар мен көп буынды сөздердің бірінші және келесі буындарындағы дауыстыларды бір-бірінен ажыратып қару керек болады. Зерттеушілердің көрсетуінше, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбыстарға ешқандай бағынышты емес. Ал көп буынды лексемалар құрамындағы дауысты дыбыстарда мұндай қасиет жоқ. Олар көбінесе айнымалы, өзгермелі болып келеді екен. Әсіресе мұндай буындағы дауысты дыбыстар сингармонизм заңы бойынша өзге дыбыстардың ықпалына түсіп кетіп отырады. М. Томановтың пікірі бойынша “фонемалар жүйесін анықтау үшін, комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыстылар қарастырылуы тиіс. Ал комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады”. (1992, 15-бет). Демек, бір буынды түбірлердің құрамындағы дауысты дыбыстардың сапалық сипатын тұрақты деп бағалай отырып, олардың қазақ тіліндегі сапалық өзгерістері мен қалыптасу заңдылықтарын зерделеуге болар еді. Бұл арада оғыз тобына жататын түрік тілі мен қыпшақ тобына жататын қазақ тілінің негізгі өзіндік даму заңдылықтарын анықтап алу орынды болмақ.
    С. Мырзабеков “Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы” атты еңбегінде “ә” дыбысының қазақ тіліндегі айтылу жүйесі мен оның қолданысы туралы ғылыми еңбектерге толық талдау жасай келе, “халық тілінде ә-нің өрісі әлдеқайда кең“ – дей келіп, ә дыбысының жіңішкеру себебін былай түсіндіреді: “Сонымен а және ә артикуляциялық (ерін, жақ) жақтан жуық фонемалар. Олардың арасындағы алмасулардың көп сыры осында жатса керек” дейді де мұның өзінің кейбір сөздің орфограммасына салқыны тиіп жүргенін тілге тиек етеді. Қазіргі тіліміздегі абдыра — әбдіре, аумесер — әумесер, ай – түй — әй — түй, аламыш — әлеміш, таж — тәж т.б. сияқты сөздердің орфографиялық сөздіктерде әртүрлі жазылып жүргенін тілге тиек етеді. Шынында да автордың бұл айтып отырғаны қазіргі тілде, баспасөз беттерінде жиі кездесіп отыратын деректер. Автор ойын мынадай оймен қорытындылайды: “Олай болса, сөздердің жіңішкеруі – жалғаса беретін тілдік үрдіс” [1. 47]. Біз де ғалымның осы ойын тілдің тарихи дамуының бір кезеңіндегі деректің дұрыс ғылыми бағалануы деп пайымдаймыз. Себебі тіл дамуының өне бойында жуан дауысты дыбыстардың жіңішке дыбыстарға ауысып, олардың фонемалық сипатының бірте-бірте қалыптасатыны байқалады.
    Б дыбысы қазақ тілінде сөздердің басында, ортасында жазыла береді: бой, бақ, бос. Екі немесе көп буынды сөздердің ортасында: арба, тоба, сабын, абырой. Ал сөздің соңындағы б дыбысы туралы С. Мырзабеков “Қазақ тілінің дыбыс жүйесі” атты еңбегінде мына түрде жазған: “Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб, гардероб, куб, клуб, ромб, прораб, штаб т.б.) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа, клубқа, штабпен, штабсыз т.б.) басталады”. С. Мырзабеков “Қ-фонемасы – қазақ тіліндегі ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті (1402 сөз) осы дыбыстан басталады”.
    В – дыбысы сөздің басында 180 сөзде кездеседі. Сондай-ақ, ортасында да кездеседі. Соңында жазылғанмен (архив, актив, устав) қатаң Ф болып айтылады да, қосымша қатаңнан (архивке, архивте, архивпен) басталады” [1. 67].
    Әр дыбысқа жеке анықтама беруде өзге ғылыми зерттеулердегі ойды толықтыра отырып, өзіндік нақты тұжырым айтқан ғалымның дыбыстардың кездесу жолындағы деректерді нақты санмен көрсетуі де құптарлық жайт.
    Сөз жеке тұрғанда тек таңба сипатынан ажырап, ойдың, ұғымның бейнесіне айналатыны белгілі. Айтушы мен тыңдаушы арасында болатын түсінісу құралына, көркем ойдың сәулелі берілу кешеніне айналады. Лебіздегі сөз – Ф. де Соссюрдің айтқан жансыз таңбасы емес, мәнді, мағыналы, уәжді жүйесі бар, көшелі ойдың кешенді жүйесі. Кешенді жүйе деуіміздің мәнісі, мұнда сөз (атау) тек ішкі мағынасы жағынан ғана емес, дыбыстық құрылымы жағынан да уәжделіп, негізделіп келеді. Қазақ тіліндегі кез келген дыбыс кез келген дыбыспен тіркесе бермейді, олардың тіркесімділігінің де ішкі дыбыстық гармонияға, үйлесімділікке негізделген өзіндік жүйесі бар. Дауыстылар мен дауыссыздардың бір-бірінен ерекшелігі олардың тіркесімділік қасиетімен де тікелей байланысты. Дыбыстардың тіркесімділігі лебізде әбден қалыптасқан, сингармонизм заңына орайласып, тілдің ішкі болмысын, табиғатын анықтайтын күрделі құрылымдық жүйе ретінде танылады. Профессор С. Мырзабеков “Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі” деп аталатын зерттеу еңбегінде “Дыбыстар тіркесі – тілдегі дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Қазақ тіліндегі негізгі үндестік заңдар дыбыстар тіркесінің нәтижесі болып шығады” – дей келіп, сөз құрамындағы буындардың жуан, жіңішке болып үндесуі, қатаң дауыссыздардан кейін қатаң дауыссыздар, ұяңнан соң ұяң дауыссыздар, үндіден соң ұяң не үнді келетінін тілдің ұзақ дамуындағы бұлжымас заңдылық ретінде түсіндіреді [2].
    Сөздің мағынасы, мәні айтушы мен тыңдаушыға бірдей түсінікті болуы қажет­ақ. Ал бірақ қолдану барысында сөз мағынасы түрлі өзгеріске түсіп, айтушы мен тыңдаушы арасында толық түсіністік болмауы да ықтимал. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың белгілі­белгісіз сандаған ерекше белгілерін атау арқылы адам баласы тек бірімен­бірі коммуникативтік қарым­қатынасқа түсіп қоймады, сонымен бірге атауға уәж болып тұрған заттар мен құбылыстармен танымдық қарым­қатынаста болып, тағылымды ой түзеді. Демек, сөзде тек адамның ғана танымдық қатысы емес, сонымен бірге заттың да табиғи болмысының қатысы бар деген сөз. Ендеше, ЗАТ – ҰҒЫМ (түсінік) – СӨЗ қатынасы адам арқылы іске асырылады Ал адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының бастау-бұлағы – амандық-саулық сұрау екеніне де профессор Сапархан Мырзабеков ерекше мән берген-ді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет