«Жасайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіріп, тапсырманы «Жест» әдісімен орындайды. Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі.
Бұл тапсырманы орындауда оқушылар сабақ бойы үйренген жаңа сөздерге мән бере отырып оқиды. Сөздердің мағынасын қимылмен түсіндіреді.
Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап үйренеді.
|
10 мин
|
жұптық жұмыс
|
Суреттер
Оқулық
|
|
«Оқиық» айдарымен берілген оқылым тапсырмасы бойынша әр оқушының алдына мәтін таратылады. Оқушы жұмысын жеке орындайды. Мәтінге ат қояды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма мұғалімнің жетелеуімен орындалады:
Бұл мәтіннің қай түрі?
әңгімелеу сипаттау пайымдау
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
Суретті пайдаланып, балалардың іс-әрекеті туралы пайымдау мәтінін құрап айт.
Сұрақтарға жауап жаз.
Балалар қай елге келді?
Балалар қай жерлерде суретке түсті?
Көне ғасырға келгенін балалар қалай түсінді?
Әңгімеде шын оқиға баяндалған ба?
Кері байланыс
Тапсырманы орындауда не қиын болды?
Осы тапсырманы орындау барысында мәтіннің жанрын (мақал- мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау оқу мақсаты жүзеге асырылады.
|
|
Жеке жұмыс
|
Интербел- сенді тақта
Оқулық
|
«Назар аударайық»
Оқушыларға фаантастикалық әңгіменің не екені түсіндіріледі. Оқушыларға бірнеше мысалдар келтіреді.
|
4 мин
|
|
|
«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар сұраққа жауап береді. Тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылардың ойлау қабілеті жіне жазылым дағдысы қалыптасады.
|
4 мин
|
|
|
«Есте сақтайық!» оқушыларға ережелер түсіндіріледі. Қолданыстық тұрғыда меңгеріледі.
|
3 мин
|
|
|
«Ойланайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіріп, етістіктің шақтарын дұрыс қолдану дағдысын жетілдіруге бағытталған. Бұл тапсырманы орындатуда айырмашылығы мен ұқсастығын айтып, мағынасын салыстырады. Венн диаграммасы әдісін қолдануға болады. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, мәтінді Венн диаграммасымен талдатады. Мұғалім алдын ала А4 форматындағы қағазға Венн диаграммасы сызылған сызбаны дайындап, оқушыларға таратады. Оқушылар берілген сөйлемдерді оқып, айрмашылығы мен ұқсастығын ажыратады. Және де өздері мәтін бойынша бірнеше сөйлемді салыстырады.
Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.
Осы тапсырманы орындау барысында мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсаты
жүзеге асырылады.
|
6 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
|
«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға сөздер беріледі. Сөздерге тиісті жалғауды жалғап жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, өткен іс-әрекетті қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуге ықпал етеді. Оқулықта ұсынылған тапсырма көлемі жеткіліксіздеу болған жағдайда мұғалім өз тарапынан өзге де тапсырмаларды құрастырып не өзге ресурстардан тауып қолдана алады.
Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері
байланыс орнатады. Оқушылар берілген белгілердің біреуін қоршап көрсетіп, тақтаға жапсырады.
? – сұрақтарым бар.
! – тақырыпты түсіндім.
|
3 мин
|
Сынып- мұғалім
|
(? ! )
белгілер салынған парақтар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |