Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет303/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Жетіқарақшы. 118-сабақ

Дағды

Оқылым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Тілдік міндеттер

Мысалы негізінде -лық/-лік қосымшаларының мағынасын түсіндіру

Жаңа сөздер

Жетіқарақшы, үркер, жоғалу

Алдыңғы білім

Қызылжұлдыз

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Сөйлесейік» айдарында мұғалім балаларға:

  • Балалар, бүгінгі сабақты Қуанышпен бірге өткіземіз. Бүгін аңыз- әңгіме, өлең, ертегілердің бір-бірінен айырмашылығын танып, аңыздарға кезек береміз. Сабағымызға кіріспес бұрын алдымен Қуаныштың бізге қояр сұрағы бар екен. Соған жауап берейікші.

  • Қуаныш: Балалар, сендер қандай жұлдыздарды білесіңдер?

  • Осы жұлдыздардың бірі туралы аңыз, ертегі, әңгіме не өлең естігендерің бар ма?

  • Кім айтады?

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Негізгі бөлім

Мұғалім келесі кезекте оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен, әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, оларды үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай- ақ, мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

3 мин

Жеке

Оқулық

Оқулықта ұсынылған «Анықтайық» айдарымен берілген тапсырма бойынша оқушылар алда оқитын аңыздың мазмұнын суретке қарап болжайды. Мұғалім балаларға қолдау көрсетіп, сұрақтар қою арқылы бағыттап отырады. Мысалы:

  • Аңыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

  • Суретте қашып бара жатқандар бар ма? Қуып келе жатқандар бар ма? т.б. сұрақтар төңірегінде жетелейді.

5 мин




Оқулық

«Оқиық» айдарында мәтінді түсініп оқуға оқушы назарларын аудартады. Мұғалім оқушыларға нақты уақыт беріп, оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын сұрайды. Оқушылар өз түсінгендері туралы баяндап береді. Келесі кезекте мұғалім оқушылардың мәтінді анық түсінуіне ден қояды. Оларға мәтіндегі таныс емес сөздерді теріп жазуды тапсырады. Мәтін бойынша кезіккен сөздерді ұғындыру үшін мұғалім арнайы уақытын бөледі. Шамамен мәтіннен шашырау, нөкер, жолы болу, шындығында, ұры сөздері анықталуы мүмкін. Бұл сөздерді ұғындыру және пысықтауға қатысты көрнекіліктерді, сөйлемдер мен тапсырмаларды алдын ала әзірлеп келген дұрыс болады. Кейін оқушылар мәтінді тағы бір мәрте оқып, түсінгендерін не
түсінбегендерін мұғалімге көрсететін болады.

7 мин




Оқулық. Үлестірме карточка- лар,
сөздіктер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет