Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет313/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш»
белгілері арқылы бағалайды.

7 мин

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық

Сиқыршы келесі тапсырмасын «Сөйлесейік!» айдарымен береді. Бұл жерде оқушылар болашақ мектебі туралы ойларын болжап айтып түсіндіреді. Мұнда 4.1.3.1 мақсаты жүзеге асырылады.

5 мин

Жеке,топ
-тық,
жұптық жұмыс

Оқулық

Қор.

«3 Қ» стратегиясы арқылы сабақ қорытындыланады. Маған қиын болды.
Маған қызық болды.
Маған қажет болды.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

  2. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2- 2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер

құрастыру/болжау

Дескриптор

  • Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.

    • Тыңдаған мәтіні бойынша сызба, кластер, кесте толтыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?



Сабақтың тақырыбы

Менің қиялымдағы мектеп. (4-тоқсан, 8-тарау). 123-сабақ

Дағды

Айтылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру (инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу


4.4.2.1 Оқыған \аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Лексикалық минимум

Ақпарат, жаңа

Алдыңғы білім

Болашақтың мектебі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе




  • Балалар, бүгін бізге сабаққа Азамат пен Тілеухан өз ойларымен бөлісуге келіпті. Олар: «Өз қиялымызды ауызша және жазбаша жеткізе аламыз», – деп келіп отыр.

  • Ал, біздер ше? Өз қиялымызды айта және жазып бере аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар, балалар, сендер өздеріңе сенімдісіңдер ме? Олармен бәстесіп көреміз бе?

  • Иә.

  • Жарайды, ендеше тапсырмаларға кезек берелік, – деп мұғалім сабақты бастайды. Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді.

2 мин

Мұғалім-сынып




Алғашқы тапсырма «Жаттығайық» деп аталады. Мұнда сөйлемдерді салыстыр. Мәндес сөздерді қолданып өз мысалыңды айт тапсырмасы орындалады. 4.2.1.1 мақсаттары жүзеге асырылады. Оқушылар тапсырманы салыстыра отырып, қажет және керек деген сөздердің мәндес екеніне көз жеткізеді, мағынасын таниды. Қосымша осы мәндес сөздерге өз жандарынан басқа сөйлемдер құрау арқылы «Менің пікірім...» ойыны арқылы оқушылар өз ойларындағы сөйлемдерінен тұжырым жасай білуге дағдыланады. Сынып қабілеті төмен болған жағдайда оқушылар тілдік құрылыммен жай танысып, алдағы мәтінді оқу барысында осындай құрылыммен жазылған сөйлемдерді оңай түсіне алу деңгейіне жете алуын қамтамасыз етумен ғана шектелуге болады. Ал сынып деңгейі жоғары болған жағдайда, оқушыларға модаль сөзге қатысты жазу тапсырмасын беруді мұғалім ұйымдастыра алады.
Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш»
белгілері арқылы бағалайды.

3 мин

Топтық жұмыс

«Менің
пікірім...» ойыны, айтылым

Негізгі бөлім

Келесі «Сөйлесейік» тапсырмасында оқушылар ұсынылған жоспарға сай
«Жаңа заманның мектебі қандай болуы керек? сұрағына жауап беріп, ол туралы өз ойларын жоба қорғау не постер арқылы дәлелдей алады. Онда
4.4.2.1 мақсаты жүзеге асырылады. Оқушылар тілдік құрылымдарды дұрыс қолдануға машықтанады. Осы жерде Тілеухан мен Азаматтың сөйлесіп тұрған суреті және жоспар, тілдік құрылымдар тақтада ілініп тұруы талап етіледі.

5 мин

Жеке

Жоба қорғау не постер

Тілдік құрылым жазылған жолақша- лар



Келесі «Оқиық» тапсырмасында Азаматтың дәптеріндегі жазбасын мәтін ретінде пайдаланып оқып, оның арман- мақсатынан түсінгендерін оқушылар айтып береді. Сынып оқушыларының қабілеті аса жоғары
болған жағдайда тапсырманы мұғалім өз қалауы бойынша күрделендіре алады. Мысалы, мәтінді пайдаланып оқушылар өз қиялындағы мектеп
туралы айтуларына болады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Келесі «Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында мәтін мазмұны кестеге сай тексеріледі. Мұнда «позиция таңдау» стратегиясы «Иә» және
«жоқ» арқылы анықтауды көздейді. Оқушылар таңдау жасаған жауаптарын стикерлер жапсырумен орындайды. Стикер іштерінде алдын ала «иә» және «жоқ» жазулары жазылып қойылады.
Оқылым тапсырмасын орындау барысында мұғалім қосымша түсіндірме жұмысын да қатар алуына болады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық Стикер

Келесі шығармашылыққа негізделген тапсырма «Ойланайық» деп беріледі. Мұнда оқушы өз қиялыңдағы мектеп туралы ойланып, сурет салып көреді. Үлгіге Азаматтың қиялынан туған дайын бір суретті мұғалім ұсынып, оқушыларының шабытын шақырады. Сурет «Менің
қиялымдағы мектеп» деп аталады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сурет

Келесі «Есте сақтайық!» тапсырмасы бүгінгі жаңа сөз бен оның мәндес сөзі «мәлімет» және «ақпарат» сөздеріне баса назар аудартады. Қайталата айтқызып, мағынасын игертеді. Олар өзара мәндес сөздер
екеніне мысалдар арқылы оқушылардың көздерін жеткізеді.

7 мин

жұптық Жұпт.ж.




Келесі «Жазайық» тапсырмасында оқушылар өз қиялындағы мектеп туралы жазады. Жоспарды басшылыққа алады. Тілдік құрылымдарды қолданады. Оқушылар жазылым соңында өз- өздерін және көршілерін тексереді және бағалайды. Оқушылар өздерін және көршілерін бағдаршам бойынша бағалай алады. Мәтінді өзара редакциялау немесе түзету.
«Түзету» – бұл серігіңіздің мәтінін төмендегі мәселелер тұрғысынан тексеру:  орфографиялық қателер  грамматикалық қателер  тыныс белгілерінің болмауы  сөйлемдердің аяқсыз қалуы. Жаттығу: Абзацты қайтадан оқыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық қателерді көрсету үшін тиісінше шеңбермен белгілеңіз, астын сызыңыз
немесе түзету белгілерін пайдаланыңыз.

5 мин

Жеке, топтық, жұптық жұмыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет