«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс- шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;
Дулат Бабатайұлының туғанына – 220 жыл;
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
Мұхтар Әуезовтің туғанына – 125 жыл;
Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 120 жыл;
Ғабит Мүсіреповтің туғанына – 120 жыл;
Мәншүк Мәметованың туғанына – 110 жыл;
Зейін Шашкиннің туғанына – 110 жыл;
Жұмағани Саинның туғанына – 110 жыл,
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 100 жыл;
Сырбай Мәуленовтің туғанына – 100 жыл;
Сафуан Шаймерденовтің туғанына – 100 жыл;
Зейнолла Қабдоловтың туғанына – 95 жыл;
Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл;
Төлен Әбдіковтің туғанына – 80 жыл;
Дүкенбай Досжановтың туғанына – 80 жыл;
Дулат Исабековтің туғанына – 80 жыл
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;
мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп оқу сайыстарын, эссе, мазмұндама, шығарма жазу сайыстарын және т.б. ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |