Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет133/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Рефлексия: «Бес саусақ»
Басбармақ – мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ – маған қиын болды
Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – білгім келеді

3 мин

Сынып-мұғалім



Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы
(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс
орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері
1. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Жуырда болып өткен оқиға туралы айта алады.




2. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  • Оқиғаны толық баяндай біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Сабақтың тақырыбы

Ұлттық аспаптар. (2-тоқсан, 3-тарау), 45-сабақ

Дағды

Оқылым, жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны
сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Жетіген, қобыз, сыбызғы, асатаяқ, аспап

Алдыңғы білім

Айтыс өнері

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі



Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурста ры

Кіріспе

Мұғалім аспаптар оркестрінің орындаған бір күйін 3-4 минут тыңдатқаннан соң, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
Бұл күйді немен орындайды? Оқушылардың ықтимал жауаптары: Аспаптармен орындайды.
Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Музакалық аспаптар үйірмесіне қатысасың ба? Саған қандай аспапта ойнаған ұнайды?
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді
меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты
суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. «Бұл не?» әдісі арқылы меңгерту.
Мұғалім жаңа сөзді немесе сөз тіркесін айтады, оқушылар сұрақтар қою арқылы анықтайды.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушыларға ұлттық аспаптардың суреттері беріледі. Суреттердің тұсына оның қандай аспап екенін жазады және неден жасалғанын айтады. Оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы, оның ішінде дауылпаз, сазсырнай, асатаяқ, қобыз, домбыра, жетіген туралы айтады. Әр аспаптың ерекшелігін, олардан қандай үн шығатынын түсінеді. Осымен байланысты лексикалық тіркестерді меңгереді. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін мүмкіндік болып жатса, осы аталған аспаптардың барлығын көрсетуге дайындайды немесе интербелсенді тақтадан суреттерін көрсетеді. Мынау – дауылпаз. Мынау – асатаяқ. Ал мынау – қобыз деп көрсетеді. Ал дауылпаз туралы алдыңғы сабақта өткендерін еске түсіртіп, оқушыларға келесі сұрақты қояды.
Дауылпазды неден жасайды? Дауылпазды ағаштан жасайды.
Үлгі: Мынау – дауылпаз. Бұл ағаштан және теріден жасалған. Оның бауы бар,

5-7 мин

жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық

таяғы бар.




Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырып




жазады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет