Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет130/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Дауылпаз бабалар мұрасы. (2-тоқсан, 3-тарау) 43-сабақ

Дағды

Тыңдалым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.1.5.1 Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен есістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

Лексикалық минумум

Ұрпақ, жау, жорық, бақсы, жаршы, дауыс күшейткішш

Алдыңғы білім

Зергерлік бұйымдар

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім «Триггерлік суреттер» тәсілі арқылы сабақ басында тақтаға тақырыпқа қатысты сурет және сұрақ белгісінің суреті ілінеді. «Не көріп тұрсыңдар? Мынау не? Ол не туралы сұрап тұр» – деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қызығушылықтарын оятып алады немесе дауылпаздың дауысын естіртіп оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоюға
болады. –Балалар, бұл ненің даусы? Мұндай дауысты естігендерің бар ма? Қай жерден естідіңдер?
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Оқушыларға осы суреттерді көрсету арқылы «Бұл не? Ол туралы не білесің?» – деп сұрауға да болады. Оқушылардың естерінде жаңа сөздер жақсы сақталуы үшін осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыруына да болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер
Оқулық

Негізгі бөлім

Оқулықта ұсынылған «Сөйлесейік!» айдарымен берілген тапсырма оқушыларды жаңа сабақ тақырыбына енгізу мақсатымен ұсынылған. Оқушылар назарын оқулықтағы суретке аударады. Суреттегі болып жатқан оқиғаны жұбымен талқылайды. Оқушылардың өзара сұхбаттасуына жағдай туғызу үшін «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қоюды мұғалім іздестіреді.

  1. Әсет неден қорқып тұр деп ойлайсың?

  2. Айғайлап тұрған адам кім?

  3. Балалар қандай хабар естіді? Жақсы хабар ма әлде жаман хабар ма? Оқушыларға жұптаса оқып, сұрақтың жауабын өз бетінше ойлануға бағыт беру.

Оқушылардың назары кітаптағы суретке және онда жазылған сөйлемдерге аударылады. Оқушылар топта отырып сурет бойынша сөйлемдерді талқылып болған соң, осы сөйлемдерді пайдаланып және өздері ойларынан бірнеше сөйлемдер құрастырып рөлдік ойын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет