«Жаңа сөз үйренейік». Мұғалім келесі кезекте оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, оларды үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Мысалы, жаңа сөздерге қатысты суреттердің арасынан біреуін жасырып, «Қайсысы жоқ?» деп сұрауға болады немесе суреттердің орындарын ауыстырып, «Қайсысы орын ауыстырды?» деп ойын түрінде еш мәжбүрлеусіз сөздерді
жаттатқызады.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
Келесі «Ойланайық» айдарында берілген сөйлемдердің ішіндегі бос орындарға қажетті сөздерді қою арқылы сөйлемді толықтыру тапсырмасы беріледі. Мұнда 4.5.1.5 мақсаты қосымша жүзеге асады. Егер оқушылар үшін әлі де болса жаттығу жұмыстарын орындату қажеттігі белгілі болып жатса, мұғалім өз тарапынан құрастырған тапсырмаларын оқушыларға бере алады.
|
5 мин
|
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
|
Оқулық және қосым- ша үлестір-
ме мате- риалдар
|
Келесі «Сен білесің бе?» айдарында Тоқтар Әубәкіров ағамыз туралы тың деректер көзімен оқушыларды таныстыра отырып, дүниетанымдарын кеңейте түсу көзделеді. Егер сабақта жоспарланған тапсырмалар оңай әрі тез орындалып, уақыт болып жатса, оқушыларға ғаламтордан қосымша
тың мағлұмат таптыру да пайдалы болмақ. Өз бетімен білім алып, танымын кеңейтеді.
|
7 мин
|
жұптық Жұптық жұм. Сынып
|
Оқулық
|
«Сөйлесейік» айдарында оқушыларға сұрақтар легін ұсына отырып, мәтін бойынша дұрыс жауап беру жүктеледі. Мұнда «Есте сақтайық!» айдарымен (батыр және батыл) сөздерінің мәндес екені түсіндіріледі. Тапсырманы сәл күрделендіру үшін оқушылардың өздеріне сұрақ қойғызып, қарсы топқа жауап бергізулерін ұйымдастыруға болады. Келесі
кезекте сұрақ қойған топ жауап береді.
|
5 мин
|
Жеке,топтық, жұптық
жұмыс
|
Оқулық
|
Қорытынды бөлім
|
«Бағдаршам» әдісі бойынша сабақ қорытындыланады. Әр оқушыда бағдаршамның үш түсіне сәйкес топшамалар болады. Мұғалім оқушылардан материалды түсінгендігі немесе түсінбегендігі туралы белгіні топшамалармен көрсетуін сұрайды, содан кейін оқушылардың сұрақтарға жауап беруін өтінеді.
Жасыл түсті топшаманы (бәрі түсінікті) көтерген оқушыларға:
Сары немесе қызыл түсті топшаманы көтерген оқушыларға:
Алынған жауаптардың қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайталап оқыту, бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды қайта оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
|
Қосымша ақпарат
|
Бағалау критерийлері
Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу
барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем)
баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
|
Дескриптор
Мәтіннен нақты ақпаратты тауып оқиды.
Тақырыпқа сай сұқбатқа қатыса алады.
|