Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет306/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Оның қалауын білемін. (4-тоқсан, 7-тарау). 119-сабақ

Дағды

Жазылым

Оқыту мақсаттары

4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.4.3.1 *Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Тілдік міндеттер

Тыныс белгілерді дұрыс қою, көркем жазу

Алдыңғы білім

Жетіқарақшы

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға бүгін де ерекше сабақ болатынын хабарлап, оларды оқулықтың 119-сабағын ашуларын сұрайды.
–Балалар, бүгінгі сабақ біздің күндегі достарымыз нені қалайтынын, олардың қандай жақсы қасиеттері бар екенін әңгімелейік. Сондай-ақ, бұл оқушылармен өздеріміздің де не қалайтынымыз туралы
бөлісейік, – деп мұғалім оқушыларды оқулықта берілген алғашқы тапсырманы орындауға шақырады.

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Анықтайық» айдарымен берілген тапсырма. Тапсырма тақтада кесте арқылы көрсетіледі және кезекпен оқушылар Айсана, Бақыт, Қуаныштар туралы осыған дейін білген-түйген мәліметтерін сәйкестендіре, кестеге стикер жапсыру арқылы көрсетеді. Оқушылар тапсырманы орындауға берілген уақыт біткен кезде өз жауаптарын көршілерімен салыстырады. Тапсырманың дұрыс жауабын білу үшін сынып болып және мұғалімнің қатысуымен тексереді. Бұл тапсырма шеңберінде осы бөлім бойынша балалардың алған білімдері қорытылады. Сол себепті осы тұста қалыптастырушы бағалауды қолданған өте орынды болады. Оқушыларға өздерін бағалау үшін ғарыш кемесі, ұшақ және мәшине суреттерінің бірін таңдап, есімдерін жазып берулері сұралады. Тапсырманы еш қиындықсыз
орындаған болса ғарыш кемесін, орташа болса ұшақты, ал өте нашар болса мәшинені таңдайды.

3 мин

Жеке, топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар алдыңғы кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, үлгідегі пікір білдіру бойынша Айсана мен Бақыт, Қуаныштар туралы өз ойларымен бөлісіп, айтылым дағдыларын шыңдайды. Бұл тапсырманы күрделендіре түсу үшін сыныптағы әр оқушының қалауы не екенін де болжап айтады. Ал сол болжаудың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін
сыныптастарын тыңдаған бала нақтылайды.

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі «Жазайық» айдарында оқушылар ұсынылған парақшалардағы сұрақтарға жауапты дәптерге жазып, сөйлем құрау, ойын жеткізу, сауатты, көркем жазу дағдыларын ұштайды. Алайда оқушылар жазылымға кіріспес бұрын сұрақтарды жұпта талқылап алу жұмысын ұйымдастырған жөн болады. Оқушылар бір-бірімен кеңесіп, жазылымға дайындалады. Мұндай дайындықтан кейін
оқушыларға нақты уақыт белгіленіп беріледі. Мәселен 5 минут арнауға болады.

8 мин

Жеке, жұптық ж.

Дәптер




Келесі кезекте «Ойлан» айдары берілген. Бұл кезеңде оқушылар өз жазба жұмысын көршісімен алмастырады да, оның жұмысын тексереді. Тексеру барысында: «Сұраққа жауап берілген бе?,
«Әріптік қателер жоқ па?» – деген критерийлер бойынша бірін-бірі тексереді. Кейін әркім өз жұмысын қайтарып алады.

3 мин

жеке

Дәптер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет