Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет309/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Ай мен Күн» ертегісі арқылы диалогті және бұған дейін оларға таныс болған аңыз, ертегілер мен жанрлық ерекшеліктерді еске түсіріп қайталау және пысықтау көзделеді.

6 мин

Мұғалім
-сынып







Келесі тапсырма «Мәтінді тыңдап, жаза аламын» айдарында беріліп, оқушылардың есіне сақтау қабілеттері мен сауаттылықтарын шыңдау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда жаңа сөздер қайталанып, жазылуы мен айтылуына көңіл бөле отырып ескерілуі тиіс. Мұғалім қиындық тудыруы мүмкін сөздерді ерекше атап өтіп, қатенің алдын алады. Бұл диктантты мұғалім өзі оқуына болады. Тіпті мәтінді ортасынан бөліп, оқушылардың біріне- бірі жаздыруына мүмкіндік беруге болады. Болмаса, диктант өткізуді ұйымдастыра алады.


Диктант
Мәтінді тыңда. Ілесіп диктант жаз.


Ғарыш, ғаламшар тақырыбы біздер үшін өте қызықты. Қазіргі кезде ғылым мен техника жақсы дамыған. Ғалымдардың көмегімен ғарышкерлерді ғарышқа апаратын ғарыш кемесі жасалды. Олардың әуеде, ғарыш кеңістігінде еркін қозғалуы үшін және зерттеу жүргізуі үшін киім мен тағамдар ойлап табылды. Зорайтқыш құралдардың көмегімен астроном ғалымдар ғаламшарларды жерден бақылай алады.

5 мин

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып

Диктант жазу

Келесі сандықша тапсырмасы «Оқыған мәтін бойынша сұрақ құрастырып жаза аламын» айдарымен ұсынылып, диктант мәтіні бойынша оқушы 3 сұрақтан жазуы тиіс. Және өзге оқушылар сұрақтарға жауап беріп, есіне сақтау жұмыстары бекиді.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып




Келесі «Сандар сыры» айдары бойынша сандықшадан өткен тақырыптарға сай сандар легі ұсынылып, ол сандар қандай ақпараттарды бере алатынын сұрау арқылы да оқушылардың сан есімді қолдану ережесі мен нақты ақпараттарды есіне сақтауды
жүзеге асыра алады.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

Сандар сыры

Қор. бөлім

5 жолды өлең арқылы «ғарыш» сөзін талдап, сабақты қорытады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Сызба-нұсқа

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  2. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  3. Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді

ауызша\жазбаша қолдану

Дескриптор

  • Тарауға қатысты мәндес және қарсы мәндес сөздерді таба алады.

  • Тақырыпқа байланысты сұқбатқа қатыса алады.

  • Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?








  1. Болашаққа саяхат




Сабақтың тақырыбы

Сиқырлы қорап. (4-тоқсан, 8-тарау). 121-сабақ

Дағды

айтылым мен оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып белгі
қойып оқу

Лексикалық минимум

Ақырын, өзге, қорап, кілт жаңа сөздерін үйреніп,
Кімді? Нені? Сұрақтарына жауап бере білуге үйрету.

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастамас бұрын Алдаркөсеге алданбауын ескертеді. Сынып оқушылары өз ойларын айта алуы үшін мұғалім алдымен өзі үлгі көрсетеді. Ол үшін сабаққа Алдаркөсе кейіпкерін әкеліп сөйлетеді. Мысалы, Алдаркөсе:


«Мына суреттегі менің арғы атам, біліп қойыңдар, балалар», – деп жауап береді. Бұл үлгіні оқушылар өздері жауап беру үшін қолданады. Алдымен тілдік қабілеті жоғары оқушылардан сұрап, оларды өзгелерге үлгі етеді. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру бөлімін аяқтап, негізгі
сабақтың тақырыбына ауысады.

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Болжау» стратегиясы арқылы «Ойланайық» тапсырмасында Алдар ата оқушыларға белгілі бір кейіпкерлердің суреттерін көрсетеді. Онда кейіпкерлер суреті мен тек есімдері ғана жазылады. Ал оқушылар суреттегі кейіпкерлерді сипаттап, олар туралы өз ойларын ортаға салады. Талғат, Тілеухан, Санжар, Азамат сынды кейіпкерлердің суретіне қарап, жас шамасын, немен шұғылданатынын т.б. қасиеттерін оқушы аша түсуі керек. Осы А тапсырмасын оқушылар айтып, өз болжамдарын жасаған соң, ойларының дұрыс-бұрысына көзжеткізу
тапсырмасы – Ә тапсырмасы ұсынылады.

3 мин

Топтық жұмыс

Сурет- тер

Негізгі

Мұнда сөйлемдерді оқушылар оқи отырып, кім туралы айтылғандығын анықтап сәйкестендіреді. Осылайша оқушылар Алдар атасының жасырған суреттеріне толық жауап беріп, қажетті ақпараттармен қанық
болады.

5 мин

Жеке

Оқулық





Келесі Алдар атаның тапсырмасы «Жаңа сөз үйренейік» деп аталады. Бұнда да Алдар ата тағы түрлі суреттерін жасырып, астына сөздер көрсетеді (қорап, өзге, кілт, ақырын) сөздерін суреттерді сөйлету арқылы тауып айтады, жаттайды, қайталайды. Немесе «Прожектор моделі» әдісіне жүгінуге болады. Мұнда оқушы оқуды үйренген кезде, ол өзі білмейтін сөзді кездестіреді, бұл баланы сөзді «шешуге», не мәнмәтіннен, болмаса сөйлемнің құрылысынан ол сөзді түсінуге немесе осының алдындағы білімінің негізінде сөз формасын немесе дыбысталуын тануға ынталандырады.
Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, оларды үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай-ақ мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады. Мысалы, жаңа сөздерге қатысты суреттердің арасынан біреуін жасырып, «Қайсысы жоқ?» деп сұрауға болады немесе суреттердің орындарын ауыстырып «Қайсысы орын ауыстырды?» деп ойын түрінде еш мәжбүрлеусіз сөздерді
жаттатқызады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Келесі Алдар атамен бірге оқушылар «Жаттығайық» тапсырмасын орындайды. Тапсырмада жаңа сөздерді тастап кеткен сөздерді орнына енгізу арқылы толық сөйлем құрап, қайталап пысықтайды.
Мыс: Қорап құлайды, Санжарға Азамат «ақырын» деп айқайлайды.
Мынадан өзге кілт керек.

3 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Алдардың келесі тапсырмасы «Болжайық» айдарымен беріліп, көрсетілген суреттерге қарап, оқушылар ұсынылған сөздерді
басшылыққа ала отырып, алдағы оқитын мәтінді болжайды. Менің ойымша, әңгіме ... туралы, Оқиға ... туралы болды,
Әңгімеде ... кейіпкерлер бар, Олар ... сияқты сөздермен бастап жауап беріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет