«Жаңа сөз үйренейік» айдарында әдеттегідей жаңа сөздерді игерту жұмысы жүргізіледі. Мұғалім әр жаңа сөзді кезеңдік алты басқыш арқылы таныстырып, оқушыларға меңгертеді. Алдымен сөзді айтады, оның мағынасын сұрайды, мағынасын меңгертіп алып оның сөйлемдегі мысалын келтіреді. Мысалдан соң сыныпты жаттықтырады. Осы кезде түрлі қимылдарды, ассоциацияларды қолдануға болады. Ең соңғы
басқышында сөзді тақтаға жазып көрсетеді.
|
7 мин
|
|
|
|
Мұғалім тыңдалымтапсырмасынорындауғаоқушылардыжұмылдырмасбұрынмынадай дайындық жұмысын жүргізуіне де болады. Оқушыларға екі түрлі торт суретін ұсынып, олардың құрамында не болуы мүмкіндігін және немен безендірілгендігін айтуды мұғалім оқушылардан сұрайды. Оқушылар бұл талқылау тапсырмасына қатыса отырып, алдағы тыңдалыммәтінінтезәріоңайұғуға дайынболады.
«Тыңдайық» айдарымен ұсынылған тапсырма түсініктемесі: Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған. Мұғалім оқушыларды мәтінге назар аударуын және рөлге бөліп оқу керектігін түсіндіреді. Сонымен бірге берілген мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару қажеттілігін ескертеді. Мұғалім сыныпты бірнеше топқа бөліп, өзі бірлесе диалогті оқып шығады. Диалог мазмұнымен танысқаннан кейін, өз ойларын дәлелдеу үшін постер жасайды. Жасаған постерлерін «Автор орындығы» стратегиясын қолданып, топтың бір мүшесі қорғайды.
Тыңдалым мәтіні
Диалогті тыңда, жүргізіп оқы.
Әсем: Қараңыз, мынау сүт қой, солай ма?
Наубайшы: Иә, сүт басқа қоспалармен араласып жатыр. Рауан: Қандай қоспалармен?
Наубайшы: Ұн, тұз, ас содасы, қант, жұмыртқа, какао, ванилин, май. Дидар: Не деген көп сүт!
Наубайшы: Иә, бізге торт пісіру үшін сүт көп керек. Әсем: Міне, қараңдар, жаңғақ қосып жатыр.
Наубайшы: Мұнда жаңғақтар уатылады, содан соң ол да миксерге қосылады.
Рауан: Керемет, шоколадты қараңдар! Ммм, шоколад жегім келіп тұр.
Наубайшы: Бұл жерде шоколадты уатамыз, ұсақтаймыз. Содан соң ерітеміз де, торттың бетіне құямыз, безендіреміз.
Дидар: Ммм, құлпынай, апельсин, банан... Наубайшы: Бұлар тортты безендіру үшін керек.
|
5-7
|
|
СД диск
|
Негізгі бөлім
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Оқиық және жауапберейік»айдарыменұсынылғантапсырма.
Мәтінді қайталап тыңда, оқы. Сөйлемдердің «дұрыс» немесе «бұрыс» екенін айт. Дұрыс/бұрыс кестесін толтырады.
|
10 мин
|
Жұптық жұмыс
|
Суреттер Оқулық
|
«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырмада айтылым мен жазылым дағдысы қалыптасады. Бұл тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.
Тапсырма түсініктемесі: Сөйлемдегі жақша ішінде берілген сөздерді толықтырып, келер шақты қолданыстық тұрғыда ажыратады.
Әр оқушы өз жұмыстарын бір-бірімен алмасып, өзара бағалайды.
|
|
|
|
|
«Жазайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада «Ретін тап» ойыны арқылы суреттерді араластырып коллаж ретінде беруге болады. Әр топ флипчартқа суретті ретімен жапсырып, берілген жазу үлгісімен жоспарлап жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |