Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет279/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Ауыр-жеңіл, алыс-жақын, тар-кең, биік-аласа, ұзын-қысқа.
Бұл тапсырманы сынып оқушыларының қабілетінің жоғары болуына байланысты былайша тереңдетуге болады. Мысалы, мұғалім қолданған сөздерін қолданысқа еркін әрі оңай енгізу мақсатымен сөз тіркестерін құрату немесе сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату тапсырмаларын жоспарлайды. Немесе қолданысқа ұсынылған сөздер қатысқан сөйлемдер беріліп, сөйлем ішіндегі сөздерді ғана алмастырып жазу тапсырмасын ұсынуға болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Жаттығайық» айдарымен берілген ә тапсырма бөлігі грамматикаға негізделеді және жаңа сөздерге сәйкес қосымшаларды жалғай білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл әр жаңа сөздердің мағынасын жете танып білулерін нақтылауға үлкен септігін тигізеді. Лексикалық қормен астастырыла грамматикалық қор да қолданылып, оқушы білімдері беки түседі. Тапсырманың жауабы мынадай:
1. Ғарышқа кемемен ұштым. 2. Ғарышкерлер арнайы қапта ұйықтайды.
3. Ғарышкерлер ауада қалқып жүреді. 4. Ғарыш кемесі 4000 шақырымға тез жетеді. 5. Кеме ұшты. 6. Ғарышкер кемемен ұшты. 7. Ғарышкер ғарышқа ұшты. 8. Ғарышкерлер кемеде болды. 9. Ғарышкерлер айды көрді. 10. Ғарышкерлер ғарыштан оралды.11. Ғарышкердің кемесінде арнайы компьютер болады.

7 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық

«Есте сақтайық». Оқулықта соңғы ұсынылған тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «кер» қосымшасының жаңа сөз жасау қабілеті туралы түсінік береді. (Осы сабақ көлемінде ұшырасқан «ғарышкер» сөзін мысалға ала отырып, мұғалім қосымшаның мамандық ұғымын жеткізу қызметін атқаратынын айтады және мысал ретінде «қаржыгер»,
«саясаткер», «саудагер» сынды азын-аулақ сөздердің ұшырасатынынан хабар береді).

3 мин

Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық

Қорытынды бөлім

«БББ» әдісі арқылы қорытындыланады. Бұл «Білемін. Білдім. Білгім келеді» деген үш сөз бағанына оқушылар бүгінгі сабақта нені бұдан бұрын білгенін және нені бүгін ғана игеріп танысқанын, бұдан әрі тағы осы тақырып төңірегінде нені білгісі келетінін кестеге түсіре өз ойларын білдіре алады. Мұғалім алдын ала кесте сызылған парақшаны үлестіреді, 3 минуттан кейін жинап алады. Келесі сабақта осы парақшадағы білгім келеді бөлігіне мұғалім баса назар аударып, соған
сәйкесті әзірленіп, оқушы сұранысын қанағаттандырып барып, келесі жаңа сабаққа кірісуі керек.

5 мин

Сынып-мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері бойынша
4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі
дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.5.1.2 Көптік, тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы сөздерді ауызш\жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Мағынасы қарама-қарсы сөздің мағынасын сөздіктен тауып біледі.

  • Қосымшаларды дұрыс жалғайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет