Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет193/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Алматы мен Нұр-Сұлтан. (3-тоқсан, 5-тарау). 73-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Лексикалық минимум

Алдыңғы сабақты қайталау

Алдыңғы білім

Айналаны салыстыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан Алматыдағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы зәулім ғимараттардың, көрікті жерлердің суретін көрсетеді. (Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ, Метро, «Бәйтерек» монументі, «Думан» ойын-сауық орталығы, Конгресс холл т.б.) Оқушылар қай ғимараттың қай қалада орналасқандығын айтады. Бұл тапсырманы орындау үшін «Адасқан ғимараттар» ойынын ойнайды. Оқушылар ойынның шарты бойынша жылдам екі қалаға тән ғимараттарды орналастыруы керек. Ойынды оқушыларды топқа бөліп жүргізуге болады. Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатысты суреттер

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада суретпен жұмыс арқылы оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар мұғалімнің көмегіне сүйенеді. Тапсырма ауызша орындалады, оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

  1. Алматы қаласы қандай аймақта орналасқан?

  2. Алматыда жаз қандай болады? Жаңбыр жиі жауа ма?

  3. Алматының жазы қыдыруға қолайлы ма? Ашық күндер көп пе әлде бұлтты күндер көп пе?

  4. Алматыда қыс қандай болады? Жылы ма әлде салқын ба? Қар қалың жауа ма, әлде жұқа жауа ма?

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жеке жұмыс

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатысты суреттер



«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Алматы туралы мәтінді оқып танысады, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мәтінді толықтырады. Топта оқушылар бір-біріне Алматы туралы айтып береді. Сондай-ақ білім деңгейі жоғары, қазақ тілінде еркін сөйлейтін оқушыларға «Алматы қаласы туралы не білесің?» – деп, тілдесімді өрбітуге болады.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

5мин

Жеке жұмыс

Оқулық

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар Алматы туралы мәтінді басшылыққа ала отырып, Астана туралы мәтін
құрастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топ Астана туралы өз мәтіндерін оқиды. Тапсырма жазбаша орындалады.
Оқушыларға мәтін құрастыру үшін уақыт беріледі және Астана қаласына қатысты тірек сөздерді беруге болады.
Мысалы: ауа райы суық, қар қалың, жел, Есіл өзені, биік ғимараттар, зәулім үйлер, ойын-сауық орталықтары т.б. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

15 мин

Топтық жұмыс

А3 парағы, түрлі түсті маркерлер






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет