Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет281/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Тыңдалым мәтіні
Диалогті тыңда. Жүргізіп оқы. (Екі адам оқиды)


-Ғаламтордан не іздеп отырсың, Бақыт?
-Мен ғарыш туралы көп нәрсе білгім келеді.
-Сонда не туралы мәлімет іздеп отырсың?
-Ғарышкерлердің ас мәзірі туралы білгім келді.

  • Мәлімет таптың ба?

  • Иә, болашақ ғарышкер бәрін табады.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Үлестірме материал- дар, құрасты- руға
қажет суреттер, оқулық


Аудио- диск




Оқушылар келесі кезекте «Ойланайық» айдарында бүгінгі тақырыпқа құрылған диалог анықтамасы мен оның диалог бола алу себептерін оқушы түсіндіре алу арқылы білімдерін бекітеді. Қосымша диалог пен монолог анықтамасы мен айырмашылығын да ажырата білулерін тексеріп, байқауға болады. Сұрақ қою, сұраулы сөйлем құра білуге машықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы тапсырма көлемінде 4.2.5.1 оқу мақсаты косымша жүзеге
асырылады.

3-мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

«Есте сақтайық!» айдарында Бақыттың сұрақтарының бірін оқып, соған бірден жауап табу түрін пайдалануға болады. Мұнда сұраулық шылаулардың орынды қолданысы мен сұраулы сөйлемдердің қолданысы негізгі мақсат болып табылады. Сұраулық шылаулардың тиісінше дұрыс қолданылуына мұғалім баса назар аударып, ережені бекітеді. Тақырып төңірегіндегі бүгінгі жаңа сөздер қайталанып жатталады және сұраулық шылаулар мен сұрақтардың алуан түрлілігін орынды қолдана білуге
машықтандырылады.

5 мин

Жеке

Оқулық

«Жаттығайық» айдарында берілген сұраулық шылауларды қатыстыра отырып, сөйлем құрауға баулу көзделеді. Жаңа сөздер мен сұраулық шылауларға ерекше мән беріп, оқушылардың зейінін тұрақтандыру көзделеді. Адасқан сұраулық шылауларды орнына
орналастыру арқылы қайталап, түрлі деңгейлік тапсырмалар да ұсынуға болады.

5 мин

Мұғалім - сынып




«Жаңа сөз үйренейік» айдары бойынша оқушылардың үйренген жаңа сөздерін санада тұрақтандыру көзделеді. Ас мәзірі жазылған ғарыш тағам түрлерін бөлек- бөлек үлкен жазумен жазып, тақтаға подностың ішінде тұрғандай етіп, төртбұрыш ішіне магнитпен жапсырып не суреттер арқылы көрсетіп, бүгінгі жаңа сөздерді қайталау жүзеге асырылады (ас мәзірі, сықпа). Сонымен қатар сұрақтар мен сұраулық шылауларды да «Орнын тап» тапсырмасымен қайталатады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Тақтада- ғы не кесте
бойынша дұрыс-
бұрысын табады, түсінігін дәлел-
дейді

«Оқиық» айдары 4.3.1.1 оқу мақсатын жүзеге асырады. Мәтінді түсініп оқу арқылы оқушылар күнделікті тағам түрлері мен өздерінің ас мәзірлерінен ғарыштағы ас мәзірінің ерекшелігін таниды, жаңа сөздерді санада бекітеді. Ол тағам түрлерінің неліктен осы бағытта дайындалу себептерін танып біледі, дүниетанымдарын кеңейтеді. Ғалымдардың ой ұшқырлығын айта отырып оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, кәсіби мамандық иесі болуларына да жол сілтеуге болады. Осы орайда оқушылардан оқылым мәтіні бойынша білгісі келетіндері немесе сауалдары бар не жоғы сұралып, мұғалім өзі оқушы жетістіктерін
жазып, белгілеп отырады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық




Келесі «Оқиық және жауап берейік» айдары 4.3.2.1 мақсатын жүзеге асырады. Мұнда оқыған мәтін бойынша сұрақтар дайындау және мәтін бойынша жауап беру көзделеді. Сұрақтар қоюда сұрақтардың орынды қойылуы және сұраулық шылаудың дұрыс пайдалануы қадағаланады. Оқушылардың құрастырған сұрақтарын сыныптың қабырғасына іліп, оның иесі кім екеніне көңіл бөлмей, жазған сөйлемнің дұрыс немесе бұрыс құрастырылғанын жете тексеріп, оқушылардың білімі пысықталады. Бұл орайда оқушылар бірін-бірі тексеріп, өзара кеңес беру қызметі ұйымдастырылады. Бұл тапсырма бойынша оқушылардың өз жетістіктерін бағамдап беруіне мүмкіндік туғызып, өзін-өзі бағалаудың да оңтайлы бір үлгісін қолданған жөн болады. Мәселен, мұғалім баспалдақ ұсынып, оқушылардың өздерін қай сатыда сезінетінін сұрауға болады. Осылайша оқушылардың басым көпшілігіне ортақ мәселе (проблема) анықталып, алдағы уақытта (тіпті алдағы сабақтарда) мұғалім бұл тақырыпты оқушылардың жетік игеруіне жағдай
жасайды.

7 мин

Жұптық Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық

Қорытынды бөлім

Оқушыларға сабақ соңында мұғалім түрлі сөйлемдер жазылған карточкалар беріп, ондағы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді қою тапсырмасын бере алады. «Шығу билеті» парақшасын үлестіріп, оған жауап жаздыру арқылы сабақты қорытады.
Мұнда «Шығу билеті» деген билетке Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді? сұрақтары жазылады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап жазып, мұғалімге сабақ соңында тапсырады.
Оқулық соңында ұсынылған «Анықтайық» және «Есте сақтайық» айдарлары оқушының бұрынғы сыныптардан алған білімдерін пысықтау, санада тұрақтандыру мақсатымен қосымша ұсынылады.

3 мин

Сынып-мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай
және құрмалас сөйлем құрастыру

Дескриптор

  • Шағын мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және
неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет