Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет132/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Рефлексия: «Бес саусақ»
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ – маған қиын болды
Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – білгім келеді

5 мин

Сынып-мұғалім



Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы
(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс
орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері
1. Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын

Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтінінің жалғасын болжап

болжау
2. Өз бетінше шағын мәтіннен есістіктің
грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

айта алады.

  • Болып кеткен оқиға туралы айта алады немесе жаза алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Сабақтың тақырыбы

Айтыс өнері. (2-тоқсан, 3-тарау) 44-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Лексикалық минимум

Айтыс, шаһар, шілдехана

Алдыңғы білім

Дауылпазды неге соғады?

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім бұл сабақты ерекше бастап кетуіне болады. Ол үшін мұғалім кейіпкер болатын домбыра ұстаған бір адам суретін алып, оқушыларға «Бұл кім?» – деген сауал қояды. Оқушылар өз білгендері бойынша «адам, әнші, домбырашы, мүмкін айтыскер» деп айтулары мүмкін. Осы тұста мұғалім (балалар біліп айтып жатса) домбырашы, айтыскер ақын деп өз нұсқасын айтады. Одан әрі сұрақтар тізбегі бойына жетелей түседі. «Енді ол қайда тұратынын айтыңыздаршы?» – деп оның ауылда немесе қалада тұру ықтималдығын айтады. Осы тұста «шаһар» сөзін таныстырып кетсе және оған тиісті мәліметтерді қағаздан жасалған ақ бұлтшаларға жазып, кейіпкер айналасына орнатып отырса, оқушы үшін тиімді, қолжетімді болады. Одан әрі сұрақты жалғастырып: «Ол немен айналысады?» – деп сұрау арқылы, оның айтысқа қатысатынын тілге тиек етіп айту керек. Осы тұста айтыскер
ақынның жазба ақыннан айырмашылығын баланың жеңіл тілімен түсіндіре кеткен орынды болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық




«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. «Бұл не?» әдісі арқылы меңгерту. Мұғалім жаңа сөзді немесе сөз тіркесін айтады, оқушылар сұрақтар қою арқылы анықтайды. Жаңа сөздерді меңгерту барысында оқушыларға «айтыс» сөзінің мағынасын ашып түсіндіре кеткен жөн. Мысалы: Айтыс – сөз өнері. Айтыста екі ақын сөз жарыстырады. Айтыскер болу үшін суырып салу (өз ойынан құрап айту) қабілеті дамуы керек. Деп мұғалім оқушыларға түсіндіре кетсе болады.

5 мин







Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырма оқыған материалдардың мазмұнын жазу дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдегі бос орындарды толтырып жазады. Мұғалім сөйлемдегі жоғалған сөздерді оқушыларға тауып айтқызады. Содан соң дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жазғызады.

  1. Айтысқа 1 халық көп келеді.

  2. Айтыста 2 ақындар ел туралы айтады.

  3. Ақындар 3 шаҺар туралы көп біледі екен.

  4. Ақындарға Ақшабай 4 сыйлық берді.

5 мин

жұптық жұмыс

Суреттер
Оқулық

«Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген тапсырма оқушының айтылым дағдысын дамытады. Оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. «Бірге ойлаймыз» стратегиясын қолдануға болады. Әр оқушының қабілетін ескере отырып, 4 адамнан тұратын топқа бөлу, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беру. Одан кейін оқушыларға топта талқылау үшін оқулықтағы суреттерді ұсыну. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, олар өз жауаптарын жазады және сыныппен бөліседі. Сөйлемдерді құрастыру үшін мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеп отырады.
Мысалы:

  1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

  2. Балалар қайда келді деп ойлайсың?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әр топ өз өз әңгімелерін баяндайды.

5 мин










Ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Алдымен жеке оқып шығады. Түсінгендерін жұптарына өзара айтып береді. Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім, алдымен, оқушының мәтіннен не түсінгенін сұрайды. Сонан соң мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік береді. Мысалы, осындай үлгіде болуы мүмкін:
«Оқиық және жауап берейік» айдарында берілген мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің «дұрыс» немесе «бұрыс» екенін айтады.



  1. Сұлтан шілдеханаға барды. дұрыс бұрыс

  2. Сұлтан айтысқа қатысты.

  3. Сұлтан ақындардың өнеріне таңғалды.

  4. Сұлтан айтыстан ел жаңалықтарын білді.

Осы тапсырманы орындау барысында жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсаты жүзеге асырылады.

5 мин







Оқулықтың келесі «Сөйлесейік» айдарымен айтылым тапсырмасына диалог ұсынылады. Оқушылар диалогті қалпына келтіре отырып сөйлеседі.

  • Айтыс жақсы өтті ме?

  • Иә, Айтыс өте жақсы өтті.

  • Айтысқа кімдер қатысты?

  • Айтысқа Жантас пен Еділ ақындар қатысты.

  • Айтыста ақындар не туралы айтты?

  • Айтыста шаhардың жаңалықтары туралы айтты.

  • Ақындар саған ұнады ма?

  • Иә, ақындар маған ұнады. Оларға қатты таңғалдым. Олар біріне-бірі өлеңмен жылдам жауап берді.

4 мин







«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырма екі кезеңнен тұрады. А бөлімінде оқушылар сөздердің синонимін табады, ал келесі бөлімінде күнделікке сипаттама болып келетін сөйлемдерді таңдайды.

5 мин







«Сөйлесейік» айдарында ұсынылған тапсырмада оқушылар жұптасып бір- біріне сұрақ қою арқылы өз пікірлерін білдіреді. Балалар Сұлтан мен Әсет рөлін сомдап сөйлесуіне болады. Айтысқа қатысқан Сұлтаннан Әсет
айтыстың қалай өткендігін сұрайды.

3 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет