Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет192/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Айналаны салыстыру. (3-тоқсан, 5-тарау). 72-сабақ

Дағды

Тыңдалым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум




Алдыңғы білім

Қыстағы аңшылық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар диалогті оқиды. Жұптаса отырып әр жұп диалогті оқып шығады, диалогтегі қарамен жазылған сөздерден ереже құрастырады. Оқушыларға ереже құрастыру үшін А4 парағы үлестіріледі. Тапсырма топта орындалады. Әр топ алдымен оқулықтағы диалогті дамытып айтып береді және өз құрастырған ережелерін қорғайды. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Тыңдалым мәтіні:
Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы. Қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құрастыр.
Жантөре: Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек ұнайды? Жайна: Әрине, көктем көбірек ұнайды.
Жантөре: Не себепті көктемді бәрінен артығырақ көресің?
Жайна: Өйткені көктем қысқа қарағанда жылырақ, ал жазға қарағанда салқынырақ. Міне, солай!
Жантөре: Меніңше, бәрінен күз мезгілі жақсырақ! Ыстық та емес,
салқын да емес. Бәрінен бұрын күзде бау-бақша піседі. Айнала сары алтындай болады. Тезірек күз келсе екен.

10 мин

Мұғалім-сынып

Аудиодиск



Негізгі бөлім

Есте сақтайық!
Мұғалім оқушыларға салыстырмалы шырайдың ережесін түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Оқушылардың естерінде жақсы сақталу үшін оқушыларға сөздер береді, оқушылар өздері жұрнақтарды жалғап айтады.

5 мин

Топтық жұмыс





Сөз соңын- да

А, ы, і, е

-рақ/-рек

жаңарақ, кішірек

қалған жағдай- дың
бәрінде

-ырақ/ - ірек

салқынырақ, тереңірек









«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөйлемдерден беріледі. Оқушылар сөйлемдерді қосымшалар жалғау арқылы өзгертеді. Мұғалім оқушылардың сөйлемдерін тексереді, бағалайды (кері байланыс орнатады). «Назар аударайық» айдарымен берілген мәліметтің маңыздылығын мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Сөз соңындағы қатаң дыбыстардың қосымша жалғау барысында өзгеріске ұшырауын ұғындырады. Оқулық бетіндегі тапсырма аздық етіп жатса, мұғалім өз жанынан қоса алады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар 4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Өзгертуге берілген сөйлемдер




«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасында оқушыларға суреттер беріледі. Суреттерді салыстыру арқылы салыстырмалы сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушыларға мысалдар ұсынады. Мұғалім ұсынған мысалдарды басшылыққа ала отырып, оқушылар өз сөйлемдерін айтады. Тапсырма жазбаша орындалады. Бұл тапсырманы орындауда мұғалім оқушыларды көбірек шынайы өмірмен байланысты мысалдарға айтқызуға бағыттағаны жөн.
Үлгі: Бүгін күн райы кешегіге қарағанда салқынырақ..

7 мин

Мұғалім-оқушы

Мысал
сөйлемдері А3 парағында
жазылады




Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға «Ойланайық» айдарындағы тапсырма беріледі. Оқушылар ойлана отырып, сұрақтардың орнына сөздер қойып, сөйлемдер құрастырады.
Рефлексия: «Білім вагоны»






8 мин




Рефлексияға арналған «Білім вагоны»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

  2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Дескриптор

  • Тыңдаған мәтіннен нақты мәліметті таба алады.

  • Жаттығуды каллеграфиялық нормаларға сәйкес жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет